Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министірлігі



бет50/104
Дата07.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#86182
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   104
Байланысты:
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ

Геморрагиялық инсульт
Геморрагиялық инсульт (синонимі: милық соққы, апоплексия) миға қан құйылуын айтады.
Этиология. Миға қан құйылу көбінесе әр түрлі генезді тұрақты артериалды гипертензия аясында қарт кісілерде дамиды: гипертониялық ауру, бүйрек ауруы, бүйрек үсті без, гипофиз ауруы, жүйелі тамырлық аурулары (түйінді периартериит, жүйелі қызыл нотқа және т. б.).
Клиникасы. Қан құйылу кенеттен, күндіз пайда болады. Кейде алдын ала бас ауру, бас айналу, бастың салмағының жоғарлауын сезінеді, бірақ көбінесе нау-қас кенеттен есін жоғалтып құлайды. Қарау кезінде беттің қызыл-көк түске боялуы назар аударады. Тыныс алуы шулы, стридорозды, Чейн-Стокс типті. Пульсі баяулаған, кернеген , жиі артериалды қысым жоғарлайды. Көз қарасы қатыспаған, «жүзгіш». Қан құйылудың карама- қарсы жағында гемиплегия бай-қалады (зақымдалған жақтағы аяқ- қолды көтергенде ұзын қамшы сияқты құ-лайды), алғашқы сағаттарда сіңірлік рефлекстер және бұлшықет тонусының төмендеуі, кейін олардың жоғарлауы байқалады. Жиі жамбас астауының мүше-лерінің қызметтерінің бұзылысы байқалады (көбінесе – зәрді ұстамау түрінде).
Геморрагиялық инсультқа ошақты симптоматика тән. Ошақты сиптоматиканың түрі мен көрінуі қан құйылу локализациясына, геморрагиялық ошақтың көлеміне, пайда болу жылдамдығына байланысты.Әдетте, ошақты симптоматика айқын көрінетін жалпы милық симтоматикамен қосарланып жүреді. Типті жағдайда диагностика қиындықты туғызбайды.
Нақты дәлелдейтін әдістеріне жатады: ликворды зерттеу (қан анықталса диагноз дәлелденеді), компьютерлік томография (КТ), церебралді ангиография.
Болжам әдістеріне: эхоэнцефалоскопия кезінде орталық жинағының ауытқуымен көз түбінің өзгерістері жатады.
Ажыратпалы диагноз: жедел ишемиялық инсультпен, менингитпен, менингоэнцефалитпен және т.б жүргізеді.
Жедел көмек көрсету. Виталді қызметтерді қалпына келтіру. Науқастың басын жоғары көтеріп төсекке жатқызу. Геморрагиялық инсульт кезінде гемостатикалық және ангиопротекторлық қызметі бар дәрілер көрсетілген. Бұл препаратқа дицинон (синонимі: этамзилат, циклонамид) жатады.
Артериалды қысымды қалпына келтіру үшін тамыр ішіне дроперидол (2-4 мл 0,25% ерітіндісін ).Әсері болмаса ганглиоблокаторлар- пентамин (1 мл 2,5% ерітіндісін) немесе бензогексоний (1мл 2,5% ерітіндісін), бірақ осы атап өткен дәрілерді байқап артериалды қысымның үнемі бақылауымен жүргізеді. Ми існуімен бас ми гипертензиясын емдеу. Гипертермиялық синдромды емдеу (бар болса), тырыспа синдромын емдеу (бар болса).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет