Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы



бет333/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008

Геморройды операциямен емдеу
1. Гиппократ заманынан белгілі геморрой түйіндерін күйдіру. Бұл үшін арнайы аспаптар ұсынылған. Түйін қысқышпен қысылады да термокаутермен күйдіріледі. Қалған жара қабыршақтанып жазылады. Бұл тәсіл көп қолданылмайды. Өйткені бұдан соңғы кезеңде жарадан қан ағуы немесе анустың тыртықтанып тарылуы байқалады.
1898ж. М.С. Субботин - түйнемені кесіп алғаннан соңғы жараны тігуді ұсынылады. Бірақта бұдан соң іле - шала тігіннің қатты ауырсынуы басталады. Ауырсынудың себебі ануспен тік ішек арасының терісінің сезімталдығы. Анус терісінен 1см. жоғарыда байланған кілегейлі қапшық ауырмайды. Осындай Знаменскийдің экспериментінен соң Н.В.Склифосовский түйіншекті тубірімен, ішектің кілегейлі қапшығымен қоса кесіп алуды қолданған. Және тігінді тек ішкі геморройда қолданған.
Тік ішекке операция жасауда арнайы дайындықтар қажет. Ең алдымен науқасқа арнайы диета тағайындалады, операциядан бір күн бұрын майсана (кастор майы) ішкізіледі. Оның кешінде тазарту клизмасы екі рет (арасына 30- 40минут салып) орындалады. Операция жасалатын күні таңертен үшінші рет клизма орындалады да, тік ішекке газ шығаратын түтік енгізіледі.
Жергілікті жансыздандыру 0,5% новокаин ерітіндісімен орындалады. Инемен тік ішекті тесіп алмау үшін хирург сол қолының сұқ саусағын анусқа енгізіп иненің бағытын бақылап отырады. Анусты созып кеңейткенен соң геморройлы түйіндер сыртқа шығады. Олар Люэр қысқышымен қысылып, кілегейлі қабаты тілініп оның астындағы "аяғы" мықты жіппен тігіліп байланады. Байлану қысқыштан жоғары және төмен орындалады. Келешекте бұлай байланған түйіншек шіріп өз бетімен түсіп қалады. Бұл шіруді шапшаңдату үшін қейбір мамандар байланған түйінге Імл.спирт егеді, ал ауырсыну сезімін басу ұшін Імл 1% новокаин егеді. Ішекке Вишневский майымен майланған тампон енгізіледі.
Операциядан соң ауруға 6-8 тамшыдан 3 мезгіл опий ішкізіледі, диета тағайындалады, 3 куннен соң бірінші рет байлам ауыстырылады, ванна жасалады. Операциядан соң 6 күн бойы дәрет жүрмеуі қажет.
Америка хирургі Уайтхед геморройды операциямен емдеудің жаңа түрін — ішектің кілегейлі қапшығын геморройлы түйіншекпен қоса кесіл алып тастауды ұсынды.
1951 ж. Т.Заде төменгі геморройдалды артерияны байлау тәсілін ұсынды. 1897 ж, . Andreus- геморройлы түйінге карбол қышқылының ерітіндісін егумен орындалатын склеротерапия тәсілін ұсынған.  ғасырда бұл тәсіл кең қолданылған. Бірақта, әр түрлі асқынулар және науқастың өлімі жиілігінен қазіргі уақытта бұл тәсілді глицерин қосылған карбол қышқылының 5 ерітіндімен геморройдың 1-ші кезеңіңде ғана қолдануға болады.
Блайсделл (Blaisdell, 1958 жыл) геморройлы түйінді ішектің кілегейлі қапшығымен қоса арнайы резеңкелі сақинамен қысуды ұсынған. Сақинамен қысылған тіндер 4-5 тәуліктен соң өз бетімен түсіп қалады.
Лорд (Lord, 1969) артқы тесікті созу тәсілін ұсынған. Артқы тесіктің фиброзданып қатаңданған тіндерін созу ішектегі қысымды бәсендетіп, түйіншектердің жағдайын жақсартады деп санайды.
Криотерапия- геморрой түйіншектерін мұздату.
Фотокоагуляция (Нейгер- Neiger, 1979 ж.) инфрақызыл сәулесімен геморройлы түиіншіктерді күйдіреді.
Мейо клиникасында ең жиі қолданылатын операциялар- түйінді латексті шайбамен байлау және геморрой эктомия - кезеңді геморройда.
Ішкі геморройдалды түйіншіктер сыртқылардаң бұрын пайда болады. Түйіншіктер көтенде қысылып қалса олар көгереді, ісінеді тіпте некрозданып шіриді, қабыну үрдісі көтең айналысы тіндеріне жайылады, дәрет және зәр шығару қыйындайды.
Геморрой жалпы және жергілікті асқынулар береді.
Жергілікті- тік ішектің кілегейлі қабатының түсіп кетуі, жыртылуы, қышынуы, қабынуы ( проктит, парапроктит) сфинктердің ұстамауы.
Жалпы- қансырау, жыныс қабілетінің нашарлауы, жүйке жүйесінің бұзылуы. Геморройдың екінші себептері- жүрек аурулары, қан қысымы көтерілуі, бауыр циррозы, жамбас тамырлары тромбофлебиті, жамбас қуысы ішінде, ішпердеден тысқары орналасқан ісіктерде геморройдалды қан тамырларындағы қысым жоғарылайды. Бұл себептерде көк тамырдың ауруларына себеп болған аурулар емделеді.
Бірінші түрлі геморройды емдеу консерватитвті, инъекциялы, операциялы болып 3 топқа бөлінеді.:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   360




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет