Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министірлігі



бет43/104
Дата07.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#86182
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   104
Байланысты:
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ

Ботулизм
Ботулизм берілу механизмі бойынша ішек инфекцияларына жатады. Ауру жиі ауыр ағымды, ол орталық жүйкені зақымдалумен және ЖТЖ дамуымен негізделеді. Ботулизм қозщдырғышы- Clebsitlla botulinum – күшті экзотоксин өндіреді, антигендік құрылымы жағынан клостридиялардың 6 түрін ажырытады: А, В, С, Д, Е, Ғ. Әр түрдің токсині сәйкес гомологиялық сары суға қарсы ерітіндімен бейтараптанады. Ағзаға инфицирленген тағам арқылы түскенде ол орталық жүйесіне арнайы троптылыққа ие болады. Токсин жұлын мен сопақша мидағы қозғалғыш торшаларға әсер етеді, жүйке- бұлшықеттік импульстердің берілуі тежеледі, клиникада көз көруінің, сөйлеудің, жұту қызыметінің бұзылуымен, сонымен қатар қабырға аралық және көкеттік бұлшықеттердің орталық және шеткері зақымдалуы тыныстың бұзылуымен сипатталады. Ботулизм кезінде инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 15 тәулікке дейін созылады. Қысқа инкубациялық кезең аурудың ауыр ағымын білтіртеді, себебі токсин ағза өте көп мөлшерде түседі.
Ауру алғашқыда жүрек айну, құсу кейде диареядан басталады. Ішек парезінің салдарынан диарея іш қатумен тез алмасады. Дене қызуы бұл кезде қалыпты. Ауру басталғаннан 12-24 сағ. өткенде невралогиялық симптомдар пайда болады: көз көрудің бұзылуы диплопия, птоз. Көз симптомдары- ботулизмнің ерте және негізгі белгісі. Қарағанда көз қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы әлсіз, көлденең және тік нистагм (офтальмоплегиялық синдром). Көмей, жұтқыншақ, жұмсақ таңдай бұлшықеттерінің салдарынан дисфагия, дисфония, дизартрия (дисфагиялық синдром) байқалады, мойын бұлшықеттерінің, қолдардың парезі болуы ықтимал. Ауыр жағдайларда тыныс бұлшықеттерінің парезі мен салдануы дамиды.
Эпидемиологиялық анамнез маңызды: адамдардың топтасып бір тағам не өнім жегенде барлығының ауруы (жиі консервілер, қақталған балық, үй жағдайында жасалған шырындар қолданғанда). Диагнозды анықтағанда дәрігер құсық массаларын және қолданылған тағам өнімдерін стерильді банка немесе пробиркаға салуы керек. Материал дереу зертханаға жөнелтілуі қажет, себебі ботулинді токсин тез ыдырайды.
Ботулизмге шалдыққан науқастардың барлығы инфекциялық стационарға дереу госпитализациялануы қажет.
Шұғыл шаралар:

  • жуан зондты асқазанға салып қайнаған сумен (токсинді сынама жасау үшін алу), кейіннен 2 % натрий гидрокарбонат ерітіндісімен (ботулотоксинді ыдырату үшін) дереу шайады;

  • ішек жұмысын жақсартқыш (30мл магний сульфаты екі стакан суда);

  • көп мөлшерде әрі жиі сұйықтық ішу, артынша диурезді белсендіру (гипотиазид, лазикс немесе т.б. зәр айдағыш заттар).

Госпитализация кешіктірілсе аталған шаралармен қоса, ботулинге қарсы анти-токсикалық сарысу енгізеді, ол ағзадағы токсинді бейтараптандырады. Ауыр жағдайдағы науқастарға ауруханаға дейінгі кезеңде форсирленген диурезбен қоса арнайы емес инфузиялық – дезинтоксикациялық терапия жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет