Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министірлігі


      Әлеуметтану  білімінің,  құрылымы  -



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата06.04.2020
өлшемі0,69 Mb.
#61709
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аралбай С.М.Әлеуметтану


2.      Әлеуметтану  білімінің,  құрылымы  -  қоғамдық  құбылыстар  мен 

процестер  жөніндегі  ақпараттардың  және  ғылыми  түсініктер  мен 

ұғымдардың жәй ғана жиынтығы емес. Бұл - ең алдымен әлеуметтік жуйеде 

пәрменді  міндеттерін  атқаратын  және  дамитын  қоғам  жөніндегі  білімнің 

белгілі  бір  тәртіпке  келтірілуі.  Бұл  құрылым  -  әлеуметтік  түрлі  денгейдегі 

процестер.  жекс  адамдар,  әлеуметтік  топтар  немесе  тұтас  қоғам  жөніндегі 

өзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, көзқарастар, теориялар жуйесі. 

Әлеуметтанулық  түсініктер  мен  ғылыми  білім,  әсіресе  оның  құрылымы  көп 

жағдайда  бірнеше  факторларға  байланысты  қалыптасады,  соның  ішінде 

әлеуметтану  зерттейтін  обьектілер  шеңбері,  ғылыми  нәтижелер  мен 

қорытындылардың тереңдігі және ауқымдылыгы ерекше болады. 

Осы  айтылғандарды  саралайтын  болсақ,  қоғамға  тұтас  әлеуметтік  организм 

ретінде кқрау жөніндегі білім  әлеуметтану ілімінің бастауы болып саналады. 

Бұл — қоғамдық қатынастар жүйесі, олардың мазмұны және өзара байланыс 

механизмі  туралы  білім.  Табиғатты  және  қоғамдық  қаты-настардың  мәнін 

тусіну  қоғамда  қалыптасқан  әлеуметтік  субьектілердің  өзара  әрекетінің 



11 

 

мәнін  терең  пайымдауға  мумкіндік  береді.  Қоғам  туралы  білім  —  оның 



дамуының  обьективті  заңдарын,  қоғам  өмірінің  негізгі  салалары  жөніндегі 

түсінікті  және  олардың  өзара  әрекетін,  материалдық,  саяси  және  рухани 

мәдениеттің өзара ықпалы жөніндегі білімді өз бойына жинап, сінірген. 

         Ел  ішінде  тұрып  жатқан  халықтың  әлеуметтік  кұрамы  мен  қоғамның 

әлеуметтік  құрылымы  жөніндегі  білім  де  әлеуметтану  білімінің  маңызды 

бөлігі болып саналады. Бұл жерде әңгіме таптар, әлеуметтік үлкен және кіші, 

кәсіби  және  демографиялық  топтар,  олардың  экономикалык  және  саяси 

қатынастар  жүйесіндегі  орындары  мен  өзара  іс-әрекеттері,  сонымен  қатар 

ұлттар, ұлыстар, басқа да этникалық топтар және олардың ара-сындагы бір-

бірімен қатынастары жөнінде болып отыр. 

         Әлеуметтану  білімінің  келесі  бір  құрылымы  —  ол  саясат 

әлеуметтануына жататын ғылыми тусініктер, көзқарастар, теориялар. Мұнда 

әлеуметтану саяси қатынастар, әсіресе өкімет билігі төнірегіндегі қатынастар 

жүйесіндегі  қоғамның  әр  турлі  әлеуметтік  топтарынын  накты  жағдайын 

анықтауга назар аударады.  

         Қоғамдағы  әлеуметтік  институттардың,  атап  айтканда,  мемлекеттің, 

құқықтың,  шіркеудің,  ғылымның,  мәдениеттің,  неке  мен  отбасының,  т.б. 

атқаратын  кьізметі  жөніндегі  әлеуметганушының  ғылыми  тусінігін  және 

қорытындыларын  жүйелеу  әлеуметтану  білімінің  келесі  құрылымы  болып 

есептеледі.  «Әлеуметтануда  әлеуметтік  институт  дегеніміз  бұл  белгілі  бір 

уақыт  кезенінде  тұрақтылықты  сақтайтын  және  бүкіл  әлеуметтік  жүйе 

тұрақтылығын  қамтамасыз  ететін  адамдар  кызметінің  торабы.  Әбір  ерекше 

«торап»  қоғамның  өмір  сүруінде  маңызды  рөл  атқарады».  Өзара  әрекет  ету 

арқылы  байланыса  отырып,  олар  қоғамның  алға  басуын,  өмір  сүруін 

қамтамасыз етеді. 

          Әлеуметтанудың  зерттеу  обьектілеріне  орай,  әлеуметгану  білімі 

құрылымының тағы да бірнеше салаларын атап өткен жөн. Мысалы, өндіріс 

ұжымының,  формалды  емес  топтар  мен  ұйымдардың,  сонымен  қатар  жеке 

тұлғааралық  қатынастардың  кіші  топтары  мен  жекелеген  тұлгалардың 

тіршілік  әрекетіне  байланысты  ғылыми  түсініктер,  көзқарастар,  теориялар 

қалыптасқан. 

         Жоғарыда  келтірілген  әр  турлі  әлеуметтік  құбылыстар  мен  процестер 

төңірегіндегі барлық ғылыми түсініктер, ұғымдар, көзқарастар мен теориялар 

өзара  байланысып,  тұтас  және  күрделі  әлеуметгану  білімінің  құры-лымын 

қалыптастырады. Ол қоғамдық өмірдің бүкіл жақтарын, оның са-лаларының 

өзара  байланысын  және  өзара  әрекетін  қамтып  көрсетеді,  түптеп  келгенде, 

қоғамды тұтас әлеуметтік жүйе ретінде ғылыми тұрғыда бейнелейді. Осының 

бәрі ғылым және оқу курсы ретінде әлеуметтанудың құрылымын құрайды. 

         Әлеуметтану  білімінің  құрылымында  әлеуметтанулық  теориялар  мен 

көзқарастар  ашып  көрсететін  қоғамдық  құбылыстардың  аукымына  орай 

жекелеген денгейлерді ажыратып айтуға болады. 

         Әлеуметтанулық білімнің деңгейлері мыналар: 

-  жалпы әлеуметтанулық теориялар, немесе жалпытеориялық 


12 

 

әлеуметтану: 



-  арнайы  әлеуметтанулық  теориялар,  бұларды  кейде  жеке  теориялар 

деп те сипаттайды; 

-  нақты әлеуметтанулық зерттеулер. 

         Әлеуметтану  білімінің  осы  үш  деңгейінің  өзгешеліктері  қоғамдық 

құбылыстардағы әлеуметтанулық талдаудың тереңдігін және бұдан шығатын 

қорытындылардың маңыздылығын байқатады. 

         Жалпы  әлеуметтанулық  теориялар  макро  әлеуметтанулық  зерттеу 

ретінде,  әдетте,  тым  тереңдетілген  немесе  әлеуметтанушылар  айтқандай, 

қоғамның  және  жалпы  тарихи  процесс  дамуының  мәңгілік  кезеңін 

қарастырады.  Жалпы  әлеуметтанулық  теориялар  деңгейінде  кез  келген 

әлеуметтік  құбылыстардың  пайда  болуы  мен  одан  әрі  жалғасуының  аса 

түбегейлі  себептері,  қоғам  дамуының  қозғаушы  күштері,  т.б.  жөнінде 

ғылыми  тұжырымдар  жасалады.  Жалпы  теориялық  денңейде  адамдардың  

қоғамдық, сонын ішінде өндірістік қызметінің теориясы қалыптасады, қоғам 

дамуындағы еңбектін ролі ерекшеленеді. 

         Қогамдык  қатынастар  теориясы  —  әлеуметтік  субъектілердің 

экономикалық,  саяси,  құқықтық,  адамгершілік,  эстетикалық,  діни,  т.б.  ара-

қатынастарының  табиғатын  және  мазмұнын  ашатын  жалпытеориялық 

әлеуметтанудың маңызды тарауы болып табылады. 

         Жалпы  әлеуметтану  теориялары  денгейінде  әрбір әлеуметтік  құбылыс, 

оның  қоғамдағы  орны  және  рөлі,  оның  басқа  да  құбылыстармен  көпжакты 

байланыстары  тұтастай  көзқарастар,  кең  көлемді  әлеуметтік  алғышарт-

тардың өзара әрекет ету жуйесі тұрғысында қарастырылады. Бұған жоғарыда 

келтірілген  қогамдық  қатынастар  мен  қоғамдық  өмір  салалары,  сонымен 

қатар  қоғам  дамуының  объективті  заңдары  жатады.  Жалпытеориялық 

әлеуметтану,  жалпыәлеуметтану  теориялары  жуйесіндегі  қоғамдық 

құбылыстар  мен  процестерді  зерттеудің  мәні  мен  негізгі  ерекшелігі,  міне, 

осында. 


        Әлеуметтік  білімнің  негізгі  құрылымы  тұжырымы,  қағида,  бағыттары 

мьшалар: 

 1.Қоғам  біртүтас  әлеуметтік  жүйе.  Бүл  түжырым,  өзінің  зертгеу 

объектісінде қоғамдық қатынастар жүйесін^ олардың мазмұнын зерттейді. 

2.Қоғамның    жеке    салаларының  дамуын,  атқаратын  қызметі  туралы 

түсініктердің  байланысын  —  экономикалық,    саяси,  рухани,  т.б.  салаларын, 

әрбір  салада  жеке  тұлғаның  немесе    әлеуметтік  топтардың  қызметінің 

әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігін зерттейді. 

3. Қоғамның  әлеуметтік  құрылымы  немесе  жалпы  әлеуметтік  құрылым 

туралы  білімді  қалыптастыру  үшін  әлеуметтік  топтардың  экономикалық,  

әлеуметтік,    саяси,    рухани  қатынастар  жүйесінде  алатын  орны  мен 

байланысы туралы білімдер болуы керек.                    

Әлеуметтік топтар деп отырғанымыз - үлкен топтар, кішігірім топтар, 

кәсіби  амандандырылған топтар, демографиялық және этникалық топтар. 

4. Саяси  әлеуметгануға  кіретін  алуан  түрлі  ғылыми  түсініктер, ой-пікірлер, 


13 

 

теориялар. Бұған жататын зерттеу объектілері: 



а)әлеуметтік топтардың саяси қатынастар жүйесіндегі алатын орны; 

ә)  қоғам  субъектілерінің  әлеуметтік-саяси  құқық  жә-не  бостандықты, 

тәуелсіздікті алудың жолдары мен тәсілдері туралы; 

б)қоғамның  саяси  жүйесінің  құрылымы,  қызметі  және  функциясы 

туралы; 

5. Әлеуметгік  институттардың  (мемлекет,  құқық,  ғылым,мәдениет, 

отбасы, т.б.) қызметтері туралы ғылыми түсініктер мен қорытындылар; 

6. Қоғамның  жеке  салаларының  және  кішігірім  жүйесінің  қызметтері 

туралы теория. Оны мынаңдай объектілерді зерттеу арқылы түсінуге болады: 

өндірістік  ұжымдар,  ресми  емес  топтар  мен  ұйымдар,  адамдар  арасындағы 

кішігірім топтар, жеке тұлғалар, т.б. кіреді. 

3.      Әлеуметтану  жеке  білім  саласы    ретінде  келесі  негізгі  қызметтерді 

орындайды: 

1) 

теоретико-танымдық 



функциясы, 

әлеуметтік 

дамудың 

заңдылықтарымен,    әртүрлі  әлеуметтік  құбылыстар  мен  үрдістердің  өзгеру 

тенденцияларымен, зерттеулермен байланысты. Бұл қағида қазіргі уақыттың 

көкейтесті мәселелеріне ғылыми жауап беріп, жетілдіруге жол ұсынады; 

2) әдістемелік, әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, 

жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға  мүмкіндік береді; 

3)  басқару  функциясы,  әлеуметтанумен  ұсынылған  шешімдер  мен 

нұсқаулар    қоғам,  аумақ,    кәсіпорын,  ұйым    аумағында    шешім  қабылдауға 

негіз болуына  байланысты; 

4)  тәжірибелік  функция,  тәжірибелік  маңызы    бар    ұсыныстарды 

құрастыруға мүмкіндік береді; 

5) болжамдық функция,  келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы 

жөнінде  ғылыми  негізделген  болжамдарды  құрастыру.  Қоғамдық  өмірдің 

әртүрлі салаларының  дамуын жоспарлау үшін, социологиялық зерттеулерді 

қоғам өмірінде қолданудың маңызы зор.  Әлеуметтік жоспарлау бөлек  аумақ 

пен    елдердің,  әлемдік  қауымдастығының    өмір  әрекетінің  белгілі 

үрдістерінен  бастап,  қала,  ауыл,  бөлек  кәсіпорын  мен    ұжымдардың  өмірін 

әлеуметтік жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды қамтиды. 



4.     Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланыстыратын негізгі нәрсе  — 

ол  қоғам  туралы  жалпы  ғылым  бола  оты-рып,  оның  жалпы  даму  заңдарын 

ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы 

қо-ғамдық 

және 

гуманитарлық 



ғылымдар 

сүйенеді. 

Сондық-тан 

әлеуметтанудың  жалпы  қоғам  даму  заңдары  бұл  ғы-лымдардың  әдістемесі 

мен теориясы ретінде саналады. 

         Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысының  үшінші негізгі түрі 

— ол нақтылы ғылымдармен тығыз жа-қындасып, байланысу арқылы, ғылыми 

арнайы  тұжырым-дық  база  қалыптастырады.  Мысалы,  экономика  ғылымы-

мен  тығыз  байланыста  болып,  экономикалық  құбылыс  пен  процестерге 

бірігіп  зерттеу  жүргізудің  нәтижесінде  әлеу-меттік  экономиканың  арнаулы 

теориясы  жасалды.  Құқық  ғылымымен  бірігіп  зерттеу  жүргізудің 


14 

 

нәтижесінде  құқықтық  әлеуметтану;  саяси  теориямен  бірге  отырып,  саяси 



әлеуметтану; педагогикамен біріге отырып, педагогикалық әлеуметгану, тәрбие 

әлеуметтануы; әдебиет, тіл, көркем өнер ғылымдарымен біріге отырьш, өдебиет 

әлеуметгануы, тіл әлеуметтану, көркемөнер әлеуметтануы, т.б. әлеуметтанудың 

арнаулы теориялары (барлығы 100-ге тарта) пайда болды. 

          Бұл  ғылымдардың  арнаулы  теориялары,  басқаша  айтқан-да,  әлеуметтік 

теориялар немесе орта деңгейдегі теориялар деп аталады. Басқа ғылымдардың 

әлеуметтанумен тығыз байланысын олардың әрқайсысының әлеуметганудың 

ғы-лыми  категорияларын  (жалпы  үғымдарын),  қағидаларын,  заңдарын, 

нақтылы әдістерін кеңінен пайдалануынан бай-қаймыз. 

         Екінші  жағынан,  әлеуметтану  өзінің  ой-пікірлерін,  теорияларын, 

тұжырымдамаларын,  т.б.  толық  дәледдеу  және  одан  әрі  дамыту  үшін 

нақтылы  ғылымдардың  фактілеріне  деректеріне,  тұжырымдарына,  т.б. 

сүйенеді,  осылар  арқылы  ол  жаңа  қорытындылар  жасап,  орын  алып 

отырған қай шылықтарды   жұмсарту   немесе   жою   жолдарын, қоғамның 

даму тенденцияларын (беталысын) анықтайды. Сөйтіп қоғамды басқарудың 

тиімділігін арттырады.  

         Әлеуметтанудың  басқа  қоғамдық  және  гуманитарлық  ғылымдардан  ең 

басты  айырмашылығы  —  оның  өзіне  ғана  тән  әлеуметтік-экономикалық, 

саяси, рухани, құбылыс, про-цестерді зерттейтін арнаулы әдістерінің болуында. 

Олар:  сұрыптау,  бақылау,  сұрау,  құжаттарды  талдау,  сараптау,  модель 

(үлгілеу), тест, т.б. 

Жоғарыда  көрсетілген  алуан  түрлі  әдістерді  кеңінен  қол-дана  отырьп, 

әлеуметтану  білімнің  жаңа  қайнар  көздерін  ашып,  әрбір  адамның  қоғамдық 

құбылыстар, процестер туралы танымын, білімін толықтырып отырады. Мұндай 

танудың, білімнің өзгеше құрылымы, түрі және деңгейлері болады. 

Бұл мәселе жөнінде әзірше әлеуметтанушылардың арасында белгілі бір ортақ 

пікір әлі қалыптаспаған. 

       Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді. бейнелеу, .түсіңдіру,  ұғындыру 

білімдерін  қалыптастырып,  әлеуметтік  зерттеу  теориясын,  әдістемесін,  әдісін, 

талдау  тәсілін  жасап,  қоғамның  даму  мәселелерін  шешеді.  Әлеуметтік  өмір 

туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады. 

    Екіншіден,  әлеуметтану  қоғамдық  және  әлеуметтік  құбылыстар  мен 

үдерістерді  өзгерту,  қайта  құру  үшін  оларға  жоспарлы,  әрі  тиімді  жолдар, 

құралдар  арқылы  ықпал  етіп  әлеуметтік  мәселелерді  талдап  зерттейді.  Бұл 

әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды. 

Әлеуметтану  әмбебап  философия  жуйесінен  бөлініп,  жеке  ғылым  болып 

дамығанына  қарамастан,  өзінің  философиялық  мазмұнын  әлі  де  толық 

жойған  емес.  Ол  философиялық  мәндегі  қоғам  дамуына  талдау  жасау  және 

барынша  терең  зерттеу  жургізуде  жалпы  әлеуметтануды  кеңейтуге  мүм-

кіндік  береді.  Сонымен  қатар,  жалпытеориялық  әлеуметтану  өзінің  іргелі 

ережелерімен  және  байыпты  қорытындыларымен  де,  философиялық  ғылым 

тұрғысында да көзге тусіп келеді. 

Сөйтіп,  философиялық  алғы  шарттарга  сәйкес  жалпы  теориялық 


15 

 

әлеуметтану  қалыптасты.  Кейбір  философиялық  тұжырымдамаларға, 



жетекші  рөл  атқарып  келген  белгілі  бір  дүниетанымға  жалпыт  еориялық 

әлеуметтану арқа суйейді. 

Бұл  тұжырымдаманың  ұстанымымен  мына  меселелер:  қоғам  дамуының 

қозғаушы  күштері  проблемалары,  әлеуметтік  процестерді  бағыттау 

мәселелері,  тұлғалардың  өзара  әрекеті,  әлеуметтік  топтардың  және  қоғам-

ның  арақатынасы,  тарихи  дамудағы  материалдық  және  рухани  дуниенің 

өзара  әрекеті,  яғни  қоғам  өмірі  мен  дамуының  аса  іргелі  проблемалары 

шешіледі.  Оларды  шешу  методологиясы,  дәлірек  айтсақ,  басқа  да  әлеу-

меттану  проблемаларын  жузеге  асыруды  қажет  етеді,  соның  ішінде  жал-

пыламалыққа  біршама  қатысты  болганымен,  жеке  сипаттағы  мәселелерді 

шешуді колға алады. 

 

№2 Дәріс: Әлеуметтік институттар және әлеуметтік үдерістер. 



 

Жоспары: 

1.Әлеуметтік институттар әлеуметтік өмірдің маңызды элементі ретінде. 

2.Әлеуметтік институттардың қызметтері мен белгілері. 

3.Әлеуметтік институттардың типологиясы. 

 

1.    «Институт»  ұғымы  -  әлеуметтанудың  бірден  бір  өзегі,  сондықтанда 

әлеуметтанушылардың 

алдында 

тұрған 


міңдет 

институционалдық 

байланыстардың қызметін зерттеу.  

        «Әлеуметтік институт» термині әртүрлі кең мағынады қолданылады. Ен 

бірінші болып  әлеуметтік  институтқа  анықтама  берген  американ  социологы 

және  экономисті  Т.  Веблен.  Оның  қарастыруынша  қоғам  эволюциясы 

әлеуметтік  институттардың  табиғи  сұрыпталуына  алып  келеді.  Өзінің 

табиғаты бойынша олар сыртқы өзгерістерге икемделген жоғарғы қабілеттегі 

бейнеде болады.  

        Келесі  американ  әлеуметтанушысы,  Ч.  Миллс,  институттын  негізінде 

кейбір  әлеуметтік  ролдердің  жиынтығының  формаларын  түсіндірді. 

Институттдарды  ол  яғни  институционалдық  тәртіпті  қалыптастырудағы 

атқатартын міңдеттеріне байланысты класстарға жіктеді. 

        Неміс социологы А.Гелен институтты ретке келтіруші кәсіпорын ретінде 

қарастырды,  адамдар  жануар  тәрізді  әрекетіне  сай  белгілі  бір  салаларға  

бағытталады  да,  ал  институт  жануарлардың  тәртібін  бақылап  отыратыны 

тәрізді.  

        Больвенің  пікірінше,  әлеуметтік  институт  –  нақты  әлеуметтік 

қажеттіліктер  немесе  мақсаттарын  қанағаттандыруға  бағытталған,  мәдени 

элементтердің жиынтығы.  

        Дж.  Бернард  және  Л.Томпсон  институтты  ережелер  мен  үлгілердің 

жиынтығы ретінде қарастырады. Салт-дәстүр, әдет-ғұрып, сенім, заңдардың 

ерекше 

мақсат 


пен 

ерекше 


функцияларды 

атқаратын 

күрделі 

конфигурациясы.  



16 

 

        Отандық  әлеуметтану  әдебиеттерінде  әлеуметтік  институт  көптеген 



индивидуалды 

адамдардың 

әрекеттерін 

координациялап 

және 

интеграциялайтын,  қоғам  өмірінің  арнайы  салаларына  әлеуметтік 



қатынастарды  тағайындап  отыратын,  қоғамның  әлеуметтік  құрылымының 

негізгі компоненті ретінде анықталады. 

        Егер  жоғарыда  айтылған  әртүрлі  ойларды  жинақтап  бір  қорытынды 

шығарар болсақ, әлеуметтік институт: 

- ережелер мен статустарды қамтитын ролдік жүйе; 

- салт-дәстүр, әдет-ғұрып және тәртіп ережелерінің жиынтығы; 

- формалды немесе формалды емес ұйымдар; 

- қоғамдық  қатынастардың  ерекше  салаларын  реттеп  отыратын 

кәсіпорындар мен ережелердің жиынтығы; 

- әлеуметтік әрекеттердің күрделенген кешені. 

           

Әлеуметтік  институттар-жеке  адамдар  мен  топтардың  әрекет  ету 

тәсілдерінің  жүйесін,  әлеуметтік  бақылау  құралдары  мен  топтардың 

әрекетін,  қоғам  мүшелерінің  әлеуметтік  өмірін  реттеп,  қамтамасыз  ететін 

жүйесін  білдіреді.  Мазмұны  жағынан  әлеуметтік  институттар-бұл  жеке 

адамдардың  белгілі  бір  жағдайларға  тікелей  бағытталған  тәртіптік 

стандарттар  жиынтығы.  Әлеуметтік  институттар  арқылы  қоғамның  белгілі 

бір мүшелері өзінің қажеттіліктерін іске асырады. Әлеуметтік институттарды 

шешілетін  жаттығуларына  байланысты  бөледі.  Әлеуметтік  институттарға 

өндіріс  және  міндеттерді  бөлумен  айналысатын  мекемелер  жатады.    Саяси 

институттар-билікке  күресумен  оны  іске  асырумен,  бөлумен  айналысатын 

мекемелер.  Әлеуметтік  институттардың  дамуы  келесі  басты  варианттарда 

білінеді.  Бірінші,  жаңа  әлеуметтік  институттардың  пайда  болуы.  Бүгін, 

бұрынғы СССР халықтарында мынадай маңызды институттар пайда болады: 

әскер,  қаржы,  дипломатия.  Көптеген  халықтар  әлеуметтік  институттар 

арқылы  жоғарғы  білім  алатыны  күмәнсіз.  Екіншіден,  құралған  әлеуметтік 

институттарды жаңарту.

 

        а)құралған 



әлеуметтік 

институттарда 

көбінесе 

дамуы 


ішкі 

дифференцияция  арқылы  өтеді,  байланыс  функцияларын  мамандандыру, 

мекемелерді.  Ескі  институттарды  дифференциациялау  арқылы  жаңа 

институттар  тууының  біз  куәгері  болып  келеміз.  Осының  арқасында  жалпы 

соттық жүйеден жеке институт болып Конституциялық сот дамыды. Осымен 

қатар нашақорлықпен күресу жеке институты пайда болды. 

        б)Институализденген  әлеуметтік  байланыстарды  қайта  регуляциялау 

басты  мақсат  болып  келеді.  Осындай  жағдайда  осы  байланыстың  басты 

қатысушылары институттарды сақтап қалуға тырысады, және оны түбегейлі 

өзгерту.  Әлеуметтік  институттарды  қайта  ретте  –  бұл  күштердің  кері 

күресуімен  жүретін, драмалық қиын процесс. Әлеуметтік институттар  – бұл 

нақты  тәсілмен  ұйымдастырылған  тірі  адамдардың  тәжірбиелік  қарым-

қатынасы. 

2.        Мазмұны  жағынан  әлеуметтік  институттар  –  бұл  жеке  адамдардың 

белгілі  бір  жағдайларға  тікелей  бағытталған  тәртіптік  стандарттар 



17 

 

жиынтығы.  Әлеуметтік  институттар  арқылы  қоғамның  белгілі  бір  мүшелері 



өзінің  қажеттіліктерін  іске  асырады.  Әлеуметтік  институттарды  шешілетін 

жаттығуларына  байланысты  бөледі.  Әлеуметтік  институттарға  өндіріс  және 

міндеттерді  бөлумен  айналысатын  мекемелер  жатады.  Әрбір  әлеуметтік 

институттардың  өз  ерекшелігіне  байланысты  атқаратын  қызметтері  бар. 

Сонымен қатар оларды біріктіріп тұратын барлығына тән ортақ белгілері бар, 

яғни институционалдық белгілері - деп аталады.   

          1.Қондырғылар  мен  тәртіп  үлгілері  (құштарлық,  ниеттестік, 

жауапкершілік, сыйластық). 

          2.Символикалық мәдени белгілері (неке сақинасы, неке дәстүрі). 

          3.Утилитарлық  мәдени  белгілері  (үй  немесе  пәтер,  жиһаз,  тұрмыстық 

техникалар).  

        4.Ауызша  және  жазбаша  кодекс  (отбасылық  тиымдар,  рұқсат  етулер).                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

5.Идеология ( романтикалық махаббат, үйлесімділік, индивидуализм). 

         Сонымен  институт  –  бұл  идеология,  ережелер  мен  нормалардың 

негізінде  өңделіп  шыққан,  яғни  өрістеп  отыратын  әлеуметтік  бақылаудың 

қадағалауындағы әлеуметтік қатынастардың ерекше формасы 

         Функция (лат. – орындау, жүзеге асыру) – ерекше әлеуметтік институт 

немесе  үдірістің  жалпыға  қатысты  орындалуындағы  бағыты  немесе  ролі 

(мысалы,  мемлекет,  отбасы  және  т.б.  қоғамдағы  функциясы).  Әлеуметтік 

институттың қызметі – яғни шешілген  міңдеттердің жиынтығы, қол жететін 

мақсаттар,  көрсетілетін  қызметтер  тәрізді  қоғамдағы  пайдалы  әрекеттер. 

Әлеуметтік институттың бірінші және маңызды міңдеті қоғамның онсыз өмір 

сүре  алмайтын  маңызды  өмірлік  қажеттіліктерін  қанағаттандыру.  Расында, 

егер  біз  институттардың  функцияларының  мәнің  түсінгіміз  келсе, 

қажеттіліктерімізі қанағаттандырумен тікелей байланыстыруымыз керек. Бұл 

байланысты  бірінші  болып  көрсеткен  Э.  Дюркгейм:  «еңбек  бөлінісінің 

функциясы қаншалықты екенін сұрасақ, ол қандай қажеттілкпен сәйкестікте 

екендігі  тек  зерттеуді  ғана  талап  етеді».  Жаңа  ұрпақпен  толықтырылып, 

тіршілік  құралдарын  игеріп,  бейбітшілік  пен  тәртіпте  өмір  сүріп,  жаңа 

білімдерді  игеріп  және  оларды  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғастырып,  рухани 

мәселелерді  шешіп  отырмаса  ешбір  қоғам  өзінің  өмір  сүруін  жалғастыра 

алмайды. Барлық институттың қызметтеріне тән  регулятивтік, интегративік, 

трансляциялық,  коммуникативтік  әмбебап  қызметтерін  атап  көрсетуге 

болады.Осы  әмбебаптылығымен  қатар  өзіне  тән  ерекше  қызметтеріде  орын 

алады.  Бұл  функциялар  бір  ғана  институтқа  тән,  мысалы,  қоғамда  тәртіп 

орнату  (мемлекет),  жаңалық  ашып  жаңа  білімді  беру  (ғылым  және  білім 

беру) және т.б. 

         Қоғамның  құрылымы  институттар  қатарының  бір  уақытта  бірнеше 

функияны  орындай  алуына  және  бір  функцияны  орындауға  бірнеше 

институттың  бағыт  алуына  мүмкіндік  береді.  Мысалыға,  балаларды 

әлеуметтендіру  немесе  тәрбие  беру  функциясын  мынадай,  отбасы,  дін 

орындары,  мектеп,  мемлекет  тәрізді  институттар  атқара  алады.  Сонымен 

қатар  отбасы  институты  балаға  тек  қана  әлеуметтену  мен  тәрбие  беруді 


18 

 

орындап  қоймай,  репродуктивтік,  бір  бірінің  сезімін  қанағаттандыру 



мәселесінде атқарады. 

         Мемлекет өзінің қалыптасуы барысында қысқа шенбердегі міңдеттерді 

ғана шеше алды, ең алдымен ішкі және сыртқы қауіпсіздікті қанағаттандыру. 

Бірақта  қоғамның  шектен  тыс  күрделенуі  мемлекеттің  күрделенуіне  алып 

келді.  Бүгінгі  танда  мемлекет  тек  сыртқы  жауынан  қорғанып, 

қылмскерлермен  күресіп  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  экономиканы 

реттеу,  салық  жинау,  әлеуметтік  мәселелерді  шешу,  денсаулық,  ғылым,  

мектеп  және т.б. қамтамасыз ету мәселелерімен де айналысады.  

        Дін  ошақтарының  қалыптасуы  маңызды  дүниеге  көзқарас  пен  жоғарғы 

ізгіліктерді тағайындау болса, қазіргі уақытта олар білім беру, эконмикалық 

қызметтермен  (медресселік  шаруашылық)  айналысып  отыр.  Егер  институт 

қоғамға  пайдасынан  гөрі  зияның  көп  тигізетін  болса  ондай  әрекетті 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет