Эндемиялыжемсау ауруы көне заманнан белгілі. Гиппократ, Ю. Цезарь галлдардың (француздар) арасында мойындары жуандары жиі кездесетінін жазған. XIX ғасырға дейін қалқанша безінің ісінуінің себебі белгісіз болатын. Бұны тыныс жолының жарығы санайтын.
Жемсау ауруы жер жүзінің барлық аймақтарында кездеседі. Барлығы 200 млн. науқастар бар деп саналады.
Эпидемиалы жемсау тұрмыс жағдайы нашар (дымқыл, вентиляциясыз үйде тұру, сапасыз, калориясы аз тағамдармен қоректену, авитаминоз) ауру жас азаматтарда жиі басталады. Бұнымен қатар эпидемиялы жемсау белгілі аймақтарда жиі және бұл аймақтарда адамдарға қоса малдар да ауырады. Бұндай аймақтар үлкен өзендер мен таулар маңайларында орналасады. Мәселен, Швейцария Альпасының тұрғын балаларының 90% қалканша безінің үлкейгендігі анықталады.
Қалқанша безі - ішкі секрециялық мүше. Безден шығатын гормондар қанға кұйылып нәурыздар, майлар, көмірсулар алмасуын және сіңуін қалыптандырады, ағзаның инфекцияға қарсы қорғаныс реакциясын күшейтеді.
Қалқанша безінен бір емес бірнеше гормондар шығады. Олардың әсерлері әлі толық анықталмаған.
Бездің аурулары оның гормондарының көп немесе аз шығуымен байланысты. Осының әсерінен ағзадағы алмасу үрдісі көтеріледі немесе төмендейді.
Қалқанша безі ағзадағы басқа ішкі секреторлы бездермен (гипофиз, ұрық бездері) және вегетативті жүйке орталықтарымен байланысты. Қалканша безі гуморальды және жүйке жүйелеріне бағынышты.
Без қанды төрт қалқанша безінің артерияларынан (2-жоғарға және 2-төменгі) алады, жоғарғы артериялары сыртқы ұйқы артериядан басталады, ал төменгі артериялары бұғана асты артериясынан басталады.
Бездің венозды қан тамырлары өте көп және олар өз ара жақсы анастомозданған.
Қалқанша безінің иннервациясы күшті. Симпатикалы жүйке тамырлары артериялармен қатар жүреді. Оларға қоса безге кезбе жүйкенің бұтағы - қайтармалы нерв (n. recurens) жақындайды. Бұл жүйкені кесу немесе байлау дауыс шығуын бұзады. Аурудың дауысы шықпайды. Бұл дыбыс байламдарының салдануымен байланысты. Ересек адамдарда қалқанша безінің салмағы 20-35 г. болса, нәрестелерде 1-2 г.
Эпидемиялық және спорадикалық жемсауларда бездің өсуі жайылмалы немесе нодозды түйінді болуы мүмкін.
Ұзақ уақыт өскен безде дәнекерлі тіндер көбейіп, безді қатаюы кейде онда әк жиналуы мүмкін.