Дифференциалды диагноз - ең алдымен диабеттік гангренадан айыру қажет. Диабеттік гангрена көбінесе қарт адамдарда байқалады. Оларда диабетке қоса атеросклероз, инфекцияға қарсы реакцияның нашарлығы және диабет салдарынан басталатын неврит қоса әсер беріп гангренаға ұшыратады.
Диабетті гангреналар ауыр улануға, еттер арасының флегмонасына әкеліп соғады. Сондықтан әрқашанда іріңді жарасы бар қарт адамдардың зәріндегі, қанындағы қанттың мөлшерін анықтау қажет.
Рейно ауруымен көбінесе жас әйелдер ауырады. Оларда ешбір анық себепсіз, ал кейде суық сумен жуғанда саусақтардың бозаруы, ауырсынуы басталады. Мұны "өлі саусақ" симптомы деп атайды. Перифериялық артерияның тырысуы және ауырсынуы байқалады. Облитерациялы эндартерииттен тағы да айырмашылығы - Рейно ауруы қолдың тамырларын қамтиды және қан тамырының соғуы нашарланбаған. Рейно ауруымен көбінесе жас әйелдер ауырса эндартериитпен жас еркектер ауырады.
Рейно ауруының себебі белгісіз, ал емделуі өте қиын және нәтижесіз.
Лериш синдромы немесе артерияның атеросклерозы –окклюзиясы (атеросклерозбен бітелуі) холестерин және липоидты алмасудың бұзылуы салдарынан кездесетін ауру. Атеросклероз орталық үлкен артерияларда басталып шеткі кіші артерияларға шабады. Тамырдың интимасында атеросклерозды түйіншектер пайда болып қан тамырын бітейді .
Тамырдың бұлшық етті қабатында әк пайда болып бұл қабатты дегенерациялы өзгеріске ұшыратады. Интима қалыңдайды да қан тамырының "көзін" жабады, немесе тромб тамырды бітейді.
Атеросклерозды окклюзия көбінесе қарт адамдарда байқалады.
Алғашқыда аяқтары шаршағыш, тоңғыш және парестезия дамиды. Кейінде - ұстамалы ақсақтық синдромы . Жаяу жүру мөлшері күн санап қысқара түседі.
Аурудың алғашқы кезеңінде артериографияда анық өзгерістер байқалмаса, кейінгі, екінші кезенде артерияның облитерацияға - бітелуге үшыраған бөлімдері көрінеді. Осциллограмманың биіктігі 2—Змм. аспайды.
Үшінші кезенде - ұстамалы ақсақтық синдромы анық, ауру жаяу азғана жерге жүре алады. Аяқ қатты ауырсынады. Аяқ басында тамыр соғуы сезілмейді, трофикалық өзгерістер - тырнақ сынғыш, қылшық өспейді, тер аз, тері құрғақ. Осцилограмма сызығы түзу. Артериограммада артерия облитерациясы екінші аяққа шапқан.
Төртінші кезенде ауру жаяу жүру қабілетін толық жоғалтқан, аяқтың өте күшті ауырсынуынан ол түнімен ұйықтамайды, бір немесе бірнеше саусақтары некрозданған, кейде некроз аяқтың басына және тілерсекке шапқан.
Бұрын артерияның склерозы қан тамыры ауруларының ең негізгі түрі болып саналатын (Цеге-Мантейфелъ). Кейінде бұдан басқа да қан тамырларының аурулары анықталды.
Бюргер синдромы — немесе бітелмелі тромбангиит -— trombangiitis obliterans — көбінесе жас адамдарда байқалады. Синдром әр түрлі инфекциядан соң (іш сүзегі, күйік үсік) басталады. Ауру тек артерия емес венозды қан тамырларын да жарақаттайды. Көк тамырда кездесетін Бюргер синдромы - көшпелі тромбофлебит аталады. Ол тері астының көк тамырында басталып, кейін артерияға шабады. Ауру дамып трофикалық бұзылыстарға, гангрена алды жағдайына, одан әрі гангренаға ұшыратады. Бюргер синдромы басталуына шылым шегу және флебит әсер етеді.
Ауру ағымы үш кезеңғе бөлінеді: алғашқы, дамыған және гангренозды кезеңдер.
Гангренозды кезең ерекше басталады. Алдымен бір саусақта көпіршікпайда болады. Ол жарылып емге көнбейтін ойық жара ашылады. Гангрена аз уақытта 1 және Ү саусақтардың шіруіне ұшыратады. Қанда оның жұққыштығыжәне тромбоциттер саны өскені байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |