Созылмалы панкреатит - деп ұйқы безінің ұзаққа созылған ауруларының әсерінен фиброзға немесе шеміршектеніп катаюына ұшырауын атайды.
Әрқашанда созылмалы панкреатит жедел панкреатиттің соңы болады. Бұл ауру үзіліссіз дамып жиі-жиі ауырланып ақыры бездің фиброзымен немесе шеміршектенуімен аяқталады. Кейде панкреатиттің жедел түрі анықталмайды. Ұйқы безінің фиброздануында оның сыртқы одан соң ішкі секреторлы қасиеті жоғалады. Без кішірейеді, қатаяды.
Созылмалы панкреатиттің түрлері:
1) Қайталанбалы.
2) Ауырсынатын панкреатит.
3) Ауырсынбайтын панкреатит.
4) Ісікке ұқсас панкреатит.
Созылмалы панкреатитті емдеу шарттары (талаптары):
1. Ауыру сезімін басу.
2. Бездің өзгерісін бәсендету.
3. Ішкі және сыртқы секреторлы бұзылыстарды бәсеңдету.
4. Асқыныстарға қарсы шаралар.
Консервативті емдер арасындағы ең маңыздысы – емді диета. Дұрыс ұйымдастырылған диета аурудың дамуын басады. Ұйқы безінің жұмысын күшейтетін тағамдар (тұз, бұрыш, пияз, ет, балық консервалары, арақ- шарап, бұршақтар, капуста, картоп) берілмейді. Диета негізінде көмірсулы тағамдардан құралады, бірақта клетчаткалар аз болуы қажет. Тәулігіне қабылданылатын майдың мөлшері 50-70 г. аспауы қажет. Нәурыздар қажеттігі қаймағы айырылған сүтпен және сүт өнімдерімен қамтамасыз етіледі. Азғана арық ет, балық, бір жұмыртқа, жеміс шырындары, компоттар қабылданылады. Аурудың қайталанған кезеңінде жедел панкреатиттегідей режим сақталады.
Диабетпен асқынған ауруды диабеттің емдеу шартымен емдейді.
Үйқы безінің сыртқы секрециялық қасиеті нашарланғандарға панкреатин 0,5-1 г. 3-4 реттен ішкізіледі. Бұған қоса өт кемістігін толтыратын препараттар-холензим 0,5 - 3-4 рет ішкізіледі.
Инфекцияға қарсы антибиотиктер - биомицин, террамицин, мицерин егіледі. Витаминдер А, С, К, В егіледі. Санаторлы - курортты емдеу (Ессентуки, Железноводск, Трускавец) пайдалы.
Созылмалы панкреатитті операциямен емдеу:
1. Аурудың себебі созылмалы холецисто-панкреатит болса - өт алынады, өзегінің тасы алынады.
2. Тарылтқыш папиллитте – трансдуоденальды сфинктеротомия, Одди сфинктерін созып кеңейту орындалады.
3. Ұйқы безінің фиброзында латеральды холедоходуоденостомия орындалады.
Негізі, созылмалы панкреатиттің операциямен емделуі қиын және жақсы нәтижеге сирек жеткізеді. Сондықтан кейде өт жолдарына, ұйқы безіне және оның өзектеріне, ішекке өте ауыр қосалқы операциялар жасалынады.
Бұл өте ауыр және емделуі қиын аурудың алдын алу үшін жедел панкреатитті сапалы емдеу қажет және науқасқа қажетті диеталық емді дұрыс пайдаланудың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |