Бүйрек шаншуы Бүйрек шаншуы – жоғарғы зәр шығару жолдарының жедел обструкциясынан кейін пайда болатын ауырсыну ұстамасы .
Этиология
Бүйрек шаншуының себебі – несепағар саңылауы таспен бітелу кезінде дами-тын несеп – тас ауруы; жедел және созылмалы пиелонефрит (қабыну өнімдері: шырыш, фибрин, эпителий, лейкоциттер); бүйрек ісігі (ұйыған қан түріндегі гематурия); бүйрек туберкулезі (емізікшенің некротикалық тіні); бүйрек жара-қаты (ұйыған қан немесе жоғарғы зәр жолдарының сырттан урогематомамен басылуы); дистанционды литотрипсиядан кейінгі бүйректің субкапсулярлы гематомасы; бүйрек артериясының эмболиясы; гинекологиялық аурулар.
Патогенез
Бүйрек шаншуы кезінде жоғарғы зәр жолдарының ішкі окклюзиясынан немесе сырттан қысылуының нәтижесінен зәрдің шығуы бұзылады. Осы кезде тостағанша – түбекше жүйесінде қысым кенеттен жоғарылап, бүйректің паренхимасы ісініп, фиброзды капсуласы кеңейеді.
Зәр-тас ауруының қауіп факторлары: отбасылық анамнез (жақын туыстарда зәр-тас ауруының болуы); анамнезінде зәр-тас ауруының эпизоды (зәр-тас ауруының рецидив болуының мүмкіндігі 20 жыл аралығында 60% құрайды); шамадан тыс физикалық күш түсіру; ұзақ гипертермия; конкременттің дамуына ықпал ететін аурулар (зәр жолдарының инфекциясы, тубулярлы бүйректік ацидоз, саркоидоз, гиперпаратиреоидизм); сұйықтықты көп жоғалтқанда (илестома, мальабсорбция); нашар еритін дәрі-дәрмектерді қолдану.
Клиникалық көрінісі. Бүйрек шаншуының негізгі симптомы ауырсыну болып табылады. Ауырсыну үнемі, ұстама тәріздес, кенеттен басталады, ұзақтығы бір-неше минуттан 10-12 сағатқа дейін созылады, локализациясы бел аймағында және/немесе қабырға астында болады. Ауырсынудың иррадиациясы: несепағар ағысымен мықын, шап аймағына, ұмаға, аталық безге, қынапқа және жыныс еріндеріне. Иррадиация тастың локализациясына байланысты. Ол көбінесе не-сепағардың физиологиялық тарылу жерлерінде тоқтайды. Түбекше-несепағар сегменті – иррадиация мезогастралді аймаққа; несепағар мен мықын тамыр-лардың айқасуы - шап аймағы мен санның сыртқы беті; юкставезикалді (қуық алды) бөлім – жалған дефекация және зәр шығарудың жиілеуі; интрамуральді бөлім (қуықтың ішкі қабатында) – ауырсыну аталық бездің басына иррадиация береді және ол зәр шығарудың жиілеуімен, уретрадағы ауырсынуымен қатар жүруі мүмкін. Дизурия (әрдайым емес). Бүйрек шаншуымен қатар жиі жүреді: жеңілдік әкелмейтін жүрек айну және құсу (бел аймағының ауырсынуымен қа-тар басталады); бас айналу және естен тану; әр түрлі дәрежедегі ішектің парезі; брадикардия; АҚ-ның шамалы жоғарлауы; гематурия; олиго- және анурия.
Асқынулар: жедел обструктивті пиелонефрит; бактериемиялық шок; уросепсис; бүйрек функциясының төмендеуі; несепағар стриктурасының дамуы. 5 мм-ден аспайтын тастар 95% өз бетімен шығады. Бүйрек шаншуы тоқтағанда науқас-тың хал-жағдайы жақсарады, бірақ-та бел аймағында сыздап ауырсыну қалады.
Ажыратпалы диагностика
Бүйрек шаншуын алғашқыда жедел іштен ажырату керек
Жедел іш (жедел аппендицит, бауыр шаншуы, жедел холецистит, жедел панкреатит, асқазан мен 12-елі ішектің ойық жарасы, ішектік өтімсіздік, қолқаның сыдырылуы, мезентериалді тамырлардың тромбозы, жедел аднексит, жатырдан тыс жүктілік, аналық без кистасының бұралуы).
Басқа аурулар: омыртқа аралық дискінің жарығы, қабырға аралық невралгия (дене қалпіне байланысты ұстама тәрізді емес ауырсыну), белдеулі теміреткі (Herpes zoster).
Диагностикалық шаралар
Жалпы жағдайын және негізгі өмірлік функцияларды бағалау: есі, тыныс алуы, жүрек-тамыр жүйесі (пульс, ЖЖЖ, АҚ, ТАЖ).
Дене қалпын бағалау (қозғалыс мазасыздығы, дене қалпын үнемі өзгерту).
Ішті қарау және пальпациялау – іш дем алуға қатысады, іштің алдыңғы бұлшықеттерінің тырысуы анықталмайды және іштіктің қоздыру симптомы жоқ.
Бүйрек шаншу симптомдарын анықтау: соққылау симтомы – зақымдалған жақта ауырсыну анықталғанда «оң» (бүйрек жарылуын алдын алу үшін соққылау симптомын байқап жасау керек), бел аймағын пальпациялау (зақымдалған жақта ауырсыну).
Ассоциирленген симптомдардың болуы: жүрек айну, құсу, газдың шықпауы, іш қату, қызба және т.б.
Емі
Бүйрек шаншу диагнозы қойылғанда жедел госпитализацияның алдында, науқасқа шұғыл емдік шаралар жүргізілуі тиіс.
Науқасты төсекке жатқызып, тыныштандыру керек.
Ауырсыну синдромын жою үшін спазмолитик пен наркотикалық емес ана-льгетиктер қатар берілуі тиіс. Таңдамалы дәрі-дәрмек: дротаверин (миотропты спазмолитик) тамыр ішіне баяу енгізеді, 40-80мг (2% ерітінді 2-4мл); нитроглицерин (спазмолитик ретінде қолданылуы мүмкін) таблетка түрінде тіл астына (0,25мг немее ½ таблетка) немесе аэрозоль (400 мкг немесе 1 доза).
ЖЖЖ, АҚ, диурез бақылау. Емі ауырсыну синдромын жоюдан басталады. Бұл кезде спазмолитиктер, ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектер және жылулық процедуралар қолданылады. Аурухана алды кезеңінде жылу ретінде грелка, жылытылған құм, ыстық ваннаны қолданады (температура 40-50ºС). Көп жағдайларда бұл щаралар ауырсынуды төмендетеді немесе толығымен басады, бірақ та олардың әсері болмаса дәрі-дәрмектерді қолданады.
Көбінесе спазмолитиктерді (атропин 0,1% ерітінді 1мл, платифиллин 0,2% ерітінді 1мл, ерітінді 2мл, но-шпа 2% ерітінді 2мл, магний сульфаты 25% ерітінді 10мл) немесе ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектерді (промедол 1% ерітінді 1мл, омнопон 2% ерітінді 1мл) бұлшықетке енгізуден бастайды.Егер де бүйрек ұстамасы кезінде құрсақ қуысы мүшелерінің аурулары болмаса және де басқа дәрі-дәрмектер көмек бермесе наркотикалық анальгетиктерді қолдануға болады. Көбінесе оларды қолданбай-ақ қоюға болады.
Емдік, сонымен қатар ажыратпалы-диагностикалық мақсатпен ер кісілердің ұрық шылбырына немесе әйелдерде жатырдың жұмыр байламына блокада жасауға болады (10-30мл 1% новокаин ерітіндісі).
Ауруханаға жатқызудың көрсеткіштері:
Науқас аурухананың урологиялық бөлімшесіне шұғыл тұрде келесі жағдайларда жатқызылады: бүйрек шаншуы басылмағанда; асқынулардың клиникалық белгі-лері анықталғанда; екі жақты бүйрек шаншуы немесе жалғыз бүйрек кезінде.
Науқасты жатқызып тасымалдайды.
Жас және орта жастағы науқастарды амбулаторлы емге келесі жағдайларда қалдыруға болады: тұрақты қанағаттанарлық жағдай; асқыну белгілерінің болмауы; ауырсыну синдромының төмендеуі; енгізілген анальгетиктердің жақсы әсері; амбулаторлы зерттеудің, бақылаудың және емнің мүмкіндігі.
Амбулаторлы емге қалған науқастар бүйрек шаншуының себебін анықтау үшін поликлиникаға урологқа қаралуы тиіс. Көп жағдайларда бұл науқастар стационарлық ем қажет етеді.