Клиникалық көрінісі.
Жатырдан тыс жүктілік.
Жатырдан тыс жүктілікті мынандай түрлерге орналасуы бойынша бөледі: түтікті, аналық бездегі, мойындағы, мүйізшедегі, құрсақтық. Клиникалық ағымы бойынша: өршімелі, бұзылған, түтікшелі түсік тәрізді, жатыр түтікшесінің жыртылуы. Жатыр түтікшесінің жыртылуы кенет басталып, қан кетуге, көбіне массивті қан кетуге әкеледі. Науқастар жыныс жолдарынан бөлінетін қанды бөліністерге шағымданады.(түтікшелі түсікте), сонымен қатар бір жақты ұстама тәрізді немесе тұрақты іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну мазалайды, бұл тік ішекке таралады, бас айналу, әлсіздік, жүрек айну, диарея, метеоризм болады. Анамнезінде 4-8 аптаға етеккірі кешіккен, бұл жүктілікке күдікті белгі. Жүктілікке тән оң иммунологиялық реакция, жалпы жағдайының нашарлауы, тері жамылғысы қуқыл тартады және науқаста естен танулық жағдай. Қан ағу ұзақ уақыт жалғасқанда геморрагиялық шок және қан кетуден кейінгі анемия дамиды.
Аналық бездің апоплексиясы сипатына құрсақ ішілік қан кету (анемиялық түр) және ауырсыну синдромы (ауырсыну түрі) тән. Ауру жедел басталады, іштің төменгі бөлігінде кенет ауырсыну пайда болады, зақымдалған жағында айқын сезіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |