Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы



бет56/360
Дата11.05.2022
өлшемі3,37 Mb.
#142708
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   360
Байланысты:
Мәдікенұлы Ө.Хирургиялық аурулар 2008

Меллори-Вейс синдромы- өңештің төменгі бөлігінің және қарынның кардиальды бөлімінің кілегейлі қабатының ұзыннан жыртылуымен байланысты симптомокомплекс. Бұның себептері – қатты құсу, эпилепсия, астма, қатты жөтел.
Рандю-Ослер ауруы - тұқым қуалаушы геморрагиялы ангиоматоз. Көптеген телеангиэктазия және ангиомалардан қан ағуымен сипаттанады. Олар көбінесе, мұрын, ауыз қуысы, өңеш, қарын, кейде ішекте орналасады.
Гемобилия - өт өзектеріне қан ағуы. Кұсықпен немесе қара түсті нәжіспен ерекшеленеді. Гемобилия бауырдың зақымдануында да байқалып келесі үштікпен (Оуэн триадасы) - оң қабырғалар астының ауырғыштығы, дене сарғаюы және ішек- қарыннан қан ағуымен сипаттанады.
Ішек-қарыннан қан ағуының 3 дәрежесі бар:
I) Аққан қанның мөлшері 300-350 мл. аспаған. Субъективті құбылыстар жоқ. Қанның құрамы тез түзеледі.
2) Жедел анемия көріністері - лоқсу, терлеу, құлақ шыңылдауы, бас айналуы, әлсіздену, талып қалу байқалады. Тері бозарған, суық термен жабылған, тахикардия, қан қысымы төмендеген.
3) Геморрагиялық шок.
Қансыраудың барлық түрлерінде келесі өзгерістер байқалады:
I ) Эритроциттер ғұмыры қысқарады (негізінде 120 тәулік).
2) Азғана гипербилирубинемия.
3) Уробилин дәретпен (50-200 мг) және зәрмен (1-2 мг) қалыптан мол шығады.
4) Қан сарысуында темір көбейеді.
5) Сүйек миының қозу көріністері - ретикулоцитоз және сүйек миының гиперплазиясы байқалады
6) Көк бауырдың ісініп үлкеюі анықталады
Карын жарасынан қан ағуын хирургиялық тәсілмен емдеу тек консервативті ем нәтиже бермегенде қолданылады. Операциямен тек қарынның басты қан тамырларын байлау қан ағуын тоқтатпауы мүмкін. Өйткені қарын қан тамырларының көптеген анастомоздары бар. Кейде ойық жарадағы жыртылған қан тамырын электрокоагулятормен күйдіреді (Вальфур).
Кейбір ауруларда операция үстінде асқазанның ойық жарасы табылмайды. Тіпті қарынды тіліп оның ішін тексергенде де жараның табылмауы мүмкін. Мұндай ойық жараны тігу, байлау, кесіп алып тастау өте сирек қолданылады. Өйткені олар қажетті нәтиже бермейді.
Сондықтан хирургтердің көпшілігі қан акқан қарын ойық жарасын емдеуде қарын резекцияның қажеттігін қолдайды. Бұл үшін 500-800 мл. қанның даярлығы қажет. Қан кемістігі толтырылмай орындалатын резекциялар науқастардың өлімін жиілетеді.
Сондықтан кейбір хирургтер қан ағуының соңын күтпей операцияны ерте орындау қажет деп санайды. Өте ауыр қансырағандарға жасалатын резекция 20-30% дейін өлімге ікеледі.
1835 ж. Крювелъе (Cruvielhier) "Қарынның созылмалы ойық жарасы" атты жұмысында науқастың клиникасын жазумен қатар оның асқынулары (қан ағуы, тесілуі) туралы да жазған.
XIX ғасырдың ақырына дейін асқазанның ойық жаралы ауруын тек консервативті шаралармен (тыныштық, денені сылау, тері астына эфир егу, шарап ішкізу т.б.) емдейтін. Сондықтан науқастардың асқынған аурудан өлімі жиі кездесетін. Бұл ауруды емдеудің жаңа түрлерін іздестіруді күшейтті.
Ван Клеф (Van Klef, 1882 ж.) асқазан ойық жарасынан қан ағуынан өлім қаліне ұшыраған ауруға пилорэктомия және жараны кесіп алуды орындап, ауруды аман сақтап қалған.
1887 ж. Микулич (Mikulicz) ойық жарадан қан ағуын пилоропластикамен және ойық жараны күйдірумен емдеген.
1889 ж. Селзе (Selze) гастроэнтеростомия жасаған.
1893 ж. Ру (Rоux) - 3 науқасты қарын артериясын байлаумен және ойық жараны кесіп алумен емдеп жазған.
1903 ж. С.П.Федоров, И.К.Спижарный, В.И.Добротворский ойық жарасынан қан акқан ауруларды жедел операциямен емдеу қажеттігін атаған.
Сонымен, ХХ-ғасырдың басында асқазанның ойық жаралы ауруларының асқынуларын емдеудің консервативті тәсілдері ғана емес, оларды хирургиялық операциямен емдеу тәсілдері анықтала бастаған. Бұл операциялардың паллиативтілігіне қарамай, олар науқастың өмірін сақтауда әдәуір нәтиже беретін.

Қарыннан қан ағу себептерінің көптігі, оларды айырудың қиындығы, ауруға қан құюдың белгісіздігі, паллиативті операциялардан соңғы өлімнің жиілігі хирургтердің ұзақ уақыт қарын ойық жарасынан қан ағуын консервативті тәсілмен емдеуді қолдануының себебі болатын.


Ойық жарадан қан ағуын қарын резекциясымен емдеудің артықшылығын 1918 ж. Финстерер (Finsterer) толық дәлелдеген. Ол жарадан қан ағуы әсерінен паренхиматозды мүшелерде басталатын дегенеративті өзгерістеріден бұрын жедел қарын резекциясын орындау қажет деп санаған.
Сонда да бұл ұсыныста барлық хирургтер қабылдамаған. Мәселен 1931 ж. Майленграхт (Meulengracnt) қарын ойық жарасынан қан ағатын науқасты белсенді тамақтандыру тәсілімен емдеуді ұсынған. Ауруды төсекке жатқызып оны сапалы тағамдармен (таңертең - шай, май қосылған ақ нан, сулы ботқасы, какао, туралған ет; түсте және кеште - котлета, омлет, балық, буда пісірілген көкөністер, піскен ет, картофельді, овощты пюре, көже). Барлығы 2300-2500 қалория. Қажет болса аз мөлшерлі қан құйылады. Өкінішке орай бұл тәсіл науқасты жазбайды, ойық жарадан қайталанып қан ағуынан сақтамайды. Және бұл тәсілді ауыр қан ағуында қолдануға болмайды. Бүдан соң ауру өлімі 10-24% жетеді.
1938 ж. С.И.Спасокукоцкий - асқазан ойық жарасынан қан ағуынан геморрагиялық коллапска ұшырағын ауруға мол мөлшерлі қан құйып дайындағаннан кейін жедел операциямен емдеу ең пайдалы тәсіл саналуы қажет деп жазған. Резекциядан соң (операция үстелінде) зонд арқылы ащы ішекке арнайы қөрек (Спасокукоцкийдің қоректендіргіш қоспасы) жіберілетін.
С.С.Юдин, А.А.Богораз, Б.С.Розанов т.б. хирургтар консервативті тәсілдердің тек уақытша гемодинамикалық түзелістер беретіндігін, компенсаторлық түзелістер азғана уақыттан соң қайта бұзылатындығын дәлелдеген. Сондықтан ойық жарадан қан ағуы ұшыраған науқастарға консервативті еммен жедел радикальды операцияға даярлап оған қарын резекциясын орындау қажет деп санаған. Мұндай тактика емнің алғашқы және қейінгі нәтижелерін жақсартатындығын дәлелдеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   360




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет