Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы



бет209/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008

6.3. ӨҢЕШТІҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ


1. Өңештің сыртқы жарақаттары - мойынның басқа күрделі мүшелерінің жарақаттануымен қоса кездеседі. Сондықтан өңештің сыртқы жарақатын анықтау және емдеу барлық жарақаттарды қоса тексерумен, емдеумен қатар орындалады. Бұл жағдайдағы зор қауіптердің бірі - жарақаттанған өңештен көкірекке инфекцияның жайылуы. Жарақаттанған адамға 2-3 тәулік бойы ауызынан тағам ішкізбейді. Өңештің жарасы ашылып оның айналасы дренажданады.


Өңештің іш бөлімінің жарақаттануында жұтынудың қатты ауырсынуы, қанды кұсық, қызу көтерілуі, жүрек жағдайы нашарлануы, шөлдеу, жарақаттанған адамның жағдайының шапшаң нашарлануы, инфекцияның плевраға, перикардка, көкірекке жайылуы салдарынан науқастың аз уақытта өлуі мүмкін.
Бұның алдын алу үшін тезірек өңеш жыртығын ашып, оның жарасын тігу, дренаждау, тампондау қажет. Іріңді плеврит, медиастинит, перитонит басталса плевротомия, медиастинотомия, лапаротомия орындалады.
2. Өңештің ішкі жарақаттануы - жұтылған тағаммен, бөгде затпен, сүйекпен т.б. заттармен өңештің ішкі қабатынан сыртына қарай жарақаттануы. Бұл жарақаттардың өңешті зондпен, эзофагоскоппен тексергенде кездесуі де мүмкін. Жарақат саяз және терең болуы мүмкін.
Симптомдары: лоқсу, тері астының эмфиземасы, пневмоторакс, өте ауыр жалпы жағдай, дене көгеруі, тұншығу, тамыр соғуының нашарлануы, зәр азаюы.
Өңештің жыртылуы тек операциямен емделеді.
3. Өңеш тесілуі :
а) cay өңештің инструментпен тесілуі (зонд, эзофагоскоп, шприц, бөгде заттар).
б) Аурумен өзгерген өңештің тесілуі (ісік, аневризма).
Өңештің тесілуінде оның жыртылуындағыдай симптомдар орын алады. Бірақта бұл симптомдар алғашқыда ауыр емес және анық емес. Перфорацияланған өңештің еттері ісініп қабынуы тесікті қысып одан бос ауаның шығуын бәсеңдетеді. Сондықтан перфорацияда тері асты эмфиземасы болмашы немесе толық жоқ.
Сау өңештің перфорацияға ұшырағанында жедел операция жасалып тесік тігіледі, дренаждалынанды. Кажет болса уақытша қарын жыланкөзі орындалады.
4. Өңештің күюі:
а) Өңештің ыстық тағаммен күюі сирек кездеседі және жеңіл өтеді. Оларды тағамды салқындатып қабылдаумен, ауыру сезімін басатын дәрілерді қолданумен емдейді.
б) Көбінесе өңештің химиялық күюі кездеседі. Сілтілі немесе қышқыл химиялық сұйықтарды әдейі немесе байқаусыз ішуде байқалады. Күйіктің ауырлығы ішілген заттың концентрациясымен, мөлшерімен, оның өңеште сақталған уақытымен байланысты. Аталынған жағдайларға байланысты өңештің жеңіл (тек ішкі, кілегейлі қабаты) күюі, немесе ауыр терең күйігі кездеседі. Жеңіл күйігі бірнеше тәуліктен соң жазылады. Ауыр күйігінде ҮІІ-VІII тәуліктерде некрозденген кілегейлі қабат шіріп оның астында жеңіл қанағыш грануляциялы жара пайда болады. Келешекте бұл грануляцияланған жара тыртықтанып өңештің көзін бітейді немесе оны тарылтады. Кейде қысқа уақытта өңеш айналасының флегмонасы басталып аурудың өліміне ұшыратады. Ал өте көп және концентрациясы күшті элементті ішкенде өңештің барлық қабаттары шіріп-тесіліп адамның шоктан, уланудан, қан ағудан тез өліп кетуі мүмкін.
Симптомдары - өңештің химиялы күйіктерінде алдымен ауыздың, жұтқыншақтың, қарынның, өңештің күшті ауыруы байқалады. Химиялық элемент тыныс жолына да енсе -тұншығу, ентігу, үрейлену байқалады. Лоқсу, қан түкіру, кейде түкірікпен қоса некрозданған өңеш кілегейлі қапшығының үзінділері байқалады. Мойын флегмонасы кездесуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   360




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет