А-типті жанама әсерлер
ДЗ жанама әсерлерінің 80%-і А-типке жатады. Көптеген ДЗ көпке мәлім жанама әсерлері анықтамалықтарда жазып көрсетілген. Жиі кездесетін ДЗ жанама әсерлері олардың фармакологиялық қасиеттеріне байланысты және терапевтік мөлшерде қолданғанда дамиды. Мысалы: үшциклды антидепрессанттар немесе хлорпромазин ОЖЖ әсер етіп қана қоймай, сонымен қоса, ауыздың құрғауын тудыртады.
Кейбір жағдайларда препараттың жанама әсері пайдалы болуы да мүмкін. Мысалы: бронхтарды кеңейтетін - изопреналин, жүректің жұмысын ықпалдандырып, тахикардия мен аритмия тудырады. Осы әсерді жүректің асистолиясында ырғақты қалпына келтіру үшін қолдануға болады. ДЗ мөлшерін жоғарылатқан сайын жанама әсерлердің даму қаупі жоғарылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |