4.5. ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ КИСТАСЫ ЖӘНЕ ЖЫЛАНКӨЗІ
Ұйқы безінің кистасында бездің өзінде немесе оның айналасындағы тіндерде жұқа капшық астына сұйық жиналады. Киста еркектермен әйелдерде бірдей кездеседі. Кистаның келесі түрлері бар:
1. Іштей пайда болған бездің және оның өзектерінің ауытқулары.
2. Жүре пайда болған кисталар:
а) ретенциялы - шырын өзектерінің тарылуы, таспен, ісікпен бітелуінде,
б) дегенерациялы - панкреонекроздың, без жарақатының, ісігінің әсерінен,
в) пролиферациялы - цистаденома, цистаденокарцинома,
г) паразитті кисталар - эхинококк, цистицерк.
Шынайы кистаға – іштей пайда болған және ретенциялы, цистаденомалар және цистаденокарциномалар жатады. Бұларда кистаның ішкі қабырғасы эпителиймен жабылған. Шынайы түрі барлық ұйқы безі кисталарының 20% құрайды. Олар онша үлкен болмайды, сондықтан олар кездейсоқ тексерістерде анықталады.
Жалған кисталар ұйқы безі кисталарының 80% құрайды. Олар панкреонекроздан, бездің жарақатынан соң басталады. Олардың ішкі беті грануляциялы тінмен жабылған, ал іші сұйықпен және некрозданған тінмен толысқан. Жалған кисталарда 1-2 литрге дейін серозды, іріңді, қан аралас экссудат болуы мүмкін. Үлкен киста бауырды жоғары, қарынды төмен ығыстырады, немесе қарынды жоғары, ал көлденең тоқ ішекті - төмен ығыстырады. Үлкен кисталардың клиникалық көріністері - қөрші мүшелерді қысудан жөне ығыстырудан басталады. Іштің жоғарғы бөлімінің ауыруы, диспепсия, науқастың жалпы жағдайының бұзылуы - әлсізденуі, жүдеп-жадау, әр уақытта дене қызуы, іште ісік пайда болуы. Ісік домалақ, сопақша, беті тегіс. Канда ферменттердің мөлшері болмашы жоғарылайды. Рентгенмен тексергенде - ішкі мүшелердің өз орнынан ығысқандығы байқалады.
Диагнозды УЗИ және қомпьютерлі тексеріс анықтайды.
Ұйқы безінің кистасы – асқазан немесе ұлтабар мен киста арасының жыланкөзі операциямен емделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |