Жүйке жүйесінің инфекциондыаурулары Жұлын мен бас ми қабаттарының зақымдалуымен жүретін инфекционды ауру.
Этиология бойынша бөлінеді: бактериалды менингиттер (көбінесе жиі қоздырғыштар- Streptococcus pneumoniae, гарм теріс таяқшалар Neisseria meningitidis); вирусты менингиттер (қоздырғыштары- Коксаки, ЕСНО, паротит вирустары, поливирустары); саңырауқұлақ менингиттері.
Патогенетикалық механизмдер: ми қабатының ісінуі мен қабынуы, милық және қабықтық тамырларды қан айналым бұзылыстары; ликвордың гиперсекрециясымен резорбцияның тоқталуы; ликворлы кеңістігінің кеңеюі; бас ми қысымның жоғарлауы; ми қабатының қозуы; бас сүйектік, жұлындық жүйке түбірлерінің зақымдануы; жалпы интоксикация.
Жіктелуі
Қабыну үрдістің сипаты бойынша:
серозды менингиттер, вирустар мен микобактериялармен шақырылады;
Ағымы бойынша:
жедел менингиттер, этиологиясы бактериалды. Менингиттің ерекше, найзағай түрін бөледі. Бұл кезде кемінде 24 сағат ішінде клиникалық көрініс дамып және жиі өліммен аяқталады;
жеделдеу менингиттер;
созылмалы менингиттер – төрт аптадан артық симптомдар сақталса (негізгі себептер: туберкулез, сифилис, Лайма ауруы, кандидоз, аспергиллез, токсоплазмоз, дәнекер тіннің жүйелі аурулары).