1. Диафрагма және бауыр астының абсцесстері оң немесе сол диафрагма астында диафрагмамен бауыр және көлденең тоқ ішеқ арасында орналасады. Оларға аппендицитте, холециститте, қарын перфорациясында, жедел панкреатитте т.б. іш мүшелеріне жасалатын операциялар әкеліп соғады.
Клиникасы - оң немесе сол қабырғалар астының тұракты ауырсынуы. Ауырсыну демді ішке тартқанда күшейеді, ол иыкқа, арқаға, жауырынға беріледі. Лоқсу, ықылық ату байқалады. Дене қызуы жоғары, қан тамыры соғуы 100-110 дейін шапшаңдалады. Ауру бір қырындап жатады, кейде жартылай отырады. Тіл кұрғайды, сұрғылт шырышпен жабылады.
Іш жеңіл кебеді, ауырсынады, қабырғалар астының, олардың арасының ауырсынуы. Осы орындарда терінің ісінгендігі байқалуы, ал ішпердесінің қозу симптомдары анықталмауы мүмкін.
Қанда - лейкоцитоз, нейтрофилез, формуланың солға ығысуы, ЭТЖ өсуі сияқты іріңді улану қөріністері анықталады.
Диагнозды анықтауда рентгенмен тексеру өте маңызды. Диафрагма астының абсцессінде - диафрагма күмбезінің жоғары көтерілгендігі, оның қозғалуының бәсеңденуі, плевра куысына қабыну сұйығының жиналғаны анықталынады.
Диафрагма астының абсцессінің тікелей көрінісі болып жоғарғы жиегі тегіс сүйық және оның үстінде газ жиналуы саналады.
Ультра дыбысты тексерудің және компъютерлі томографияның маңызы зор.
Қоршалған перитониттер (абсцесстер) операциямен емделеді. Іріңдік ашылады және дренаждалады. Операция ішпердесі арқылы немесе одан тысқары (А.В.Мельников) жолмен жасалады.
Кейде абсцессті УЗИ немесе компьютерлі томография бақылауымен тері арқылы пункциялаумен емдейді.
2. Тік ішекпен жатыр арасы ойшығының (Дуглас кеңістігінің) абсцессі - іш куысының ең төменгі орны жамбас қуысында орналасады. Бұның негізгі себептері - деструктивті аппендицит, ірінді гинекологиялық аурулар. Сирегірек - өткен жалпы перитонит болады.
Аурудың клиникасы - іштің төменгі бөлігінің тұрақты ауырсынуы, тенезма және шырышты сұйықпен іш өтуі. Тік ішекпен қуық қабынып ісінгенінде артқы тесіктің жабылмауы, нәжіс пен газды ұстамау, дизурия. Дене қызуының 39 градусқа дейін көтерілуі және оның 2-3 градусқа көтеріліп - төмендеуі. Тік ішекті саусақпен тексергенде - ішектің алдынғы қабырғасының созылып төмендегендігі және оның күшті ауырсынуы, флюктуациясы, ал кейде қатаңданғандығы анықталады.
Әйелдерді қынап арқылы тексергенде оның артқы кумбезініңсалбырағандығы, жатыр мойнын қозғағанда қатты ауырсынуы (Промптов симптомы). Диагнозды анықтау үшін ультрадыбысты тексеріс, қынаптың артқы кумбезін, тік ішектің алдынғы қабырғасын инфильтраттың жұмсарған жерінде тесіп диагноз анықталады.
Абсцесс операциямен емделеді. Ауруға наркоз беріп, anus созылады. Ііріңдік абсцессті пункциялаған инемен қатар тілінеді. Осы жара арқылы абсцесстің ішіне дренаж енгізіледі.
3. Ішектер арасының абсцесстері - деструктивті аппендицитте, қарын және ұлтабар ішегі перфорациясында, жалпы ірінді перитониттен кейін басталуы мүмкін.
Клиникасы - іште белгілі тұрақты орыны жоқ ауыру, іштің кебуі, дене қызуының көтерілуі. Қанда лейкоцитоз, ЭТЖ шапшаң. Рентгенде - күңгірт көлеңкелер, кейде-газ. Ультра дыбыс және компъютерлі томография диагнозды анықтайды.
Абсцесс операциямен ашылып, іріңнең тазартылып дренаждалумен емделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |