Іштің ақ сызығының жарығы - орта жастағы ауыр жұмыспен шұғылданатын ер адамдарда кездеседі. Жарық ісігі іш қабырғасы шандырының саңылауларынан шығады. Негізінде бұл саңылаулардан қан тамырлары және жүйке өтеді. Іш қуысының қысымы көтерілгенде, ауыр жұмыс жасағанда аталған апоневроз саңылауларынан алдымен ішпердеге дейінгі май қабаты шығады. Бұл кезеңде ақ сызықта кішкене түйіншек анықталады (ішпердеден алдындағы липома). Одан әрі липома өзімен қоса ішпердесін тартып сопақша етіп созады.
Осылайша іштің ақ сызығының жарығы пайда болады. Бұл жарықтың эпигастральды, параумбиликальды түрлері бар.
Төс шеміршегі тұсының жарықтары кішкене, олар жиі қысылады және жабысқақтыққа тез ұшырап көбінесе орнына түспейтін болады. Бұл жарық кейде ешбір жағдайсыз белгі бермейді, ал көбінесе іштің шаншып ауыруы, кебуі, жел шықпауы, лоқсуы, тәбетінің нашарлануы байқалады. Аталған көріністердің басқа аурулармен байланысты (асқазанның қабынуы, ойық жарасы, қатерлі ісігі) болуы мүмкін.
Диагнозды ажырату - алдымен жоғарыда аталған ауруларды ажырату қажет. Ақ сызықтың жарығында ауыр жұмыс іш ауыруын күшейтеді, ауырсыну сезімі тағаммен байланысты емес. Кажет жағдайда қарын сөлін тексереді, рентгендік тексеріс жүргізіледі.
Ақ сызықтың жарығы тек операциямен емделеді. Операция онша ауыр емес, оны новокаинмен жансыздандыру арқылы орындайды. Жарық қапшығын немесе ішпередесі бетінің шел майын алып тастаудан бұрын ішпердесі тілініп, оның іші тексеріледі. Бұл ішекті немесе басқа жарық ішіндегі мүшенің тігіліп кетпеуінен сақтандырады.
Жарық қапшығының мойны байланып, қапшық немесе тері асты майы кесіліп алынады. Шандырдың тесігі көлденең бағытта тігіледі. Жарадан қан ағуы сапалы орындалып, шел майымен тері жарасы тік бағытта түйінді тігіндермен капрон немесе лавсан жібімен тігіледі.
3-ші науқас 44 жасар әйел - клиникаға түскенде кіндік айналасының ауырсынуына шағымданады. Ауырсыну ауыр жұмыстан соң ғана емес тыныштықта да сезіледі. Науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық.
Іштің бетін тексергенде кіндіктің ''ісінгені'' және кіндік сақинасының кеңейгені (бір саусақты өткізеді) анықталады. Ісік көлемі 3 см-ден. астам және ісік ішке кірмейді.
Диагноз - кіндіктің орнына түспейтін жарығы. Бұл диагноз аурудың шағымы, кіндік ісігі, кіндік сақинасының кеңеюі негізінде қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |