Операциядан (струмэктомиядан) соңғы асқынулар 1. Техникалық қателіктері:
а) төменгі қалқан артерияларын безден алыста байлау дыбыс байламдарының шала салдануына, салдануына ұшыратады.
б) Қалқанша маңы бездерін алып тастау. Бұндай жағдайда ауруға 1-4 мл. күніне бір реттен қалқанша маңы бездің гормонын -паратиреоидинді егу қажеттігі туады. Егер гормон болмаса 5-10 мл. 10% хлорлы кальцийді қанға егу қажет, ауруға кальцийлі сулар ішкізіледі.
В.А.Оппель тетанияға ұшырағандарға қайнатылып майсыздандырылған сүйектің 3-4 см. х 0,5-0,6 см. бөлшектерін тері астына енгізуді ұсынған. Сүйектен шығатын кальций оның ағзадағы кемістігін толтырады.
в) Жарадан қан ағу. Струмэктомиядан соң тігілген жараның астына дренаждар қалдырылады. Егер олар қалдырылмаса тері астына жиналған гематома кеңірдекті қысып асфиксияға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан мойын гематомасын ашып байлаусыз кан тамырын байлау үшін қайталанып жедел операция орындалады.
Егер қалқанша безінің барлық бөлшектері тегіс алынып тасталынса оның кемістігі - гипотиреоз байқалады. Бұндай ауруларға қалқанша безінің гормоны -тиреоидин егіледі.