Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы


Антибиотиктермен емделінген перитониттің ерекшеліктері



бет196/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008

Антибиотиктермен емделінген перитониттің ерекшеліктері: қазіргі уақытта антибиотиктердің жиі, кейде қажетсіз қолданылуы және кейбір дәрігерлердің антибиотикті барлық ауруларды емдеуге шипалы санауына (панацея) байланысты перитонитті антибиотиктермен емдеу аурудың даму көріністерінің өзгешеленуіне душар етіп отыр. Бұл сәтте дене қызуы төмен, іш ауыруы, іш қатаюы шамалы. Щеткин-Блюмберг симптомы анық емес. Қорыта айтқанда - перитониттің жергілікті симптомдары жоқ, ал аурудың жалпы жағдайы нашар. Бұндай жалпы және жеке көріністер арасындағы қайшылық дәрігерді қатты ойландыруы қерек.
Антибиотиктер аурудың көріністерін бәсеңдетіп, диагнозды қиындатады. Кейбір ауруларда қандидомикоз (ауыздың, ішектің, өкпенің саңырауқұлақтармен зақымдалуы) байқалады.
Ішпердесінің кұрылысы мен қасиеттері перитонитте кездесетін өзгерістермен оны емдеу шараларын дұрыс ұғынуға көмектеседі.
Ішперденің жалпы аумағы кең - 17 мың см.кв. Онымен іштің беті және іш мүшелерінің беті жабылған (париетальды және висцеральды).
Іш қуысын жоғарғы және төменгі деп екі бөлімге бөледі. Бұл екеуін бір бірінен көлденең тоқ ішектің шажырқайы айырады. Ащы ішек шажырқайымен іш қуысы оңға және солға бөлінеді. Бұған қоса жамбас қуысы бар.
Ішперденің құрамы күрделі, ол 6 қабаттан тұрады. Онда қан және лимфа тамырлары көп. Оның қан тамырлары қан айналысында зор маңызды қан депосы болады да, қан қысымының өзгеруіне және денедегі айналымдағы қан мөлшерін қалыптастыруға қатысады.
Перитонитте ішперденің қан және лимфа тамырларында қан мен лимфа жиналып артериальды қан қысымын төмендетеді.
Ішперденің екінші қасиеті - оның сорылғыштығы. Бір сағат ішінде брюшина аурудың жалпы салмағының 8% тең сұйықты сіңіре алады. Денеге сіңген сұыкқа қоса басқа зиянды заттар да сіңеді. Мәселен токсиндер, олар ағзаны уландырды.
Келесі қасиеті - экссудат шығару және жабысқақты үрдісіті күшейту. Дені сау, ішпердесі қабынбаған адамның ішінде азғана серозды су бар.
Перитонитте жиналатын сүйықтың мөлшері өте мол, кейде барлық іш қуыстары – "сумен" толады. Ішпердесінің әр себептен пайда болатын болмашы жарақаттануы іште жабысқақты үрдісін күшейтеді. Әсіресе шарбы майы өзінің қозғалғыштығынан жарақат тұсына және қабыну орнына жетіп оларды қоршап басқа сау мүшелерден жекелейді. Сөйтіп перитониттің қоршалған түріне жеткізеді. Кейде керісінше, ішперденің жабысқақтық қасиетінің күшеюі ішек түйілуіне, іш ауыруына ұшыратады.
Қабыну салдарынан пайда болатын экссудат көп мөлшерде қанға сіңсе ондағы токсиндер ағзаны уландырады, бауырдың барьерлік қасиетін нашарлатады. Бұнымен байланысты дене сарғаюы мүмкін.
Қабынуға ұшыраған ішпердесі қызарады, оның қан тамырлары кеңиді, бұл тамырларда жиналған қан көбейеді, ішперденің беті фибринмен жабылады да бұжырланады, қалыңдайды, өзінің жылтырлығын жояды.
Алғашқы сағаттарда экссудат серозды, одан соң қойыртпақталады, оған эпителий, бактериялар, фибрин, өлі лейкоциттер қосылып серозды-іріңді түрге айналады. Егер перитониттің себебі ішек таяқшасы болса экссудаттан күшті сасық иіс шығады.
Кейде перитониттің өте қатерлі шікті түрі кездеседі.
Экссудациямен қатар ішек сал ауру басталып, іш кебеді. Ішек шажырқайының лимфа бездері ісінеді.
Ішпердесі инфекциясын көбінесе бірнеше микроорганизмдер қосыла шақырады (ішек таякшасы, стафилококк, стрептококк).
Перитонит тек ішпердесінің қабынуы емес, ол бүкіл ағзаның ауруы. Іштен тараған токсиндер ми торшаларын және ішек жүйке тамырларын уландырып ішек парезіне, іш кебуіне әкеледі. Іш кебуі және іште көп сұйық жиналуы қан айналысын бұзады.
Перитонит патогенезінде келесі төрт жағдайдың әсері зор:
1. Вируленттігі зор микроорганизмдердің жиналуы.
2. Ішектің салдануы.
3. Қан айналысы және жүрек жұмысы нашарлауы.
4. Орталық және шеткі жүйке жүйесіндегі морфологиялық және функционалдық бұзылыстар.
Перитониттің ең жиі себебі - аппендицит. Жыл сайын бұрынғы ССРО-да 2 млн. астам адамдарда аппендицит ауруы кездесетін.
Екінші себеп – ойық жараның тесілуі, одан соң - іш жарақаттары мен әйелдердің жыныс мүшелерінің аурулары, ісіктер мен кисталар, холецистит, ішек түйілуі, іріңді панкреатит.
Кейде перитонитке паранефрит, іріңді лимфаденит (гематогенді және лимфогенді жолмен) плевритке ұшыратады. Кейде перитонитке баспа, грипп т.б. инфекциялы аурулар себеп болуы мүмкін.
Уремиядан, ішке қан құйылуынан соң басталатын асептикалы перитониттің іріңді перитонитке айналуы мүмкін.
Перитонитке себеп болатын іштің жарақаттарымен аурулардың диагнозы жедел анықталуға тиісті. Кешігу перитонитке ұшыратады. Екіншіден жарақатқа және жедел ауруға шалдыққандарды көптеген диагнозды анықтауға бағытталған тексерістерден өткізуге, консультанттар шақыруға уақыт жоқ. Кезекші дәрігерге, немесе поликлиникалық дәрігерге аталған жағдайларды жедел анықтауға тура келеді. Өйткені тесілген ойық жараны, жатырдан тысқары жүктілікті, бауыр, көк бауыр жарақатын т.б. аурулармен жарақаттанғандарды кешігіп (24 сағаттан кеш) операцияға алу олардың өлімін қазірдің өзінде 80-90%-ке жеткізеді.
Антибиотиктер қолдану, қан құю т.б. шаралар бос өткен уақыттың зардабын жоя алмайды. Аурудың басталуымен асқынуы арасы өте қысқа болатындығы дәрігердің ұзақ ойланып - толғануына мүмкіндік бермейді. Аурудың дамыған кезеңінде диагнозды анықтау оңай, бірақта ауруды аман сақтау қиын.
Әрқашанда перитонит басқа бір аурудың, жарақаттың салдарынан басталатындығы оның басталуымен дамуы арасында бірнеше сағат уақыт өтетін себебі. Алғашқыда бір орындағы қабыну үрдісі уақыт өте келе айналасына жайылады.
Дене ауыруын бәсеңдетіп аурудың алғашқы көріністерін жоятын дәрілерді қолдану дәрігердің білімсіздігін көрсетеді. Диагноз анықталғанға дейін морфин, омнопон, пантопон т.б. ауыруды басатын дәрілерді қолдануға болмайды. Бұл шарт іштің ашық жарақаттарында қабылданылмайды. Бұндай аурулар жедел операцияға алынады және диагноз анық.
Диагнозды анықтау өте киын жағдайда лапароцентез, лапароскопия немесе микролапаротомия орындалады.
Диагнозды ажырату. Кейде кеуде аурулары іштің қатаюын беруі мүмкін. Бірақта кеуде ауруларында перкуссия, аускулътация, рентгеноскопиямен айырықша көріністер анықталады.
Перитонитті бүйрек ауруларынан айыру аурудың басталған, орналасқан орны, иррадиациясы, зәр анализі негізінде жүргізіледі.
Холециститте - оң қабырғалар астының шаншып ауыруы. құсу, дене қызуының көтерілуі, ауырудың оң йықка, жауырынға, арқаға иррадиациясы, Мюсси симптомы, өт құсу, көз сарғаюы байқалады. Өт қабынуының ауыр түрлерінің (өт қапшығының флегмонасы, гангренасы) перитонитке себеп болуын ұытпау қажет.
Перитониттен ішпердесінен тысқары гематоманы айыру қиындығы кейде диагностикалы лапаротомия колдануға мәжбір етеді.
Ірінді перитониттің болжамы- Перитонитті туғызған себепке, микробтардың улы күшіне және макроорганизмнің қорғаныс күшіне байланысты.
Кешігіп орындалған операция аурулардың перитонит садарынан өлімін азайта алмайды. Мәселен, алғашқы 6 сағат ішінде орындалған операция өлімді толық жойса, 24 сағаттан соң орындалынған операциядан кейін науқастардың 30-40% шығын болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   360




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет