Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы а. Ж. Сарсенбекова



бет12/39
Дата18.12.2021
өлшемі0,76 Mb.
#103123
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Байланысты:
Сарсембекова А.Фармацевтикалық химия

Тотықсыздану қасиеті
Токоферол ацетатына тотығу қасиеті тән, осы қасиет дәрілік заттардың молекуласындағы фенол гидроксил тобымен байланысты. Тотығу өнімдерінің химиялық құрылысы және олардың боялуы тотықтырғыштың қасиетіне тәуелді. Темір (III) және церий (IV) сульфаттың әсерінен сары түсті n-токоферилхинон пайда болады. Токоферолді күшті тотықтырғышпен (мысалы, концентрлі азот қышқылымен) әсер еткенде қызыл түсті о-токоферилхинонның түзілеуіне әкеледі:


о-Токоферилхинон n-Токоферилхинон

(қызыл) (сары)

Әлсіз тотықтырғыштар токоферол ацетатына, ол гидролизденгеннен кейін әсер етеді. Дәрілік заттар темірдің (III) валентті ионымен Fe3+→ Fe2+ ионына дейін тотықсызданады, сонымен о-фенантролинмен немесе α,α-дипиридилмен қызғылт-қызыл хелатты комплексті тұзын береді.

Токоферолды азот қышқылымен тотықтырғанда алынған өнім о-токоферилхинонды о-фенилендиаминмен конденсацияланғанда, қызғылт-сары түсті жасыл-сары флюоресценция беретін феназинді бояуын түзеді.




Сандық анықтау
Токоферол ацетатының сандық құрамын церияметриялық әдіс арқылы, дәрілік заттың белгілі тотықсыздану қасиетін ескере отырып анықтайды. Алдын-ала ацетаттың гидролизінен кейін (күкірт қышқылымен қыздырғанда) токоферолды стандартты церия (IV) сульфат ерітіндісімен титрлейді. Осыдан токоферол n-токоферилхинонға дейін тотығады.

.

Реакция теңдеуінен көруге болады 1/2M токоферол ацетаты М(1/z) тең.

Индикатор ретінде дифениламин (түссіз) қолданып, сонымен эквиваленттік нүктеде титранттың артық тамшысында көк түсті дифенилдифенохинондиимин сульфатына дейін тотығады.


Дифенилдифенохинондиимин гидросульфаты

(көк түсті)

Оны сақтағанда тұрақсыз болып келетіні жарық сәулесінің әсерінен токоферол ацетатының жеңіл тотығуына байланысты, оны жарық түспейтін жерде сақтаған жөн.






      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет