Тиреотоксикоздың негізгі көріністері
Қалқанша безінің ұлғаюы- 100, ашуланғыштық, жылауықтық, әлсіздік, тершеңдік, жүрек соғуы шапшаң, саусақтар қалтырағыш, Мари симптомы, жүдеу, жұмыс қабылеті төмендеген, ентігу, жүрек шекарасы кеңейген, көздің бадырақтануы, мінез өзгеруі, ұйқы бұзылуы, дене ісінуі, ақылдың азаюы, менструальды циклдың бұзылуы, жыпылық аритмиясы, асцит, ең ақырында көздің бадырақтануының одан әрі дамуы.
Тиреотоксикозды емдеу - әрқашанда консервативті шаралардан (тыныштық. тұрмыс жағдайын өзгерту, жүрек жағдайын қолдау, жүйке жүйесін тыныштандыру, ұйқыны жақсарту) басталады. Седативті дәрілер қолданылады. Тек осындай даярлықтан соң ауруды операцияға алуға болады.
Тиреотоксикозды консервативті емдеу тәсілдеріне біз толық тоқталмаймыз. Өйткені мұндай емдеу терапевті клиникада (эндокринология) жүргізіледі.
Хирургиялық емдеуді - қолдану алдында әр қашанда ауру операцияны көтере алама, ол операцияға толық дайындалындыма деген сұрақтарға жауап беру қажет. Егер бұл шарттар орындалмаса ауруды одан әрі операцияға консервативті емдеумен "даярлау" оның жағдайының ауырланып ауруды операциямен емдеудің мүмкінсіздігіне соғатындығын ұмытпау қажет.
Науқасты операцияға дайындау үшін йодтың микродозасын. тиоурацил, Шерешевскийдің таблеткасы, бромидтер, дигиталис қолданылады. Ауруды жеке бөлмеге немесе операциядан соң асқыныссыз тәуір болып келе жатқан науқастар арасына жатқызады. Тиреотоксикозды емдегенде аурудың дәрігерге сенімі зор болуы қажет, оның хирургке сенімі, операцияның қажеттігін түсінуі және оның жақсы аяқталынатындығына сенімі зор болуы қажет. Егер мұндай сенім болмаса операцияны уақытша кейінге қалдырғанның өзі дұрыс.
Бұрынғы уақытта операцияны жалпы ингаляциялы наркозбен орындайтын. Бұл операциялардың ақыры онша жақсы еместін. Өйткені тиреотоксикоз салдарынан уланған ағзаға наркоздың жағдайсыз әсерлері қосылып операциядан соңғы өлім жиі кездесетін. Уақытында Крайлъ "Мен жемсау ауруың операциямен емес, ұрлап аламын" деп жазған. Тиреотоксикозбен науқасты палатада 1-2-3-4 қайтара наркозбен ұйықтататын. Ауру адам бұл ұйықтатудың қайсысында струмэктомия орындалатынын және орындалынғанын түсінбейтін.
Струмэктомия операциясы қазіргі уақытта нейролептоаналъгезия қосылған жергілікті новокаин анестезиясымен және эндотрахеальды наркозбен субфасциальды, субтотальды резекциялау тәсілімен орындалады.
Операцияның (струмэктомияның) орындалу шарттары - безді аз жарақаттау, қан ағуын азайту және сапалы жансыздандыру.
Төртінші шарт операциядан соңғы токсикоздың алдын алу. Бұл үшін қалқанша безінің тінін аз қалдыру және жараны дренаждау қажет.
Тиреотоксикозбен ауыратынды операцияға даярлауда - барбамил, резерпин, йод препараттары, мерказолил, преднизолон, витамин В, жүректі қолдағыш препараттар пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |