Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министірлігі



бет38/104
Дата07.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#86182
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   104
Байланысты:
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
1603968609, instr ent
Өт қабы шаншуы.
Өт қабы шаншуы кезіндегі негізгі клиникалық көріністің ерекшелігі – оң жақ қабырға астындағы кенеттен басталатын және бірнеше рет қайталанатын ауырсыну. Ауырсыну интенсивті, эпигастрий және өт қабы аймағында анықталады. Ауырсыну оң жақ жауырын асты аймағына, оң жақ иыққа, бұғанаға, мойын аймағына, төменгі жаққа, төстікке иррадиация береді. Кейбір жағдайларда иррадиация жүрек аймағына берілуі мүмкін. Кейде өт қабы шаншуынан кейін шынайы стенокардия дамуы мүмкін. Өт қабы шаншуы кезіндегі интенсивті ауырсыну ұстамасында науқастар қатты мазасызданады. Ауырсыну 2-6 сағатқа дейін (кейде аз) созылып, жүрек айнумен, құсумен (жиі өтпен аралас), ауыздың құрғауымен, іштің кебуімен қатар жүреді. Тоқтаусыз құсықтың пайда болуы ұйқы безінің зақымдалуын көрсетеді.
Өт қабы шаншуының ең жиі себептеріне диетаны бұзу (майлы, қуырылған, ащы тағамды қолданғанда), ішімдікті қолдану, психикалық және физикалық ауртпалықтар жатады. Әйелдерде өт қабы шаншуы етеккірден кейін және жүктілік кезінде байқалады.
Диагностика
Науқасты объективті зерттегенде келесі белгілер анықталады: семіздік; ксантоматоз; склера және терінің субиктериялығы (сирек); Захарьин-Геда аймағында тері гиперестезияның зоналары: өт қабы аймағының проекциясында, оң жақ иық, оң жақ жауырын бұрышында, 8-6 кеуде омыртқалардың оң жағынан паравертебралді нүктесінде, іштің аздап кебуі; оң жақ қабырға асты аймағын (максималді өт қабы аймағының проекциясында) және іштің оң жақ тік бұлшықеттерін пальпациялағанда айқын ауырсыну.
11-12. Жедел асқазан-ішектік, ауа-тамшылық, зоонозды, трансмиссивті және өте қауіпті жұқпалы аурулар. Диагностикасы. Шұғыл көмек. Науқастарды жүргізу тактикасы. Инфекция ошағында жүргізілетін шаралар
Жедел көмек дәрігерлері инфекциялық аурулары бар жағдайдағы науқастарды үш топқа бөледі:
Ауруханаға дейінгі кезеңде реанимацииялық шаралар көмегімен ем нәтижесі оң болатын науқастар (менингококкты инфекция кезіндегі инфекциялық токсикалық шок, тырысқақ пен тағамдық токсико-инфекцияларда гиповолемиялық шок);

  1. Инфекциялық стационардың реанимациялық бөлімшесіне шұғыл түрде жат-қызылатын ауыр жағдайдағы науқастар; госпитализация кешіктірілген немесе өте ауыр өмірге қажетті қызметтердің айқын бұзылыстарында шұғыл көмекті орнында көрсету қажет (ботулизмде, грипптің асқынған түрлерінде т.б.);

  2. Қауіпті жағдайлардың даму мүмкіндігі бар науқастар; бұл топтағы науқастар жедел госпитализацияны қажет етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет