Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министірлігі


Жедел бауыр жетіспейшілігі



бет47/104
Дата07.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#86182
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   104
Байланысты:
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
1603968609, instr ent
Жедел бауыр жетіспейшілігі
Жедел бауыр жетіспейшілігі вирусты гепатиттерде (жедел, созылмалы) бауыр циррозында байқалады. Жедел бауыр жетіспеушілігі – бұл негізгі белгілері эн-цефалопатия, геморрагиялық синдром, кейде – бауыр иісі, өршімелі сарғаю, ба-уыр көлемінің кішірейуі болып табылатын симптомокомплекс. Жедел бауыр жетіспеушілігінің морфологиялық субстраты болып гепатоциттердің диффузды дистрофиялық өзгерістері немесе бауырдың массивті некрозы табылады.
Жедел вирусты гепатиттерде негізгі өлімнің себебі бауырдың массивті некрозы болып табылады. Бұндай ауру түрлерін фульминантты (өте жедел, қатерлі) деп атайды.
ОЖЖ-дегі тежелу процессін төмендету үшін нейротрансмиттерлер алмасуын қалпына келтіретін наком (леводопа); ми ісінуі төмендету үшін ГКС қолданылады.
Жедел бауыр жетіспеушілігі дамуының жоғары қаупі бар вирусты гепатиттердің ауыр түрі жедел гопитализациямен терапияны жүргізуге көрсеткіш болып табылады.
Осындай жағдайлардың негізгі критерийлері – жалпы интоксикация синдромының айқын болуы (бас ауру, бас айналу, қаталамалы құсу, әлсіздік) және геморрагиялық көріністер. Сарғаюдың айқындылық дәрежесі маңызды болып табылмайды, себебі аз ғана иктериалығында гепатиттің ауыр және өте ауыр ағымы болуы мүкін.
Жедел бауыр жетіспейшілік синдромы бар вирусты гепатиттің ауыр түрі төрт кезеңге бөлінеді:

  • 1 прекома – естің қысқа уақытқа жоғалуы, ақын астения, эмоционалді лабилділік, ұйқының бұзылуы, вегетативті бұзылыстар; тремор бар немесе аз айқындалған; бауыр көлемі аздап ұлғайған, сарғаю және жиі АІ қан кетумен көрініс беретін геморрагилық синдроммен байқалады;

  • прекома есі шатасқан сопорозды жағдай, науқас дезориентацияланған, психомоторлы тітіркену болуы мүмкін, дірілдеу айқын;

  • 1 кома (бастапқы кома) – есі жоқ; күшті тітіркендіргіштерге реакциясы сақталған; бауыр көлемі кішірейген; тырысулар, патологиялық рефлекстер байқалуы мүмкін;

  • 2 кома (терең кома) – есі жоқ, арефлексия; науқастың өлім себептері болып.

Бұл жедел бауыр жетіспеушілігінің ерте диагностикасын ( 1-ші прекома сатысын) және жедел госпитализацияны қажет етеді.
Жедел жәрдем дәрігерінің тактикасы.

  1. Диагнозды қою, жағдайының ауырлығын бағалау және өмірге қажетті қызметтерің сақтап қалу. Прекома және комасы бар науқастар инфекционды стационардың реанимация бөлімшесіне жатқызылады. Бауыр прекомасымен комасының манифесті белгілері жоқ вирусты гепаттитің ауыр ағымы бар науқастыр қауіп тобы ретінде қарастырылады. Оларды интенсивті терапия бөлімшесіне жатқызылады.

  2. ГКС-тарды (гиповолемия жоқ болғанда және жедел госпитализацияланбаса) инфузионды терапиямен бірге енгізу міндетті емес.

  3. Жедел бауыр жетіспеушілігі ағымын асқындыратын психомоторлы қозу және бас миы ісіну белгілері болғанда, емдеудің қай кезеңінде болмасын жедел шаралар жүргізілуі керек: к\т 2мл 0,1 % лазикс ( балаға – 0,1 мл\кг дене салмағына), 0,25 мл\кг дроперидол (0,25% ер-ді) және 100мг\кг натрий оксибутираты (20% к\т ) енгізіледі. Бауыр комасы науқасты дәрігердің алып жүруімен стационарға тасымалдануының қарсы көрсеткіші болып табылмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет