Ойық жара тесілуінің симптомдары - күтпегенде пайда болатын іштің жоғарғы бөлігінің ауырсынуы, іш бетінің қатаюы, "ойық жаралы анамнез".
Француздың белгілі хирургі Мондор перфорация көріністерін екі топқа - негізгі және қосалқыға бөледі. Ең маңызды симптомдар – іштің қатты ауырсынуы, іш бетінің қатаюы және " ойық жаралы анамнез". Ауырсыну өте күшті, жедел пайда болады, науқасты "ішке пышақ салғандай"қатты қыйнайды.
Әлбетте ауру адам екі аяғын ішіне тартып, қолдарымен ішін басып бір қырындап жатады, бет пішіні бұзылған "қиналу пішіні", кейбір ауруларда талықсу, шок байқалады. Ауру сезімі әрқашанда кеуде шеміршегі тұсында басталып төменге - оң жамбас, мықын тұсына жайылады. Бұл қарыннан шыққан қышқылдың іштің оң каналымен төмен ағуымен байланысты. Ауырудың төмен жайылуы кейде аппендицит туралы ойландырады. Бірақта көк ет жүйесінің қозуы әсерінен ауырудың оң иыққа, жауырынға берілуі перфорация болғанын дәлелдейді.
Іш бетінің қатаюы - іш нашар қозғалады, ішке дем тарту қиын, іштің беті төмен, тегіс, қатайған, қозғалыссыз "тақтайдай қатты". Іш бетінің мұндай өзгерісін басқа ешқандай ауру бермейді. Ішті басқанда оның ауыруымен қатаюы одан әрі күшейеді. Бірақта 12 сағат өткеннен соң іштің қатаюы оның кебуіне ауысады - жалпы перитонит басталады.
Аурудың тыныс алуы ауыр, оның пішіні, көз қарасы қорқынышты, ол дәрігердің ішін тексеруінен қатты сескенеді, қорқады.
Достарыңызбен бөлісу: |