Перитониттің ерекше түрлері
1. Түберкулезді перитонит - өкпе, лимфа бездері түберкулезінде гематогенді жолмен жайылады және мезентериальды лимфа бездерінің түберкулезінде. Ауру жедел, созылмалы және созылған түрде өтеді.
Экссудативті, казеозды - ойық жаралы, фиброзды түрлері бар. Аурудың түрлеріне байланысты клиникасы әр түрлі. Асцит, ішектің жартылай немесе толық түйілуі, немесе жайылған перитонит. Диагноз үшін анамнездің және түберкулинмен сынақтардың маңызы зор.
Емдеу тәсілі – консервативті, түберкулезге қарсы. Тек ішектің толық түйілуінде -операция.
2.Генитальды перитонит - спецификалық емес және спецификалық түрлерін бөледі.
а) Спецификалық емес пельвиоперитонит - қабынған жатыр түтіктерінен, аналық безінен, параметриядан, іріндеген кистадан іріңнің ішке ағуынан басталады. Перитониттің бұл түрі жеңілдеу ағынмен өтеді. Іш ауырсынуы, дене қызуы антибактериалды терапия әсерінен бәсеңденеді, экссудат тарап кетеді. Аурудың дамуында жалпы перитонит басталады, ірінді улану, гипертермия күшейеді.
Қабыну қоршалса абсцесс пайда болады. Бұл жағдайда абсцесс ашылады жэне дренаждалады.
б) Спецификалық пельвиоперитонит - гонококкті флорамен байланысты созбен науқастардың 15%-де пелъвиоперитонит дамиды. Инфекция ішке жатыр түтікшелері арқылы жайылады. Қабыну жамбас қуысынан шықпайды. Іштің төменгі бөлігі қатты ауырсынуы, тенезма, іш өтуі, дене қызуы көтерілуі, іш кепкен, оны басқанда қатаңдануы, Щеткин-Блюмберг симптомы анық. Ректальды - вагинальды тексерісте - жамбас пердесінің қабынуының көріністері, қынаптан серозалы - іріңді сұйық шығады.
Бұл перитонит консервативті тәсілмен емделеді. Ішке суық қояды, дезинтоксикациялық және антибактериялдық терапия жүргізіледі.
13-ші науқас 18 жасар азамат клиникаға түнгі 23 сағатта медициналық жедел көмекпен әкелінген. Шағымдары: оң жамбас тұсының ауырсынуы, лоқсу, ауыз құрғауы, әлсіреуі. Дене қызуы 37,8 градус. Бұдан бұрын ауырмаған.
Бір күн бұрын сағат 16-да іштің оң бөлімінің шаңшып ауырсынуы, лоқсу пайда болған. Сағат 21- де іш ауыруы күшейіп жедел көмек шақыруға мәжбір болды.
Іштің сыртқы көрінісі өзгермеген, бауыр, көк бауыр үлкеймеген, іштің оң бөлшегі тынысқа нашар қатынасады. Илеоцекальды аймақты қолмен басу іштің ауыруын күшейтеді. Соқыр ішектің кеңейгендігі анықталады. Щеткин-Блюмберг симптомы анық. Ситковский, Воскресенский симптомдары байқалады. Қанда лейкоцитоз - 11200, ЭТЖ - 27 мм/час.
24 сағатта ауруға аппендэктомия жасалынған. Операциядан сонғы диагноз -перфорацияланған аппендицит, перитонит. Перфорацияның себебі науқастың емханаға ауру басталғанынан соң кешігіп жеткізілуі.
Сурет № 17. Жалпы перитонитті емдеу принциптері.
|
Сурет № 18. Жайылған перитонитте орындалатын перитонеальдық диализ.
|
Сурет № 19. Тік ішек пен жатыр арасынын ойшығының абсцессі.
Перитониттер туралы арнайы әдебиеттер:
Дерябин И.И. – Перитонеальный диализ. Л. Медицина, 1977.
Коваль М.М. – Комплексное лечение больных перитонитом. Киев, 1981.
Кузин М.И. – Разлитой гнойный перитонит и острая почечная недостаточность. Ташкент, 1978.
Лохвицкий С.В. – Перитонит. Караганда, 1987 с. 14-21.
Мадыкенов О.М. - Руководство по диагностике и лечению острых хирургических заболеваний органов живота. Караганда, 1995.
Савчук Б.Д. – Гнойные перитониты. М, медицина, 1974.
Симонян К.С. – Перитонит. М, медицина 1971.
Струков А.И., Петров В.И., Патков В.С. – Острый разлитой перитонит. М., 1987.
Сельцовский П.Л. – Разлитые гнойные перитониты. М. 1963.
Федоров В.Д. – Лечение перитонита. М. 1974.
Попов В.А. – Перитонит Л. Медицина 1985.
Шалимов А.А., Шапошников В.И., Линчук М.Г. – Острый перитонит. Киев 1981.
Запорожец А.А. – Послеоперационный перитонит (патогенез и профилактика). Минск, 1974.
Достарыңызбен бөлісу: |