Фенилхроманды қосылыстар
Осы топтағы дәрілік заттарға флавоноидтер (Р тобына жататын витаминдер) – рутозид (ритин), кверцетин және дигидрокверцетині жатады.
Рутозид (Rutosidum) – 3-рутинозид кверцетині немесе 3-рамногликозид-3,5,7,3',4'-пентаоксифлавоны болады:
.
Жасыл – сары ұсақ кристалды ұнтақ, иіссіз, дәмсіз. Суда, органикалық еріткіштерде ерімейді, 95%-ті спиртте аз ериді. Қышқыл ерітіндісінде, эфирде, хлороформда, ацетонда және бензолда таза ерімейді, негіз ерітіндісінде жақсы ериді.
Химиялық құрылысы рутозид глюкозид болады. Қант бөлімі (рутиноз дисахариді) D-глюкоза мен L-рамнозадан тұрады. Агликон − кверцетин хроман ядро болып, флавоноидқа жатады.
Рутозидке УК облысында сіңіру көрсеткіші 2 максимумында – 259 және 362,5 нм толқын ұзындығына тең. Осы қасиеті негізінде қоспадан бөлуде, тазалығын (кверцитин қоспасынан идентификацияланғанда) және сандық анықтауда қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |