Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министірлігі


Суға бату Түрі және себебі бойынша ажыратады: біріншілік бату (шынайы, "сулы"), асфиксиялық бату ("құрғақ"), синкопалді бату, "Крио-шок"



бет87/104
Дата07.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#86182
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   104
Байланысты:
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
1603968609, instr ent
Суға бату
Түрі және себебі бойынша ажыратады: біріншілік бату (шынайы, "сулы"), асфиксиялық бату ("құрғақ"), синкопалді бату, "Крио-шок", екіншілік бату
Шынайы бату. Негізінде, судың көп көлемімен, альвеолалар деңгейінде газ алмасуының бұзылуымен жүретін аспирация жатыр. Мұхит суына және тұщы суына бату түрлерін ажыратады. Тұщы су осмос заңы бойынша 2-3 минуттан кейін альвеолалар мен терминалді бронхтардан тамыр сағасына ауысып, циркуляторлы сағаға түседі. Бұл гиперволемияға және гемоделюцияға, гемолизге әкеледі. Осыдан гиперкалиемия, гипонатриемия, гипокальциемия және гипохлоремия дамиды. Айқын гиперемия және қарыншалар фибрилляциясы, өкпедегі судың көлемі науқастың дене салмағының 50 мл/кг кем емес болған жағдайдағы аспирация кезінде дамиды. Бату кезінде өкпеге орта есеппен 10-11мл/кг дене салмағына су енеді. Мұхит суы гипертоникалық ерітінді болғандықтан, циркуляторлы сағадан сұйықтық пен белоктар альвеолаларға өтеді.
Альвеола қуысына қанның сұйықтығы мен плазма белоктарының өтуінен гемоконцентрация дамиды. Гиповолемия АҚҚ және ОКҚ ның төмендеуіне әкеледі. Бір уақытта қанға мұхит суынан көптеген иондар өтеді. Қан құрамында калий, магний, натрий, кальций және хлор күрт жоғарлайды. Шынайы батудың бірнеше минутынан кейін, альвеоладағы коллойдты – осмостық градиент қысымы мен МКК циркуляторлы сағасындағы қысымының теңесуі жүреді. Сондықтан ағзадағы патологиялық өзгерістер әрі қарай судың сапасына байланысты болмайды. Кейін өкпенің ісінуі, гиперкалиемия, респираторлы және метоболизмді ацидоз, гиповолемия және гипоксия дамиды. Өкпенің ісінуі мұхит суына бату кезінде бірден пайда болады. Тұщы суына бату кезінде өкпенің ісінуі біртіндеп, гипоксиямен МКК перфузды қысымның жоғарлауына байланысты және альвеолакапилярлы мембрана өткізгіштігінің жоғарлауына байланысты дамиды.
Ағзаның өкпе арқылы сұйықтықты жоғалтуы, бату түріне қарамай айқын гиповолемия және гемоконцентрацияға әкеледі.
Шынайы бату клиникалық 3 кезеңнен тұрады

  1. Бастапқы кезде есі, дұрыс қимыл – қозғалысы және суға бату кезінде демін ұстау мүмкіндіктері сақталған. Судан шығарылған адам айқын тітіркенген немесе тежелген болады. Тері жамылғысы мен шырышты қабаттары көгерген. Тынысы шулы жөтелмен бірге. Тахикардия мен гипертензия кейін брадикардия мен гипотензияға ауысады. Кейде жұтылған су және асқазан сөлін құсу байқалады. Бұл кезеңдегі жедел симптоматика тез кетеді, бірақ жөтелу мен әлсіздік 2-3 күнге дейін сақталуы мүмкін.

  2. Агониялық кезеңде есі сақталмайды. Жүрек жиырылуы сақталады. Тыныс алу моторикасы әлсіз немесе мүлдем болмайды. Айқын көгеру және тері жамылғысының сууы. Мойынның және қолдың тері асты көктамырлары кеңейген, ісінген. Қарашық пен қасаң қабық рефлекстері әлсіз. Шайнау бұлшықеттерінің триизмі байқалады. Ауыз қуысы мен мұрын жолдарынан ал қызыл түсті көпіршік бөлінеді.

  3. Клиникалық өлім кезінде тыныс алу және жүрек жыртылуы болмайды, рефлекстері жауап бермейді, қарашық кеңейген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет