Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы



бет203/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008

Өңешті тексеру тәсілдері
1. Рентген контрасты тексеріс,
2. компьютерлі томография,
3. эзофагофиброскопия,
4. эзофагоскопия,
5. эзофаготонокимография - өңештің қабырғаларының және сфинктерлерінің, тырысу күшін қағазға жазу,
6. РН - метрия - арнайы зонд көмегімен қарын - өңеш рефлюксін анықтау.
6.2. ӨҢЕШ АУРУЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҮРЛЕРІ
1) Өңештің туа пайда болатын аурулары
а) Өңештің бітеулігі, оның ортанғы немесе төменгі бөлімдерінің жоқтығы, тыныс жолдарымен жыланкөзі т.б. Көптеген кемістіктер көбінесе бет, ауыздың басқа кемістіктерімен қоса байқалады.
Диагнозды анықтау оңай. Бұндай нәрестелер тағам жұта алмайды. Емген сүті қайта құсылады, құсық қатты жөтелмен, дене көгеруімен аяқталады.
Контрасты дәрі жіберіп жасалынған рентгенография аномалияның түрін, орнын анықтайды.
Емдеу тәсілі тек операциямен.
б) Өңештің созылып кеңеюі - туа және жүре пайда болады. Кейінде кеңеюіне өңеш жолында кедергі пайда болуы себеп болады (тыртық, ісік, гастроптоз, көкет жарығы). Өңештің кеңейуіне кардиоспазм да әкеледі.
Ауру ұзақ уақыт еш көрініс бермейді. Тек өңеш жарақаты, инфекциялы аурулары өңештен тамақ өтуін бұзады. Кейбір аурулар сұйық тамақты, ал кейбіреулері қою, қатты тамақты жақсы жұтады. Өңеш жұқарып, әлсізденіп тағамды қарынға итере алмайды. Тағам өңешке жиналып шіріп сасық иісті кекірік, құсық береді. Қабылданған тағамды өңештен қарынға өткізу үшін ауру адамдар кеудесін қысады, тынысын тоқтатады, жүреді, тік отырып ұйықтайды. Өйткені өңешке жиналған сілекей жатқанда ауыздан ағады. Науқас адам жүдейді. Ауру ұзақ жылдарға созылады. Сондықтан диагнозды анамнездің негізінде анықтауға болады.
Перкуссиямен тағамға, сілекейге толған, кеңіген өңеште омыртқалардың екі жанынан жуан дыбыс анықталынады. Өңешті тағамнан сілекейден босатқаннан соңғы перкуссия жіңішке дыбыс береді.
Қарын кардиясына дейін зонд өткізгенде өңештен көп сілекей, тағам қалдықтары шығады.
Эзофагоскоп өңешке жеңіл енгізіледі. Өңеш ішінде ол "бос қозғалады" (Венгловский симптомы). Рентгенмен тексергенде кардияның тарылуы және өңештің созылып кеңейгендігі анық көрінеді.
Өңеш созылуын емдеуді оған себеп болатын кардиоспазмды емдеуден бастайды. Бұл үшін келесі консервативті тәсілдер қолданылады:
1) Өңешті жуып тазарту. Бұдан соң
2) 1-2% бор қышқылымен немесе күміс суымен жуып өңеш қабынуын басу.
3) Атропин ішкізу немесе егу.
4) Адреналин егу.
5) Бромды, витаминді препараттар.
6) Бужбен кардияны кеңейту.
7) Темір диллятаторларды қолдану.
Аталған консервативті тәсілдер нәтиже бермегенде оперативті тәсілдер қолданылады.
1) Гейровскидің диафрагма астының эзофагогастростомиялық операциясы - өңеш пен қарын анастомозы.
2) Кардиотомия (Геллер операциясы) тарылған кардияны оның кілегейлі қабатына дейін тіліп кеңейту. Бұдан пайда болатын жараны қарыннан, көк еттен алынған құрақпен жамап кардиопластика жасау (Ламберт, Зауэрбрух, Петровский Б.В.)
в) Өңеш дивертикулы - өңеш қабырғасының азғана жерінің қалталанып созылуы. Бұл созылған қалтаның ішкі кілегейлі қапшығы өзгермеген. Дивертикулдың томпайған (пульсионные) және ұзарған (тракционные) түрлерін бөледі.
Ауру ұзақ уақыт еш бір көрініс бермейді. Тек, дивертикул қабына келе, тағам өтуі бұзылғанда ғана дәрігер қабылдауына барады.
Сілекей, қақырық көп шығады, жұтқыншақ құрғайды, жиі жөтел байқалады, өңеште "бөтен зат" сезіледі, кейде кұсық байқалады. Уақыт өте келе тағам жұтыну қиындайды, өнештегі "бөтен зат" анық сезіледі, лоқсу, кұсу жиілейді. Ауру ақырындап жүдейді, әлсірейді одан әрі асқынып пневмонияға, өкпе гангренасына, мойын флегмонасына соғып ауру өліміне ұшыратады (16-17%).
Аталған шағымдарға қоса өңешті рентгенмен тексеру диагнозды анықтайды.
Емделуі: мезгіл - мезгіл өңешті жуып тазарту, дивертикулге жиналып шіріген тағам қалдықтарын тазарту уақытша шипалы әсер береді.
Операциямен емдеу XIX ғасырдан белгілі.
I. Дивертикулды толық кесіп алып тастау қазіргі уақытта қатерсіз, орындалуы оңай операция болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   360




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет