Жеделгипертониялық энцефалопатия Жедел гипертониялық энцефалопатия синдром ретінде анықталады, кез келген генезді артериалды гипертензиясымен бар науқастарда тез уақыт ішінде АҚ көтерілуі нәтижесінде және қатты бас аурумен, лоқ-су, құсу, жүйелі емес бас айналумен кейін бір неше сағатқа созылатын сананың бұзылысымен сипатталады және жиі өліммен аяқталады.
Этиология. Кез келген генезді тұрақты артериалды гипертензия.
Патогенезі. Жоғары артериалды қысым кезінде ми қан айналымның жоғарлауына жауап ретінде, фильтрационды ісіну мен мидың ісінуі және ми бағанасы мен мидың жарты шарларында жұмсақ ми қабатында интравазалді плазморрагиямен және геморрагиямен байланыстырады.
Клиникасы жалпы милық және ваготониялық реакциялардан құралады.
Жалпы милық симптомдары: бас ауруы диффузды, қысып немесе қатты сипатта болады, лоқсу, құсу, бас айналу көз алдының бұлыңғырлануы, көру қызметінің төмендеуі мен жүреді.
Вегетотоникалық реакциялар жүрек аймағында ишемиялық сипаттағы ауырсынумен, жүрек қағумен, беттің гиперемиясы немесе бозаруымен көрініс береді. АҚ өте жоғары сандарында (систолалық 200-250мм с б) сананың бұзылуымен тіпті оның жоғалуына да әкелкді, жалпы қояншық ұстамасы пайда болуы мүмкін.
Жедел гипертониялық энцефалопатияға ошақты симптоматика тән емес.
Оның пайда болуы екіншілік сипатта болады- дислокационды синдромның дамуы нәтижесінде бағаналық бұзылыс себепші болады. Осындай жағдайда диагностика қиындықты туғызбайды.
Анық әдістеріне: зерттеу кезінде өте жоғары АҚ болуы, жалпы милық симптоматика аясында ошақты симптоматиканың болмауы, КТ.
Ажыратпалы диагностика субарахноидалді қан құйылу мен, менингитпен, менингоэнцефалитпен, гипертониялық криздің І-ІІ типі мен жүргізеді.
Жедел көмек көрсету. Виталді қызметтерді қалпына келтіру. АҚ қалпына келтіру үшін дроперидол (2-4 мл 0,25% ерітіндісін). Әсері болмаса ганглио-блокаторлар- пентамин (1мл 5% ерітіндісін) немесе бензогексоний (1 мл 2,5% ерітіндісін), бірақ бұл дәрілерді байқап және үнемі АҚ – ның бақылауымен. Ми ісіну мен бас ішілік гипертензияны емдеу. Гипертермиялық синдром (бар болса), тырыспа талмасы (бар болса) емдеу. Симптоматикалық терапия.
1. АҚ-ның төмендеуін «жұмыстық қысымнан» төмен түсіру керек емес.Егер жұмысиық қысым анықталмаған болса, 150-100 мм.сын.бағ деңгейінде есептеседі.
2 АҚ-ды «жұмыстық қысымға» дейін жайлап түсіру керек, 40-60 мин тез емес.
3. Атап көрсетілген шаралар нақты жағдайға негізділген.