Жедел панкреатитте - іштің ауыруы өте қатты, аурудың жағдайы ауыр, ол тынышсыз, төсекте ыңғайлы орын таппайды, жиі-жиі құсады. Диагнозды анықтауға зәрдегі диастазаның көтерілуі және ойық жаралы анамнездің жоқтығы көмектеседі.
Перфорацияланған ойық жаралар теқ операциямен емделеді. Консервативті емнің кемістігі - оның перитониттің алдын ала алмайтындығында. Дегенмен ақырғы жылдары батыс елдерінде Тейлор тәсілімен консервативті ем қолданылып жүр.
Бұл тәсілде мұрын арқылы асқазанға енгізілген зондпен 5-6 тәулік бойы қарын сөлі сорылып түрады. Бірақта бұл тәсілмен емделгендердің біразында перитонит бәрі бір басталады да ауру өледі. Сондықтан бұл тәсілді біздің хирургтер қолданбайды.
Қарынның жарасын тігу өтқен ғасырдың ақырынан бастап қолданыла бастаған. Бұл операциялардың жақсы аяқталуы ойық жара перфорациясын операциямен емдеудің мүмкіндігі мен қажеттілігін дәлелдейді.
Асқазан ойық жарасының тесілуі туралы бірінші хабарды І695 ж. Гроссиус (Grossius) жариялаған. І839 ж. Крювелье (Cruvielhier) ойық жараны жеке нозологиялық ауру санауды ұсынып, оны қарынның созылмалы зақымдануы деп атаған.
1842 ж. Рокитанский (Rokitansky) бұл ауруды тесілмелі ойық жара, ал Шеметов 1861 ж. дөңгелек ойық жара деп атаған. Бұл маман ойық жарасының тесілуіне ұшыраған адам туралы ресейде бірінші хабарды жариялаған.
Микулич (Mikulicz) 1880 жылы жыртылған ойық жарасын тігуді орындаған.
Михай (Michaux 1890) жараны кесіп алуды, Браун (Braun) 1893 ж. асқазанның тесігін тіккеннен соң, ішек арасының анастомозын орындаған.
Тесілген ойық жараны резекциямен емдеуді 1902 ж. Керли (Keerly), ал тесікті тігуге қоса анастомозды Ресейде бірінші орындаған Добротворский (1903 ж.) болатын. 1902-191З жж. арасында Обухов емханасында ойық жара тесілуінен 56 науқас операциямен емделген (36 тігу, 17 тігумен қоса анастомоз, З-тампонада).
Резекцияны қолдаушылар арасындағы ең, атақты хирург С.С.Юдин болатын.
1951 ж. «Хирургия» журналы дискуссия өткізіп келесі шешімге келеді:
1. Тесілген ойық жараны емдеуде радикальды резекцияны қолдануға қарсылық жоқ.
2. Ойық жара тесілуі көбінесе түнде кездесетіндіктен, ал кезекшілік ететін хирургтар жас болғандықтан, емнің нәтижесі жаман болады. Сондықтан операцияның түрі келесі жағдайлармен байланысты: хирургтің тәжірибесі, науқастың жағдайы және перфорациядан соң өткен уақыт, перитонит ауырлығымен.
3. Бұл жағдайларда резекция емес жараның тігуі орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |