Клиникалық ағымына қарай аурудың 3 түрін бөледі:
а) Дене қан тамырларының тромбозы көрінісінен басталатын түрі (41%) .
б) Қан тамырлары тромбозының көріністері өкпе тромбэмболиясынан соң анықталатын түрі "шешіккен аяқ" - аяқтың ауыруы кеш байқалады (43%).
в) Аяқ қан тамырлары өкпе тромбоэмболиясына себеп бола тұра өзі анық көрінбейтін түрі " үнсіз аяқ " (16%).
Өкпенің тромбоэмболиясының белгілері мен көріністері тромбозға ұшыраған қан тамырларының түріне, орнына байланысты. Өкпенің тромбоэмболиясы әйелдерде және қарт адамдарда жиі кездеседі.
Ауру тыныс алудың бұзылуынан, кеудеде қатты шаншудан, бет пішіні бұзылып көгеруінен, жөтелден, қан аралас қақырық шығуынан басталады.
Өкпе тромбоэмболиясы белгілерін келесі синдромдарға бөлген жөн:
1. Өкпе мен кеуденің көк етімен байланысты синдромдар - ентігу, дене көгеруі, кеуде шаншуы, жөтелу.
2. Жүрекке байланысты синдром. Төстің астының шаншуы, тамыр соғуының жиіленіп нашарлануы, кан қысымы төмендеуі, коллапс.
3. Миға байланыстысиндром. Естен тану, аяқ-қол қозғалмау, сезімін жоғалту, дене тырысуы.
4. Бүйрекке байланысты синдром - зәр азаяды, не толық жоғалады (олигурия, анурия).
5. Ішке байланысты синдром - бауырда қан айналысы нашарлауына байланысты ол ісініп, сыртқы Глиссон қапшығының созылуыанан іш қатты ауырады, қан қысымы жоғарылайды.
Кеудені рентгенмен тексергенде өкпенің тамырында қанның ұйығаны көрінеді, көк ет жоғары көтеріліп оның қозғалысы нашарланғандығы. ЭКГ-да жүректің оң бөлігінің жұмысының нашарланғандығы анықталады.
Диагнозды анықтау үшін рентгенопульмонография, перфузиялы сканография, ангиопулъмонография пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |