Асқазанның ойық жарасынан қан ағуын емдеу 19 ғасыр ақырына дейін тек консервативті болатын – тыныштық, денені сыйпау, теріге эфир егу, шарап ішкізу.
1882 ж. Ван Клеф (Van Klef)/ қанаған ойық жараны кесіп алып тастаған.
1887 ж. Микулич (Mikulicz) пилоропластиканы және жараны күйдіруді орындаған.
1889 ж.Селз (Selze) гастроэнтеростомияны, 1893 ж. Ру (Roux) ойық жараны кесіп алумен қоса асқазан артериясын байлауды орыңдаған.
1903ж. Федоров, Спижарный - Добротворский т.б. ойық жарадан қан ағуын жедел операциямен емдеу қажеттігін жазған.
Ресейде ең бірінші асқазан тесігін тігу операциясы 1897 жылы орындалған. Алғашқыда тесікті жібек жібін қарынның барлық қабатынан өткізіл тігетін. Мұндай тігін тек жұмсақ, жақында пайда болған ойық жарада мүмкін. Тәжірибеде көбінесе каллезды (ескірген, жиектері қатты, шеміршектенген) ойық жаралар жыртылады. Бұларды тігу киын, жіпті тартқанда жара жыртылады, оның жиектері жақындамайды. Сондықтан тігінге қоса тесікті шарбымен тығындайды. Кейде бұл операцияда асқыныс береді. Шарбы еріп қарын тесігі қайта ашылады, тесіктен аққан қарын сөлі перитонитке соғады. Осыған байланысты В.А.Оппель кесілмеген шарбы пайдалануды ұсынды (1896 ж.). Шарбының жара тесігінен шығып кетпесі үшін оның ұшын кетгут жібімен тігіп, жіпті тесіктен қарынның бетіне өткізіп бекітеді. Бұған қоса шарбыны тесік қабырғасына тігеді. Кейінде бұл тәсіл П.Н.Поликарповпен жақсартылғандықтан Оппель-Поликарпов тәсілі деп аталады.
Өте ауыр жағдайда бұрынғы кезде Нейман тәсілі ұсынылған. Бұл операцияның нәтижесі неғайбыл. Максимович перфорациялық тесікті дәкелі тампонмен тығындауды қолданған. Бұл тәсілдердің өте маңызды кемістіктері - олардың ауруды жоймауы, перфорацияның қайтадан ашылуы мүмкіндігі.
Осыған байланысты тесілген ойық жараны қарын резекциясымен алып тастау қажеттілігі дәлелденеді. Резекцияда ойық жара ғана емес қарынның жартысынан астамы алынып, қарын қышқылының мөлшері азаяды. Кышқылдың азаюы қайталанып ойық жара пайда болуына жол бермейді. Тесілген ойық жараны резекциямен емдеу 1928-1942 жж. С.С.Юдин мен ұсынылған. Осы тәсілмен емделген 1119 аурудың 7% ғана қайтыс болған.
Негізінде тесілген ойық жараны резекциямен емдеу келесі жағдайларда қолданылады: ұзаққа созылған ойық жара ауруы, науқастың жақсы жалпы жағдайында, перфорациядан соңғы 6 сағатқа дейін, егер ойық жара қарын деформациялануына немесе тарылуына әкелсе. Әрине бұл үшін хирургтің резекция жасау қабілеті болса (Д.П.Чухриенко).
Достарыңызбен бөлісу: |