Диффузды-токсикалы жемсау, Базедов ауруы, тиреотоксикоз көптеген және әр түрлі симптомдар береді. Бұл симптомдарды негізгі және қосымша (басқа мүшелерден байқалатындар) деп екі топқа бөлуге болады:
Негізгі көріністер:
1) Базедов үштігі – көздер бадрақтануы, бездің үлкеюі, жүрек соғуы жиілеуі.
2) Мари-Шарко симптомдары қолдың, аяқтың, тілдің, бастың қалтырауы (тремор).
3) Жүдеп - арықтау.
4) Тершеңдік.
Қосымша көріністер
I. Көз симптомдары:
1. көздер кеңейген, жылтыраған (блестящие), көз карашықтары кеңейген, көз қарасы "сескенішті", "ашулы".
2. Мебиус симптомы - көздердің конвергенциялық жағдайы нашарланады - қимылдаған заттарды көру бұзылады.
3. Грефе симптомы - көзді жұмғанда жоғарғы кабақтың толық жабылмауы
4. Штельваг симптомы - қабақтың сирек жабылуы
II. Нерв жүйесіндегі бұзылыстар:
Сезімталдық, құбылмалық, мінезінің шапшаң өзгергіштігі, асығыстану, берекесіздену, өте ауыр тиреотоксикозда - психоз.
III. Науқастың конституциялы өзгерістері - ауру адам өз жасынан жастау көрінеді, оның дене терісі жұқа, ақ түсті, дымқыл және қан тамырларына бай, дермографизм күшті.
ІV. Трофикалық өзгерістер - шаш түседі, тырнақтар сынғыш, саусақтар ұзын, жіңішке -"мадоннаның қолы".
V. Дене қызуы және тыныс алу бұзылады. Науқас дене қызуын, бетке, басқа денеге қан жиналуын сезінеді, дене қызуы субфебрилъді. Тыныс алу жиіленген. Науқастар ыстықты нашар көтереді - оларда күн сәулесінен сескену, қорқу байқалады. Өйткені күнге күю аурудың асқынуына ұшыратады.
VІ . Тиреотоксикозда әрқашанда жүрек жағдайы және қан айналысы бұзылады. Кан тамырының соғуы күшті-мойында көзбен көрінеді, кейде аритмия, асистолия байқалады. Науқас адам шаршағыш, ентіккіш. Жүрек кеңіген, үлкейген (гипертрофия). Жүректі тыңдағанда одан систолиялы шуыл естіледі. Тамыр қысымы (жоғарғы және төменгі қан қысымы арасының өзгешілігі) жоғары. Аурулардың көбінде сілекей шығуы күшті, ал кейбіреуінде, керісінше ауыз, тіл құрғақ.
VІІ. Ішек қарын өзгерістері – тәбет нашар, нәжіст сирек шығады немесе іш өтеді.
VІІІ. Қандағы өзгерістер - лейкопения, лимфоцитоз, нейтрофилдер саны азайған, эозинофилия, қанның ұюы бәсенденген.
IX. Жыныс – зәр мүшелеріндегі өзгерістер - зәр шығуы жиілейді, жыныс мүшесінің жағдайы нашарлайды, кейде - импотенция. Әйелдерде -аменоррея және дисменоррея (етек кірі тоқталуы немесе бұзылуы).
X. Жалпы зат алмасу үрдісінің өзгеруі. Заттар алмасуы 10-100 дейін көтерілуі.
Зат алмасуды келесі формулалардың бірімен анықтауға болады.
Брейтман, Рид, Джейль формуласы. Олардың арасында ең ыңғайлысы Джейлъ формуласы: 0,0(негізгі алмасу) = П+ПД - III. П – тамыр соғуы, ПД - тамыр соғуының қысымы.
Тексеріс таңертен аш қарында қан тамыры және қан қасымы 3 рет анықталады да олардың орта көрінісін формулаға орналастырады.
Мәселен тамыр соғуы 110. А/Д - 170/90, тамыр соғуының қысымы 80 тең. Бұл цифраларды Джеилъ формуласын қолданып жалпы алмасудың 79% көтерілгендігін анықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |