Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы а. Ж. Сарсенбекова



бет16/39
Дата18.12.2021
өлшемі0,76 Mb.
#103123
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Байланысты:
Сарсембекова А.Фармацевтикалық химия

ПИРРОЛ ТУЫНДЫЛАРЫ


В12 – витамин тобы

Гидроксокобаламин, кобамамид және цианокобаламин дәрілік заттарға жатады. В12 – өзінің құрылысы бойынша кобальтті комплекс нуклеотид бензимидазол және макроциклді корринді жүйесінен тұрады:


.
Молекуласының нуклеотид бөлегі нуклеин негізі (5,6-диметилбензимидазол), көміртегі фрагменті (рибоза) және фосфор қышқылының қалдығын құрайды.

Коррин жүйесі 3 пирролин циклінен (А, В, С) және 1 пирроллидин циклінен (цикл D) тұрады:



Осы жүйенің ортасы кобальт атомынан тұрады, 3 жағдайдағы азот атомы координациондық байланыс арқылы қосылған және 4-ші жағдайдағы азот атомы (пирролидин циклі) ковалентті байланыспен байланысқан. Сонымен бірге кобальт коваленттік байланыспен циан тобымен және 5,6-диметилбензимидозол нуклеотидтік молекуласы бөлегіндегі азот гетероатомымен біріккен. Кобальттың фосфор қышқыл қалдығымен байланысы электровалентті, яғни кобальттың оң зарядының аздаған бөлігі фосфор қышқылының теріс зарядымен бейтараптанады. Осыған орай цианокобаламин бір уақытта хелат және ішкі тұз бола алады да, онда катионы коррин ферменті, ал анионы нуклеотид бөлімі болады.

Коррин бөлімінде 3 ацетамид тобы (2, 7, 18 жағдайда) және 4 пропионамидті (3, 8, 13, 17 жағдайда) тағы да 8 метил тобы болады. Ал 17 жағдайда амид тобы аминді спирт қалдығымен орынбасылған.

Сол себепті, молекуланың нуклеотид және коррин бөлімі өзара байланысқан:



  1. Пептид және күрделі эфир байланысы арқылы (1-аминопропанол-2, этерифицирленген фосфор қышқылы). Ең соңғысы рибозамен этерифицирленген болса, В12 витаминнің диэфир ретінде қарауға болады.

  2. Бензимидазолдың азот гетероатомы кобальт атомымен координационды байланысқан.

  3. Фосфор қышқылының қалдығы және кобальт атомы электровалентті байланыста болады.

Цианкобаламин молекуласында бірнеше ассиметриялық көміртегі атомы болады. Осыған байланысты осы топтағы дәрілік заттар оптикалық активті (солға айналуы).

Оксикобаламиннің цианокобаламиннен ерекшелігі кобальт атомы СN – тобымен емес, окси тобымен байланысқан. Сонымен бірге ол тұз (гидрохлорид) болады.

Кобамамидте, кобальттың атомы ковалентті байланыспен CN – тобы емес, β-5-дезоксиаденозил қалдығымен жалғанған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет