Инфекциялық токсикалық шок
Инфекциялық аурулар кезіндегі шұғыл жағдайлардың ішінде ең жиі кездесетіні инфекциялық токсикалық шок, ол кешіктірілген диагностикамен терапия салдарынан өлім себебі болуы мүмкін. Шок инфекциялық аурулар кезінде дамиды (менингококкемия немесе менингококкты сепсис; бөртпе және іш сүзегінде, грипп, сальмонеллез, дизентерия, сібір жарасы және т.б.).
Шоктың үш дәрежесін бөледі: компенсация, субкомпенсация, декомпенсация.
Компенсация (шоктың І дәрежесі): жоғары қызба, қозғыштық, мазасыздану, психикалық бұзылыстар, ентігу мен тахикардия. Келесі үштік симптомдарды бөлуге болады («шоктың продромы»): естің бұзылуы, гипервентиляция, ағзада инфекция ошағының болуы.
Субкомпенсация (шоктың ІІ дәрежесі): тежелу, депрессия, терісінің бозаруы, цианоз, тахикардия, олигоурия, ацидоз, дене қызуының төмендеуі.
Декомпенсация (шоктың ІІІ дәрежесі): цианоз, гипотермия, анурия, есінің бұзылуы. Тамыр соғысы жіп тәрізді, анықталуы қиын, жүрек тондары көмескі, АҚ төмен. Айқын декомпенсирленген метаболикалық ацидоз, терең интоксикация, мүшелердегі қайтымсыз екіншілік бұзылыстар дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |