Энцефалиттер мен менингоэнцефалиттер
Энцефалит – инфекционды ауру, этиологиясы көбінесе вирусты, бас ми және немесе жұлын ми (миелит) затының зақымдалуымен, интоксикациямен сипатталады және бас қаңқа ішілік қысымның жоғарлауымен, энцефалит синдромымен, ликвордағы қабыну өзгерістермен жүреді.
Энцефалиттер (менингоэнцефалиттер) кез келген инфекционды агентпен шақырылуы мүмкін, бірақ жиі вирусты инфекциямен шақырылады.
Біріншілік энцефалиттің негізінде мидың зақымдалуы жатады,.Бұл инфекционды агенттің гематоэнцефалдық тосқауыл арқылы кіруінен туатын және де бірінші кезекте қоздырғыштың нейротроптығына байланысты.
Екіншілік жедел энцефалит кезінде инфекционды агент жиі миға гематогенді жолмен немесе аксон бойынша өтуі де мүмкін (герпес вирусы). Қатынастық жол (көбінесе бактериалды инфекция) лор- мүшелер аурулары кезінде, БМЖ ашық немесе өтпелі түрінде анықтайды. Аутоиммунды реакция нәтижесінде поства-кциналды энцефалит және параинфекционды вирусты энцефалит туындайды.
Жіктелуі
Этиологиясына байланысты энцефалиттердің келесі түрлерін бөледі:
Біріншілік вирусты энцефалиттер.
Анықталған вируспен шақырылған энцефалиттер.
Герпес, грипп, энтеровирус, Коксаки және ЕСНО т.б. вирустардан туындайтын біріншілік вирусты көп мезгілділік
Инфекционды-аллергиялық және аллергиялық генезді энцефалиттер мен энцефаломиелиттер.
Қызамықта, желшешекте, қызылшада, эпидемиялық паротитте, тұмауда және т.б. кезіндегі параинфекционды энцефалит және энцефаломиелит.
Поствакциналды (АКДС егуінен, желшешектік, антирабикалық, вакцинадан, кенелі энцефалитке қарсы вакцинадан кейін және т.б.).
Бактериалды этиологиялы: стерптококкты, стафилококкты, пневмококкты және т.б.
Плазмодиялармен, саңырауқұлақтар мен және т.б. қоздырғыштармен шақырылатын энцефалиттер: бөртпе сүзегі, сифилис, токсоплазмоз, Лайма ауруы (боррелиоз) кезінде.
Клиникалық көрінісі келесі синдромдар мен жүреді:
Жалпы инфекционды: дене қызуының жоғарлауы, қызба, жалпы интоксикация, қандағы жалпы өзгерістер және т.б.
Жалпы милық синдромдар: сана деңгейінің сандық бұзылысы, (сананың сөнуі , сопор, кома), бас ауру, лоқсу, құсу, бас айналу, жалпы тырыспа талмасы.
Психикалық бұзылыстар: дезориентаиця, психомоторлы қозу, шатасуы, мінез құлықтың бұзылуы, елестеу, делирий, қорқу, үрей, агрессивтілік.
Менингиалді синдром (ми қабығы қатысса): Керниг, Брудзинский симптомдары оң, шүйде бұлшықетінің тырысуы.
Ошақты неврологиялық симптомдар зақымдалу ошағының орналасуына байланысты (фокальді тырыспа талмасы, орталық немесе перифериялық парездер, сезімталдық және сөйлеу бұзылыстары, атаксия, бас ми жүйкелерінің зақымдалу белгілері, диплопия, жұтыну бұзылыстары т.б сияқты).
Энцефалиттердің дамуында келесі түрлерді бөледі: продромалды, өршу кезеңі, қалпына келу немесе қалдық бұзылыстары.
Продромалды кезең жиі шамалы көрінетін жалпы инфекционды симптомдар мен өтеді. Аурудың өршу кезеңінде айқын көрінетін жалпы инфекционды симптомдар аясында, жалпы милық және менингит симптомдары дамиды, сонымен қатар ОЖЖ-нің ошақты зақымдалулары, тырыспа талмасы және басқа симптомдар болады. Келесі кезеңдерде жалпы инфекционды және менингит симптомдары біртіндеп төмендеп, бұзылған қызметтер қалпына келеді немесе тұрақты неврологиялық дефекттің қалыптасуы жүреді.
Диагностика.
Жалпы жағдайына баға беру: сананың деңгейі, ТАЖ, ЖЖЖ, АҚ.
Дене қызуын өлшеу.
Тері жамылғысы мен конъюнктивасын қарау (гиперемия, бөртпе элементтері, ісіну, эритемалар, қабыну, кене шаққан жеріндегі біріншілік аффектінің көрінісі).
Менингеалді симптомдарды зерттеу.
Дауыстың үнділігін бағалау (мұрыннан сөйлеу, дауыстың қарлығуы), бульбарлы синдромды жоққа шығару үшін жұтынудың сақталуы.
Ошақты неврологиялық бұзылыстардың бар болуын анықтау: орталық немесе перифериялық парездер, сөйлеу мен сезімталдық бұзылыстары, атаксия, гиперкинездер.
Психопатологиялық бұзылыстарды бағалау: (дезориентация, мінез құлықтың бұзылуы, елестеу және т.б.
Емі. Әр түрлі этиологиялы энцефалитке (менингоэнцефалитке) күмәнданған науқастарды міндетті түрде шұғыл госпитализацияға жатады.
Дәрі - дәрмектердің мөлшері мен қолдану тәсілдері
Сана деңгейі бұзылысы бар науқастарда (сопор, кома) тыныс алу, жүрек қызметін, АҚ деңгейін бақылау.Тыныс алу бұзылысы кезінде – интубация. Реанимация шаралары мен ӨЖВ өткізуге дайын болу қажет.
Ми ісінуі өршіген жағдайда (жалпы милық симптомның айқындала түсуі): бас жағын 300С көтеріп, маннитол 0,5-1,5г/кг 15% ерітінді түрінде тамыр ішіне тамшылап
Жедел медициналық көмек кезеңінде, көбінесе анальгетиктермен, ыстық түсіретін дәрілер т.б. симптоматикалық ем жүргізеді.
Қайталамалы тырыспа ұстамасы кезінде 10-20 мл диазепам тамыр ішіне енгізеді, тоқталмайтын ұстама болса – қайтадан диазепамды та-мыр ішіне ақырындап, тыныс алу қызметін бақылау арқылы енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |