б) Өңештің созылмалы қабынуы
Өңеш дивертикулында, стриктурасында, ісіктерінде, жүректің ауыр (декомпенсациялы) кемістіктерінде, арақты жиі ішетін адамдарда байқалады. Бұл жағдайда өңештің кілегейлі қапшығы қызарады, ісініп - қалыңдайды, оның қан тамырлары кеңиді. Сілекей аз шығады. Өңеш құрғайды.
Емдеу - ауруға ұшыратқан негізгі себепті анықтап, оны емдеу қажет. Кейде өңештің ауыруын басу үшін 3% дикаин, 2-5% новокаин ерітіндісімен, 1-3% танинмен, 2% күміс суымен сүрту пайдаланылады.
б) Өңештің рефлюксті ауруы - қарынның кардиальды жомының (жабу механізмінің) әлсізденіп созылып, кеңеюі салдарынан қарын қышқылының өңешке енуі (рефлюкс) оның қабынуына ұшыратады. Өңештің кілегейлі қапшығы ісінеді. Ауру қарын немесе ұлтабар ішегінің ойық жарасына ұқсас симптомдар береді (ауыру, қыжылдау, кекіру). Өңеш қабынуына және өңеш ойық жарасына ұшыратады. Бұл жарадан қан ағуы мүмкін.
Диагнозды анықтау үшін рентгендік тексерістерді қолдану қажет.
Емдеу - қарынның ауруын емдеуге ұқсас - консервативті тәсілдерден құралады. Тек осы емнің нәтижесіздігінде хирургиялық шаралардың қажеттігі туады. Қолданылатын операциялардың негізі қарынның қышқылын өңешке өткізбейтін кедергі жасау болады. Бұл ұшін қарыннан өңештің төменгі (абдоминальды) бөлшегін айналдыра қысып түратын жом жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |