Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы



бет236/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008

Сүт бездері ауруларының жіктелуі
I. Даму аномалиясы:
а) амастия - бір немесе екі бездің жоқтығы,
б) мономастия - бір бездік,
в) анизомастия - бір бездің өспегеніндегі еінші бездің үлкеюі,
г) полимастия - қосымша бездер,
д) микромастия - екі емшектің бір мөлшерде өспеуі,
е) макромастия - бездің өсуі,
ж) мастоптоз - бездердің созылып төмен түсуі.
II. Жарақаттары:
а) Еміздіктер жарылуы (трещина). Баланы емізуден бұрын және кейін -40-50% спиртпен, 1:500 фурациллинмен сүртеді, метилурацилді маймен майлайды, улътракүлгін сәулемен қыздырады.
б) Соғылу, гематома, жалған киста. Гематома іріңдесе, кистаға айналса – операция қажет.
III. Сүт бездерінің қабыну аурулары: (спецификалық емес қабыну аурулары) – маститтер.
ІV. Сүт бездерінің созылмалы спецификалық аурулары:
а) Сүт бездері түберкулезінің - түйінді, ойық жаралы, склерозданған (қатаң) және жыланкөзді түрлерін бөледі. Туберкулез микобактериясы емшекке сүт тамырлары, лимфа және гематогенді жолдарымен жайылады.
Науқасты емдеу туберкулезге қарсы жалпы емнен (спецификалық) құралады.
б) Сүт бездерінің мерезі.
в) Актиномикозы – алғашқы түрінде – саңырауқұлақ тері жаракаты арқылы, екінші актиномикозда - лимфогенді жолмен ауруға ұшыраған қабырғалардан, плеврадан, өкпеден тарайды.
Емшек актиномикозын емдегенде оның резекциясы жасалады, актинолизаттар, пенициллин, витаминдер, иммунотерапия қолданылады.
V - Сүт бездерінің дисгомональды дисплазиясы:
а) Мастопатия (Реклю, Шиммелъбуш ауруы) - гормональды реттіліктің бұзылуында безде қатаң ісік және гипертрофия өседі. Мастопатияны қатерлі ісіктен айыру қиын және оның кейбіреулері ісікке шабуы мүмкін. Көбінесе мастопатия 30-50 жастағы әйелдерде кездеседі.
Мастопатияның диффузды түрінде менструация алдында және ортасында емшекте ауырғыш ісік, кейде еміздіктен сұйық пайда болады.
Түйінді мастопатияда ісік ауырмайды, ісік терімен, еміздікпен байланыссыз, ісік қозғалғыш. Лимфа бездері ісінбеген. Ісік менструальды циклге байланысты өзгермейді.
Маммограммада - қатаң тартпалар (тяжи), кейде безде кальций тұзының жиналуы анықталады. Бұл қатаң бөлшектер жұмсарған (кисталар) бөлшектерімен аралас.
Мастопатияның қатерлі ісікке ауысуында ісік одан әрі катаяды, тартпалар, көлеңкесі күшейеді.
Диагнозды анықтауда бездің секторальды резекциясын жасап биопсиялы морфологиялы тексерісті орындау өте маңызды.
б) Гинекомастия - еркектерде эндокринді бездер (жыныс, бүйрек үсті бездері, гипофиз) қызметінің бұзылуы әсерінен пайда болатын емшектің дисгормональды ауруы. Жас өспірімдерде диффузды, ал ересектерде түйінді түрлері кездеседі. Гормональды емге көнбеген түрлерінде тері астылы мастэктомия операциясы орындалады.
VI. Сүт бездерінің қатерсіз ісіктері:
а) Фиброаденома - 15-35 жас арасындағы әйелдерде (90%) кездесетін жеке түйіншекті ісік. Ісік дәнекер тіндермен пролиферацияланған эпителиальды элементтерден құралады.
Ісіқ дөңгелек, оның беті тегіс, айналасындағы тіндермен байланыссыз, ісік ауырмайды.
Маммограммада - дөңгелекше ісік анық.. Ісік өте кішкентайдан өте аумақтыға дейін.
Фиброаденома операциямен емделеді.
б) Аденома - оны фиброаденомадан айыру өте қиын. Бұл үшін гистологиялық тексеріс қажет.
в) Сүт тамырлары папилломалары - еміздіктен канды сұйықтың ағуы. Диагнозды анықтау үшін еміздіктен ағатын сүйықты және безден кесіліп алынған тінді цитологиялы және гистологиялы тексерістен өткізу қажет.
г) Липома - сүт безінің үстінде, көбінесе ретромаммарлы орналасатын майлы ісік.
VII. Сүт безінің катерлі ісіктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   360




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет