Ойық жараның тыртықтанып жазылуынан асқазанның деформациялануы — перфорацияланған ойық жараны тіккеннен соң пилорустың тарылуы немесе "құм сағат", "ұлу"тәрізді қарын деформациясы байқалады да олар ішек-қарын жұмысын бұзады. Олар операциямен (асқазан резекциясымен) емделеді.
Созылмалы теріс шеңбер (порочный круг)- гастроэнтероанастомоз операциясынан кейін байқалады. Бұнда қабылданылған тағам қарынға жалғанылған ішектің әкелуші иіріміне еніп, ішекті толтырып созады. Ауру тағам қалдығын құсады.
Бұл асқынудың себебі — анастомоздың тарлығы, оның қысылуы, ішектің әкелгіш иірімінің бұралуы, әкеткіш иірімнің қысылуы, бұралуы, жасалынған операцияның техникалық кемістігі, гастроэнтероанастомозда ішектің өте қысқа немесе өте ұзын бөлшегін қолдану.
Теріс шеңберде жиі құсық, жүдen-ару байқалады. Диагноз рентгенмен тексерумен анықталады. Контраст ішектің әкелуші бөлшегіне және ұлтабар тұқылына жиналады, ал әкетуші бөлшегінде жоқ.
Созылмалы теріс шеңберді операциямен емдеу оңай. Бұл үшін қосымша энтеро-энтероанастомоз орындалады. Бұндай операция ішектің әкелгіш бөлшегінде тағам жиналуын жояды. Кейде гастроэнтероанастомоз жойылып қайталандырып жаңа анастомоз орындалады. Егер теріс шенберге қоса жазылмаған ойық жара байқалса қарын резекциясы орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |