Жансыздандыру кеңірдек интубациясымен наркоз және миорелаксация.
Операция жолы - орталық лапаротомия. Іш ашылғаннан соң ең алдымен ішектің түйілу себебін, оның орналасқан орнын тауып кедергі жойылады.
Ішектің кедергісін анықтау үшін ең бірінші соқыр ішек тексеріледі. Егер ол өзгермесе онда кедергінің ащы ішекте орналасқандығы анық.
Кедергі анықталғаннан соң ішек жара бетіне шығарылады (эвентрация). Ішек шажырқайына новокаин егіледі. Жараның бетіне шығарылған ішек дымқылданылған салфеткамен жабылады. Ішектегі нәжісті ішекті тесіп (энтеротомия), тесік арқылы өткізілген зондтың сыртқы ұшын сорғышқа не үлкен шприцке (шприц Жанэ) жалғайды.
Екінші тәсіл -ішектегі нәжісті жоғарыдан төмен сауып ағызу "сауу әдісі"
Ішек некрозында оның резекциясы орындалады да, ішек ұштары немесе қабырғалары бір-біріне жалғастырылып тігіледі
|
|
Сурет № 14. Ащы ішектің (заворот) айналуы
|
Сурет № 15. Ішектің ішекке енуі – (инвагинация).
|
Сурет № 16. Ішектің түйілуі түрлерінің рентгендік көрініс ерекшеліктері:
а) Он екі елі ішек стенозы.
б) Ащы ішектің жоғарғы бөлігінің түйілуі.
в) Ащы ішектің төменгі бөлігінің түйілуі .
г) Тоқ ішектің түйілуі.
1 - Қарынның ауамен толуы.
2 - Ащы ішектің желмен толуы (Клойбер симптомы).
3 – Сұйық.
4 - "Аркада ".
5 - Керкринг қатпарлары.
6 - Ауамен созылған соқыр ішек.
7 – Гаустрлар.
8 - Ішекті бітеген ісік.
9 - Ауамен созылған тоқ ішек.
10 - Тарылудан темен, ішінде газ жоқ, созылмалы ішек.
Ішектің жедел түйілуін емдеу принциптері:
Ішектің жедел түйілу ауруы хирургияның өте маңызды проблемаларының бірі саналады. Өйткені бұл аурудан адамдар өлімі бүгінгі күнге дейін жиі және сиректенбей отырғаны белгілі. В.И.Стручков (1980) мәліметтері бойынша ауру өлімі 13,8 % жетсе, Б.Д. Комаров мәліметтерінше (1976)-14%, З.В. Тишинская мәліметінше (1978) операциядан соңғы өлім 30,4 % жетеді.
Ауруды емдеудің нәтижесі көбінесе дұрыс және уақытта орындалатын қарқынды еммен байланысты. Бұл емдер операциядан бұрын, оның үстінде және одан соң үзіліссіз орындалуы қажет.
Емнің түрімен мөлшері су - электролиттері, нәурызды алмасу үрдісі, айналмалы қан мөлшері, орталық және шеткі қан айналысы, микроциркуляция, гемокоагуляция, қышқыл-сілті тендестігіндегі бұзылыстармен байланысты шешіледі.
Ішек түйілуінің барлық түрлерінде калий кемістігі, оның салдарынан адинамия, миокардтың жиырылғыштық және өткізгіштік қасиеттері бұзылуы, метаболиялық ацидоз, ішек-қарын парезі күшейеді. Іш қуысына сұйықтықтың жиналуы онымен нәурыздың көп жоғалуы орын алады. Гипоальбуминемия, қанның онкотикалық қысымы төмендейді, диспротеинемия басталады.
Гиповолемия, микроциркуляция бұзылуы, қанның жабысқақтануы тіндердің қансырауына (өкпенің, бауырдың, бүйректердің) ұсақ қан тамырларының тромбпен бітелуіне, сладж-синдромға соғады. Бүйрек, бауыр кемістігі басталады. Аталған бұзылыстар негізінде операциядан бұрын және одан соң келесі емдеу шаралары орындалуы қажет:
ағзадағы айналымға қатынасатын қан мөлшерін толықтандырумен торшалардан тысқары және торшалар ішіндегі су кемістігін жою,
уланумен күресу,
қанның реологиялық қасиетін жақсарту,
парентеральды қоректендіру,
ішектің (моторлы) қасиетін түзету,
журек жағдайын жақсарту,
антибактериальды терапия,
қанның протеолиттік белсенділігін басу,
гипоксиямен күресу,
ағзаның иммунды қорғаныс күшін көтеру.
Егілетін сұйық ерітінділердің мөлшерін гемодинамикалық көрсеткіштерге сүйеніп, электрокардиограмма, плазмадағы электролиттер, қышқыл-сілті тендестігі және әр-сағат бойы шығатын зәр мөлшері негізінде шешеді. Калийдің мөлшерін толықтандыру үшін глюкоза-электролитті қосынды, 200-600 мэ кв. Калий (панангин) және калий хлориды егіледі.
Энергиялық қажеттікті глюкоза ерітінділері, аминоқышқылды ерітінділермен толықтандырады. (2500-3000 кал.)
Антитоксикалы әсерлі препараттар (гемодез, неокомпенсан), зәр шығуын молайту пайдаланылады
Метаболиялық алкалозде калий кемістігін аскорбин қышқылын қолдануымен, кинин системасын ингибиторлаушы трасилол 30000 ЕД не басқа ингибитор егіледі.
Инфекциямен күресуді антибиотиктер және иммунды препараттар (глобулин, антитоксикалық сыворотка, стафилакоккты анатоксин) пайдалунымен орындайды.
Ішек жағдайын жақсартуға электролитті балансты түзеудің, ішекті тазартудың (сүңгі арқылы) маңызы зор. Ішек қарынның моторлы жағдайы және сіңіру қасиеттері түзелсе- энтеральды (сүңгі арқылы ) қоректендіру орындалады.
Аталған комплексті емдеу операциядан соңғы өлімді 31.2 -дан 18.8 % дейін төмендетеді.
14-ші науқас 22 жасар студент. Шағымдары: іштің бүріп, бұрап ауырсынуы. 1993 ж. ішектің жабық жыртылуы операциямен емделінген. Бұдан екі күн бұрын таңертеңгі ас қабылдаудан кейін іштің бүріп, бұрап ауыруы пайда болды. Ауырсыну жүргенде, қозғалғанда күшейеді. Сондықтан қозғалыссыз жатады. Бір рет дәретке отырды. Бірақ одан соң іш ауырсынуы бәсеңденген жоқ. Бұдан соң медпунктте клизма жасалған, одан соң да жеңілдік болмады.
Аурудың жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі таза, дене қызуы 36,80, тілі дымқыл, ақ түсті қабыршақпен жабылған. Қан қысымы 130/80 мм. рт. ст. Қан тамыры соғуы 60 бір минутте.
Іштің ортаңғы ақ жолымен төс шеміршегінен шап сүйегіне дейін операциядан соңғы тыртық. Іш тыныс алуына қатынаспайды. Қолмен басқанда іштің оң жамбас тұсының ауырсынуы, бұл ауырсыну операциядан соңғы тыртыкқа шабатындығы анықталады. Іш жүмсақ, Щеткин-Блюмберг симптомы жоқ. Қанда: лейкоциттер - 6000, Эр-4,2 млн, ЭТЖ -55 мм/сағ. Анамнез іштің бұрап ауыруы, ауырудың іш тыртығына шабуы, перитонит симптомдарының, лейкоцитоз жоқтығы іштің жабысқақты ауруын, ал оның салдарынан ішектің жартылай түйілуін анықтап аурудың операциясыз қонсервативті тәсілмен емделуі жақсы нәтиже беріп ауру 10 күннен соң үйіне шығарылды.
Достарыңызбен бөлісу: |