1. Кіріспе Әлеуметтік институттар түсінігі



Дата22.12.2021
өлшемі25,43 Kb.
#127781
Байланысты:
Әлеуметтік саясаттану. Әлеуметтік институт


Мазмұны

 

 1.  Кіріспе



2. Әлеуметтік институттар түсінігі.

3. Институттың  дамуы мен қалыптасуы және оның түрлері.

4. Әлеуметтік  институттардың қызметтері.

5. Отбасы әлеуметтік  институт қызметі.

6.  Қорытынды.

7. Пайдаланылған  әдебиеттер.

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



1.Кіріспе

 

 Кез келген әлеуметтік  институт сол немесе басқа қажеттіліктерді атқара отырып пайда болады және қызметтеледі. Егер мұндай қажеттілік мыңызды емес болса немесе жоғалып кетсе, онда институттың өмір сүруі мәнсіз, мығынасыз болып қалады.



Әлеуметтік институттар алғашқы қауымдастық қоғамнан қазіргі заманға дейінгі кез келген қоғамда болған. Оларсыз қоғам өзін құрайтын адамдарға қатысты өзінің негізгі функцияларын – біріктіру, қорғау, қамтамасыз ету, тұлғаны әлеуметтендіру, рухани және мәдени даму, т.б. орындай алмас еді.

Адамдардың әлеуметтік өзара байланыстары мен қарым-қатынастары мінез-құлықтың жалпы ережелері мен қоғамдық мүддеге және жеке адамдардың мүддесіне  қол жеткізудің қалыптасқан, рұқсат етілген тәсілдерінің негізінде  құрылады. Ең алғашқы институттардың бірі жыныстық қатынастарды, қандас туыстар мен тайпаластар арасындағы қолдау көрсету мен өзара көмектесуді реттелген, мәдени сабақтастықты, әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа беру нормаларын баянды еткен отбасы және неке институты болып табылады.

Әлеуметтанушылар «институт» ұғымын құқықтанушылардан алып, оны терең  әлеуметтік мазмұнмен толықтырған. Ол базалық әлеуметтану ұғымдарының  бірі болып табылады, теориялық тұжырымдамаларды құру мен шынайы қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды талдауда оны айналып өту мүмкін емес.

Әлеуметтік институт деп, көбінесе адамдардың бірлескен  қызметінің тарихи қалыптасқан орнықты  нысандарын айтады. Институттардың негізгі  мақсаты – жеке адамдардың, топтардың  және жалпы қоғамның іргелі қажеттіліктерін  қанағаттандыру.

 

2

2.Әлеуметтік  институттар түсінігі



 

Институт ұғымы көп  мағыналы, латын тілінен аударғанда құрлым деген мағынаны білдіреді. Оның екі түрлі мағынасы бар, тар мағынады, яғни техникалық, жоғарғы оқу орындарының аттары, ал кең мағынада, яғни әлеуметтік қоғамдық қатынастардың анықталған айналымындағы құқық нормаларының жиынтығы. Мысалы: неке институты. Өздерінің күнделікті өмірлерінде адамдар институт ұғымында әртүрлі әлеуметтік бірлестіктерді түсінеді. Ол білім беру және ғылыми ұғымдар мен ерекшеліктер, кез-келген ірі мақсаттық ұйымдар болуы мүмкін. Кейбір ғалымдар бұл ғылымды тек қана ірі масштабты ұйымға қолданады. Егер топ дегеніміз бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын индивдтердің жиынтығы болса, ал институт дегеніміз адамзат қызметінің анықталған салдарында ғана болатын әлеуметтік нормалар жиынтығы мен әлеуметтік байланыстар жүйесі. Тағы бір анықтамасы, әлеуметтік институт дегеніміз қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін әлеуметтік нормалар мен байланыстардың ұйымдастырылған жүйесі. Бұл анықтама бойынша қоғамдақ құндылықтар дегеніміз қоғамдық процедураларда бөлінетін идеялар мен мақсаттар, ал қоғамдақ процедуралар дегеніміз топтық процестердегі стандартталған тәртіп үлгілері, ал әлеуметтік байланыстар жүйесі дегеніміз сол тәртіп жүзеге асырылатын рөльдер мен статустардың қиылысуы. Мысалы, отбасы институты мыналарды қамтиды, біріншіден қоғамдық құндылықтар жиынтығын, яғни махаббат, балаларға қарым-қатынас, отбасылық өмір, екіншіден қоғамдық процедуралар жиынтығын, яғни балаларды тәрбиелеу қамқорлығын, отбасылық ережелер мен міндеттерді, үшіншіден, рөлдер мен статустардың қилысуын, яғни ерлердің, әйелдер мен балалардың ж.т.б. отбасы мүшелерінің статустары мен рөлдері.

Институт ұғымы социологиядағы негізгі тақырыптардың бірі, сондықтан институционалды байланыстарды зерттеу соцологияның алдындағы негізгі ғылыми міндеттердің бірі болып табылады.

Кез келген әлеуметтік институт сол немесе басқа қажеттіліктерді  атқара отырып пайда болады және қызметтеледі. Егер мұндай қажеттілік мыңызды емес болса немесе жоғалып кетсе, онда институттың өмір сүруі мәнсіз, мығынасыз болып қалады.

Сонымен қатар, қоғамда  мыңызды қажетті инстиуттар бар.

Социолгтардың есептеуінше  мұндай инстиуттар бесеу:

Отбасы, саяси, экономикалық, білім беру және діни институтар.

3

Сонымен қатар, ғылыми  өмірдің құндылықтары мен процедуралары мыңызды жоғарғы стандартты болғандықтан, мыңызды институттардың қатарына ғылым институтын жатқызуға да болады. Әлеуметтік қызмет пен медицина да қатаң бекітілген тәртіп үлгілері мен нормаларымен анықталмағандықтан, әлеуметтік статустар мен рөлдер жүйесін иемденетіндіктен институттарға жатқызылады.



Институттар байланыстар  мен тәртіп жүйелерінің жиынтығы бола отырып, адамдардың қажеттіліктерімен  анықталады. Адамдар институционалды нормалар көмегімен өздерін топтар мен ассоцияларға ұйымдастырады. Сондықтан әрбір институтқа институционалды тәртіпті анықтайтын көптеген топтар мен ассоциацияларды кіргіземіз. Мысалы, отбасы институты жеке кіші топтар қызметінде іс-тәжірибеде бейнеленетін анықталған нормалар мен рөлдердің, байланыстардың жиынтығы. Білім беру институты мектептер мен басқа да оқу орындарының ұжымдарымен жүзеге асырылады. Шіреку, Мешіт институт болып саналады, ал оған келушілер ассоциация болып табылады.

 

 3. Институттың дамуы мен қалыптасуы



және оның түрлері

 

Басқа әлеуметтік институттардан тыс өмір сүретін әлеуметтік институттар  жоқ. Олардың іс-әрекеті жалпы  мәдениет жағдайынан оның байланыстары мен қатынастары түсіндірілмесе институттың көптеген байланыстарын талдау институтың мүмкін тәртібін толық бақылауға неге сирек қабілетті екенін, олардың іс-әрекетін институттарды идеялар мен нормалар мен біріктіру керек.



Басқа әлеуметтік институттардан бөлініп  қызмет ететін институттар жоқ. Кез  келген әлеуметтік институтардың қызметін оларды барлық байланыстары мен қатынастарын жылпы мәдениет пен топтардың субьмәдениеті тұрғысынан түсіндірмей, оларды ұғынуы мүмкін емес. Дін, билік, білім, өндіру және тұтыну, сауда, отбасы осы институттардың барлығы тығыз қарым-қатнаста. Мысалы, өндіру жағдайы жаңа отбасыларының (қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін) олардың жаңа пәтердегі, болмыс заттарындағы және т.б. қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен құрылды. Ал білім беру жүйесі білім мекемесінің дамуының мүмкін перспективаларын қолдайтын биліктік институттың қызметіне тәуелді. Оқытушы, отбасы мүшесі, ерікті ұйымның маңызды мақсаттарға қол жеткізуде табысқа немесе сәтсіздікке апаруы мүмкін.

4

Көптеген инстуттардың байланысын талдау неліктен өздерінің мүшелерінің  тәртібін толығымен бақылау жағдайлары және олардың іс-әрекеттерінің институттарды идеялар мен нормалармен сәйкестендірілуі аз кездесетінін түсіндіреді.



Мысалы, мектептер барлық оқушылар үшін стандарттық оқу жоспарларын қолдануы тиіс. Бірақ оларға оқытушылардың бақылау жоспарына жатпайтын көптеген факторларға тәуелді, қызық әңгімелесулер өткізіп, көптеген әдебиеттерді талқылайтын отбасылық қызығушылықтары, теледидар көруге бейім отбасының интелектуалды қызығушылықтары басым болады.

Индивиттерге берілген рольдер  жүйесін бір қалыпқа келтіру қажеттілігі жеке институттар арасындағы келісім шарт жолымен қанағаттануы мүмкін. Мысалға, өнеркәсіп пен сауда кез келген өркениетті елде салықты реттейтін және осы институттың арасындағы алмасуды қарастыратын үкімет қолдауына тәуелді. Ал үкімет оның нормативті актілік экономикалық қолдайтын өнеркәсіп пен саудаға тәуелді.

Сонымен қатар қоғамдық өмірдегі кейбір әлеуметтік институттың маңыздылығын есепке ала отырып, басқа институтар маңыздылығын есепке ала отырып, басқа институтар олардың қызметтерін бақылауға алады. Мысалы, білім беру қоғамда маңызды рөл ойнайды, осы институтқа әсер етуге саяси ұйымдардан, өндірістік ұйымдардан, діни ұйымдардан байқалады. Саясаткерлер патриоттық сезім мен ұлттық сезімді қолдау үшін мектептің дамуына қатысады. Ал, діни институтқа білім беру жүйесінің көмегімен оқушыларды өздерінің қағидаларын ұсынуға шақырады. Өндірістік ұйымдар оқушыларды өндірістік мамандықтарды меңгеруге бағыттайды, ал әскери ұйымдар әскерде табысты қызмет етіп, адамдарды тәрбиелейді.

Басқа институтта отбасы институтына әсер ету туралы айтуға болады. Мемлекет некелер мен ажырасудың балалардың туылудың санасын реттей отырып, балалардың минемальды қамқорлықтарын бекітеді. Мектепке ата-аналардың қатысуымен мұғалімдер кеңесін құрып, ата-аналар комитетін шақырады. Діни  мекемелер отбасылық өмірінің идеясын құрып, діни өлкеде отбасылық іс-шараларды өткізуге тырысады.

Көптеген институтардың рөльдер мен тұлғалардың бірнеше институттарға кетуіне байланысты жанжалдасады. Мысалы, карьера мен отбасын алсақ. Бұл жағдайда бірнеше институтық нормаларының ережелермен қақтығысамыз. Социологиялық зерттеулер бойынша әрбір институт өзіне кіретін индивиттердің басқа институттарда рөлдерді атқаратын жоғарғы дәрежеде болдырмауға тырысады.

5

Кәсіпорындар өздерінің қызметкерлерін әлеуметтік өздерінің әсер ету санасына    қосуға  тырысады  (жеңілдіктер, тапсырыс беру, демалу жүйелері бойынша).



Әскери инситуттарда ережелер отбасылық өмірге кері әсер етуі мүмкін. Сондақтан олардың екеуі де біркелкі институтарды нормаларға қатыстырып иемденуі үшін әйелдерді әскери өмірге қатыстыру керек.

Институттар әрдайым қоғамдағы  өзгешеліктерге бейімделеді. Бір институтарға өзгеріс ереже бойынша басқа институт өзгеріске әкеледі. Отбасылық дәстүрлердің әдеп-ғұрыптардаң тәртіп ережелері өзгергеннен кейін институтың қатысуымен осындай өзгешеліктерді әлеуметтік қамтамасыз етуде жаңа жүйесі құрылады. Шаруалар ауылдан қалаға көшкенде өздерінің субьмәдениетін саяси институтың, заңды ұйымдардың іс-әрекеттерінен өзгеруі тиіс. Саяси ұйымдардағы кез-келген өзгеріс біздің өміріміздің барлық жауабына әсер етуіне біз үйреніп қалғанбыз. Басқа институтарға  өзгерусіз құрылатын институттар және олардан жеке өндіріс институтар жоқ. Қоғам күрделі әлеуметтік құрылым және оның ішінде әрекет еруші күштер өте тығыз байланысқан. Осыған байланысты институттардың анық қызметтері институттардың белгіленген мақсатының бөлігі ретінде сезіледі. Жалпы алғанда, кез келген әлеуметтік институттардың негізгі қызметтері әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады. Бірақ бұл қызметтердің жүзеге асырылуына әрбір институт адамдардың бірлескен қызметтерін қамтамасыз ететін, қажеттіліктерді қанағаттандыруға тырысатын қызметтерді атқарады. Оларға мыналар жатады:

 -Қоғамдық қатынастарды дамыту  және біріктендіру қызметі. 

Әрбір институттың өзінің мүшелерінің тәртіптерін бекітетін және сол тәртіпті реттейтін ережелер мен нормалар жүйесі бар. Осығын сәйкес әлеуметтік бақылау институттардың әрбір мүшесінің қызметі қалай жүріп жатқанын көрсетеді. Институт қоғамның әлеуметтік құрлымының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

-Регулятивті қызметі.

Мұнда әлеуметік институттардың қызметелуі қоғам мүшелерінің арасындаға қарым-қатынасы реттеуді қамтамасыз етеді. Адамдардың барлық мәдени өмірі оның әртүрлі институттарға қатысуымен жргізіледі. Ол қандай қызметпен айналысса да оның сол саладағы тәртібін реттейтін институтпен қақтығысады. Егер қандай да бір қызмет реттелмесе, адамдардың өздері оны институтциялайды. Сондықтан институтардың көмегімен адамдар әлеуметтік өмірде стандартталған тәртіпті бейнелейді.

6

- Интегративті қызметі.



 Бұл қызмет институционалды  нормалар мен ережелердің, рөлдердің әсерімен жүретін әлеуметтік топтардың мүшелерінің бір біріне тәуелділігі мен жауапкершілігінің қақтығысу процесін қамтиды. Институттардың көмегімен жүзеге асырылатын интегративті процестер билікті жүзеге асыру үшін, күрделі ұйымдарды құру үшін, адамдардың жүйеленген қызметі үшін қажет. Интеграция дегеніміз ұйымның жандану жағдайы мен оның мүшелерінің мақсаттарының сәйкестену әдісі.

-Трансляция қызметі.

 Әрбір институт жаңа адамдармен толығып отырады. Бұл институттың әлеуметтік шекараларын кеңейтумен және ұрппақтың ауысып отырумен байланысты. Осыған байланысты әрбір институтта оның құндылықтары мен нормасына дағдыланып қалған механизмдер бар.

 

-Коммуникативті қызметі.



Институтта шығарылған ақпарат, институт ішінде және институттың арасында да таралуы тиіс. Коммуникативті байланыстың өзінің спецификасы бар. Бұл институттардың рөлдер жүйесінде жүзеге  асырылатын формальды байланыстар. Зерттеушілердің айтуынша институттың коммуникативті мүмкіндіктері бірдей емес: Мысалы біреулер арнайы ақпарат беруге арналса (БАҚ), ал басқаның бұған мүмкіндіктері өте аз. Бір институттар ғылыми мәліметтерді қабылдаса (ғылыми институтар) ал басқалары әлсіз қабылдайды. Институттың ашық қызметі өте қажетті. Олар кодекстерде жазылады, статустар мен рөлдер жүйесінде бекітілген. Егер институтар ашық қызметтерді ақтармаса, ол дезорганизацияланады.

-Латентті қызметі. 

Латентті қызметті қолдануда американдық оқулықтарда Генри Фордтың қызметі келтіріледі. Бұл адамның негізгі мақсатынан тыс, жоспарланбаған нәтижелері және олар қоғам үшін маңызды болуы мүмкін.

Әлеуметтік өмірдің  ақиқат бейнесін ғана біз институтың латентті қызметін зерттеу көмегімен анықтай аламыз. Латентті функциялар әлеуметтік құрлымды зерттеушілерді қызықтыруы тиіс. Оларды танудың қиындығы әлеуметтік байланыстыр мен әлеуметтік обьектілердің ерекшелігін құрумен анықталады.

7

  4.Әлеуметтік  институттардың қызметтері



 

Оқу білім – қоғамдағы  оқшау сала емес. Ол қоғамдағы әр түрлі құбылыс, процестерді бейнелей алатын сала. Ал, жоғарғы мамандандырылған, саналы, өз бетімен істелінетін еңбек, іс-қызмет, жұмыс беделінің төмендеуі қоғамды оқу, білім саласының заңды беделін түсіріп, маңызын кемітеді.

Әрине айта берсе, кемшілік, олқылықтар өте көп. Бұлардың обьективтік және субьективтік себептері бар. Обьективтік басты себептерге оқу, білім жүйесін қажетті қаржымен қамтамасыз етілуі жатса, субьективтік себептердің бастыларына – оқу, білім жүйесінің ғылыми дәленденген, өмірдің барлық және әрбір салаларына сәйкес келетін тиімді оқытудың, білім жоспарын, бағдарламасын, әдістермелерін, оқу және көрнекті құралдарды жасап, компьютерлерді кең қолдану, жаңа педагог кадрларды жасап, іріктеп алу, отбасымен байланыс-қатынстарды күшейту т.б. жатқызуға болады.

Қорыта айтқанда, оқу  білім ерекше әлеуметтік қызмет атқарады. Нақтылап айтсақ, ол әрбір адамды білімнің негізі мен жан-жақты, терең қаруландыруын, әлеуметтік және рухани тәрбиені сабақтастыруын, тұлғаны әлеуметтендіруін, оның интелектуалды және рухани мүмкіндігін қалыптастырады, т.б.

Қоғамның оқу, білім құбылыстарын, процестерін жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы-білім әлеуметтануды зерттейді. Ол білім жүйесінің белгілі бір заңдылықтары арқылы жеке әлеуметтік институт ретінде дамуын, оның қоғаммен және оның алуан түрлі салаларымен, басқа да әлеуметтік институт ретінде дамуын, оның қоғаммен және оның алуан түрлі басқа, да әлеуметтік жүйелерімен, процестермен, институттармен әр түрлі қарым-қатынасын, байланысын талдайды. Сонымен қатар білім жүйесі қоғамның әлеуметтік құрлымына, қоғамдық қатынастарға, еңбектің өнімділігіне, өндіріске және басқа іс-қызметтің тиімділігіне әсерін, жеке адамға тұлғаға айналдырудағы интелектуальды, білім процесінің рөлін, адамның табиғат және қоғам туралы білімді, озық тәжірбиені игеріп, бойына сіңіріп, оның үйлесімді дамуын, білім деңгейінің қызметке жұмысқа, тәртіпке әсерін, адамдардың ғылыми көзқарасының қалыптасуын, адамның қоғамдағы әлеуметтік жағдайының өзгеруін, т.б. талдап зеріттейді.

Бұл тұғырда құқық жалпы әлеуметтік бүтіндіктің бір бөлігі ретінде қалады. Құқық әлеуметтік мұқтаждықтың, талап-тілектің негізінде пайда болып, өмірге келеді. Сондықтан ол қоғамның басқа да әлеуметтік институттармен бірлесе, байланыса отырып, қоғамның бірлігін, тұрақтылығын қамтамасыз етіп отырады.

8

Құықтық институтционалдық сипаты оның басқа жақтарынан да көрінеді. Мысалы:  құқықтың іс-әрекеті, қызметі мемлекеттік институттардың іс-әрекеті, қызметі мемлекеттік институт арқылы қамтамасыз етіледі.



Оның ішінде құқықтық нормаларды орындау үшін мәжбірлеу шаралары қолданылады ал, құқықты бұзса, санкция белгіленеді. Дегенмен, әлеуметтанушылар әлеуметтік ұйымдар тұрғысынан құқықтық ережелердің алға қойған мақсатты орындауда, олардың қызметінің тиімділігінің артуына әр уақытта күдікпен қарайды.

Әлеуметтану тұрғысынан қарағанда құқықтық әлеуметтік үдеріс ретінде қаралуы тиіс. Ал, оны  осындай үдеріс ретінде түсіну - ол құқықтың ережелердің алға қойған мақсатты орындауда, олардың қызметінің тиімділігінің артуына әр уақытты күдікпен қарайды.

Әлеуметтануда құқықтық алуан түрлі әлеуметтік құбылыс, оның ішінде әлеуметтік институт ретінде қаралады. Бұл жерде құқық қоғамның обьективтік әлеуметтік нормативтік құрлымын белгілейді. Оның өзі оған әлеуметтік себептердің байланысын, шарттылығын анықтауға мүмкіндік береді.

Бұған қоса құқықтық нормалардың  қоғамның әр түрлі жақтарына тигізетін нақты ықпалын, оны халықтың алуан түрлі топтарының қалай қабылдайтынын, адамдардың құқықтық нысана бағыттарына, заң шығарушы саласындағы мемекеттік және мемлекеттік емес мекеме ұйымдарының жұмыс қызметін, олардың тиімділігінің артуын, т.б. зерттейді. Сонымен қоғам обьективтік факт бола отырып, адамды индивид ретінде қалыптастырады да оны белгілі бір қызмет атқаруға мәжбүр етеді. Екінші жағынан индивиттердің іс-әрекеті негізінде қоғамның іргетасы қаланады. Сөйтіп қоғам бізді анықтайды, ал екінші жағынан, біз керсінше қоғамды анықтаймыз.

Бұл қағида әлеуметтануда  құқықты зерттеуге де қолданылады. Әлбетте, құқық әлеуметтік факт, ол обьективті тұрғыда қоғамдық өмірдің негізі параметірлерін анықтайды, бірақ, құқықтың күші адамның жеке-дара қасиеті арқылы оның заңдылық ережелер тәртібін мойындаумен анықталады.

Құқықтық әлеуметтік институт болып, қоғамдағы алуан  түрлі қатынастарды реттейді. Қоғамдағы  тәртіпті, әлеуметтік бірлікті, тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Қоғамдық ой-пікір  әлеумет зерттеушілердің басты назарын аударады. Құқықтық әлеуметтануда қоғамдағы адамдар тобының құқықтық санасының дәрежесі мен деңгейі, бұрынғы қолданыста немесе жаңадан қабылданған құқықтық заңдарға, актілерге заң жолымен реттелетін көкейтесті мәселелерге қатынасы, сот және құқықтық органдардың ой-пікірі, көзқарасы, жұмыс әдісі, т.б. зерттеледі.

 



5.Отбасы әлеуметтік институт қызметі

 

Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болады. Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты.



Отбасы – кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен қаны бір туысқанымен, тұрмысының ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілігімен байланысты. Отбасы – қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрлымының негізі болып табылады.

Ер мен әйел - отбасының екі ірге тасы, бұл іргетас үйленумен құрылады. Отбасында адамдар ұрпақ жалғастырады. Сонымен қатар қоғамның қартайған, еңбекке жарамсыз мүшелерін қамқорлықта осында іс асырылады. Отбасы құрылуы тұрмыстық қатынастырудың да алғашқы ұясының бірі.

Отбасы тарихы өзгеріп, отырған әлеуметтік құбылыс, себебі формасы өндірістік қатынастарға, оның ішінде меншіктік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигимия ал, өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуына байланысты ол монологиялық отбасымен ауысады.

Отбасы некеге қарағанда  күрделі жүйе, себебі ол жұбайларды ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді.

Принципінде отбасы тұрақты үй. Олардың тұрақтылығы мен беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады. Оған әсер ететін құқық, дін, қоғамдық пікір, психологиялық факторлар, әсіресе экономикалық өмір бірлігі. Отбасының өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайларыда бар. Олар: әлеуметтік, таптық ортасы, материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің қабілетін, білім дәрежесі, олар сақтайтын әдет - әрбір жаңа отбасының адамдық, экономикалық негізі.

Бұлар отбасы мүшелерінің  қабілетін, адамгершілігін, жауапкершілігін сезінуінен байланысты.

Отбасының маңызы оның атқаратын  қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазмұны мен қатынасы тікелей байланысты.

Отбасы қызметі деген  түсінік оның қоғаммен, қытынасының  жүйесін көрсетеді, сонымен қатар отбасы мен жеке адамның қатынасының жүйесін көрсетеді.

10

Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады.



Отбасының бірінші міндеті - ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл бірақ тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, және адам үшін де маңызды қызметі болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі, қоғамның қай кезеңінде де болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған, қазір де солай.

Отбасының ең маңызды қызметінің бірі - тәрбиелік міндеті,  оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды.

Оның негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге алған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдату, үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу бойынша санасына сіңіру, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру, әке-шешенің ең маңызды міндеті.

Отбасының жақсы әдет-ғұрпы, үлгі-өнегесі, ауызбіршілігі, ерлі-зайптылардың сүйіспеншілігі, кездескен қиындықтарды жеңе білуі, тұрмыстық салт, бұларды ұрпақтан ұрпаққа беру, жалғастыру отбасының міндеті, оны нығатудың шарты.

Сонымен, біз отбасының  негізгі қызмет-міндеттерін қысқаша  қарастырдық. Олардың іске асуы көптеген факторларға байланысты, атап айтқанда, қоғамның саяси-экономикалық, рухани жағдайларына некеде тұрған азаматтардың білім дәрежесіне, мәдениетіне, өмір салтына, олардың құндылық жайлы түсініктеріне т.б. байланысты.

11

6.Қорытынды



 

Қоғамдық өмірдегі кейбір әлеуметтік институттың маңыздылығын есепке ала отырып, басқа институттар олардың қызметін  алады. Мысалы: білім беру қоғамда мыңызды роль ойнайды, осы институтқа әсер етуге саяси ұйымдардан, өндірістік ұйымдардан діни ұйымдардан байқалады. Саясаткерлер патироттық сезім мен ұлттық сезімді қолдау үшін мектептің дамуына байланысты. Сонымен қатар қоғамдық өмірдегі кейбір әлеуметтік институттың маңыздылығын есепке ала отырып, басқа институтар маңыздылығын есепке ала отырып, басқа институтар олардың қызметтерін бақылауға алады. Мысалы, білім беру қоғамда маңызды рөл ойнайды, осы институтқа әсер етуге саяси ұйымдардан, өндірістік ұйымдардан, діни ұйымдардан байқалады. Саясаткерлер патриоттық сезім мен ұлттық сезімді қолдау үшін мектептің дамуына қатысады. Ал діни институтқа білім беру жүйесінің көмегімен оқушыларды өздерінің қағидаларын ұсынуға шақырады. Өндірістік ұйымдар оқушыларды өндірістік мамандықтарды меңгеруге бағыттайды, ал әскери ұйымдар әскерде табысты қызмет етіп, адамдарды тәрбиелейді.

Басқа институтта отбасы институтына әсер ету туралы айтуға болады. Мемлекет некелер мен ажырасудың балалардың туылудың санасын реттей отырып, балалардың минемальды қамқорлықтарын бекітеді. Мектепке ата-аналардың қатысуымен мұғалімдер кеңесін құрып, ата-аналар комитетін шақырады. Діни  мекемелер отбасылық өмірідің идеясын құрып, діни өлкеде отбасылық  іс-шараларды өткізуге тырысады.

Көптеген институтардың  рөльдер мен тұлғалардың бірнеше институттарға кетуіне байланысты жанжалдасады. Мысалы, карьера мен отбасын алсақ. Бұл жағдайда бірнеше институтық нормаларының ережелермен қақтығысамыз. Социологиялық зерттеулері бойынша әрбір институт өзіне кіретін индивиттердің басқа институттарда рөлдерді атқаратын жоғарғы дәрежеде болдырмауға тырысады.

Осылайша, «әлеуметтік  институт» әлеуметтану танымында  белсенді пайдаланатын базалық санаттардан  бірі болып табылады. Бұл ұғымды әлеуметтану тұрғысынан түсіну басқа  әлеуметтік ғылымдардың әлеуметтік институттар мен қоғамдық өмірді зерделуін толықтыра түседі.

 

 



12

 7.Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Ш.Қ. Қарабаев, «Әлеуметтану негіздері» -Алматы, 2007.



 

2. Ұ.Е. Сыздықов, Ц.Р. Розенберг «Инженерлік еңбектің соцологиясы» -Алматы, 2005.

 

3. М.М. Тәжин, «Әлеуметтану» Оқулық // ҚазҰУ. -Алматы 2008



 

4. Б.Ғ. Шынтемірова, Т.Т. Шайхиева «Әлеуметтану» -Орал,2005.

 

5. Человек и общество // Социально-политические науки 1992 № 8



 

6. Н.Смелзер. Соцология М.1994



13

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет