Жедел ішек инфекциясы кезіндегі гиповолемиялық шок Инфекциялық науқастарда дегидротациялық синдроммен негізделген шұғыл жағдайлар жиі жедел ішектік инфекцияларда дамиды (тағамдық токсико инфекция, сальмонеллездің гастро интестиналді түрлері, стафилококкты инфекция, әртүрлі этиологиялы гастроэнтериттер, тырысқақ және т.б.)
Жоғалған сұйықтықты көлеміне байланысты сусызданудың 4 дәрежесін анықтайды:
Сусызданудың І дәрежесінде: шөлдеу, аузының құрғауы, ернінің цианозы, терісінің құрғауы, тәулігіне 3-10 рет дәреттің болуы.
Сусызданудың ІІ дәрежесінде үлкен дәрет тәулігіне 10-20 рет, құсу 10 ретке дейін Бұнда терісінің құрғауы шырышты қабаттарының, еріндерінің цианозы, қолдарының саусағы мен табандарының көгеруі, шөлдеу, сан бұлшық еттерінің тырысулары, ентігу, тері тургорының төмендеуі, тахикардия, АҚ ның төмендеуі, диурездің анурияға дейін төмендеуі. Дене қызуы қалыпты.
Сусызданудың ІІІ дәрежесінде: сұйықтық көп көлемде жоғалады, үлкен дәрет пен құсу өте жиі ( тәулігіне 20 реттен көп). Жоғарыда айтылған көріністер айқындала түседі: бет әлпеті солғынданады, көз алмалары үңірейеді («қара көзілдірік»), тері қатпары 2-3 минут көлемінде жазылмайды, айқын ентігу, тамыр соғысы мен АҚ анықталмайды.
Сусызданудың ІV дәрежесінде дене қызуы қалыптыдан төмен түседі (35,1-35,6˚С), цианоз жайылмалы сипатта болады, тоникалық тырысулар. Анурия. ІV дәрежелі дегидротацияда сусызданудың барлық симптомдары болады, ағзаның өмірге қажетті жүйелерінің екіншілік өзгерістері дамиды. Альгид кезеңінде үл-кен дәрет болмайды, құсу басылады, бұл диагностикалық қателіктерге әкеледі.
Жедел ішек инфекцияның ауыр және асқынған түрлерінде науқасты дереу госпитализациялау қажет.
І дәрежелі сусыздануы бар науқастарға сұйықтықты пероралді беріп шектелуге болады.
ІІ дәрежелі сусыздануда 3-4 литр көлемінде кристаллоидты ерітінділерді 100мл\мин жылдамдықпен ағызып, к\т ішіне енгізеді. Әрі қарай су- тұз бұзылыстарын реттеу мақсатында көк тамырға тамшылатып инфузиялық ерітінділер құйылады. Құйылған көлемі жоғалтқан көлеміне тең болуы керек.
ІІІ және ІV дәрежелі сусыздануда науқасқа регидратация шаралары реанимациялық сипатта жүреді.