Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Апирогенді суды алуға арналған аппарат (АА-1)



Pdf көрінісі
бет308/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

Апирогенді суды алуға арналған аппарат (АА-1) 


386 
Аппарат А-10 - техникалы жетілдірілген модель, өнімділігі 10л/сағ. 
Апирогенді суды алу, бу камерасының жоғарғы жағында орналасқан 
сепараторлардың қайтарғыш экрандары арқылы өтетін буды мұқият
сепарациялау, сонымен қатар суға қажетті химиялық реагенттерді қосу 
арқылы жүргізіледі. Аппарат су деңгейін көрсеткіш құралымен қамтамасыз 
етілген. 
Аппарат АЭВС-4 (дистиллятор электрический с водоподготовкой для 
получения воды апирогенный) буландырғыштан, шаншуға арналған суды 
жинағыштан, құбырлардан, электршкафтан және қаққа қарсы магнитті 
қондырғыдан тұрады. 
Аппараттың жұмысы төмендегіше жүргізіледі. Су жіберілетін құбыр 
жолында, суды тұздардан және әртүрлі қоспалардан ажырату үшін, 
магнитті қаққа қарсы қондырғы орналастырылады. Содан соң су жинағыш 
көйлегіне және буландырғышқа түседі. Бу камерасында түзілген бу 
сепаратор арқылы өтіп, су жіберетін құбыр арқылы жинағышқа түседі. 
Жинағыш сумен толған соң, бу камерасындағы электрқыздырғыш 
өшіріледі. Аппарат өнімділігі - 4 л/сағ. АЭВС-25 - аппарат станционарлы 
қондырғы (сурет 51). 
Сурет 51. 
Апирогенді суды алуға арналған АЭВС-25 аппараты 
Аппарат буландырғыштардан және ІІ сатылы баспалдақтан (2), 
конденсатордан (1), шаншуға арналған суды жинағыштан (3), тұрады. Бірінші 
сатыда түзілген бу сепаратор арқылы өтіп, бу түтігі арқылы ІІ сатылы 
буландырғыш қыздырғыш камераға түседі. ІІ сатылы буландырғыш 
сепаратордан өткен бу сулы қоспа қыздырғыш камерадан, түтіктер арқылы 
жинағышқа түседі. 
Аппарат АЭВС-60 - стационарлы аппарат, өнімділігі 60 л/сағ. Жұмыс 
істеу принципі АЭВС-25 аппараты сияқты. 


387 
ЦАНИИ аппараты - ион алмастырғыш колонкалардан және айдағыш 
аппараттан тұрады. Су тұзсыздануға ұшырап, сонан соң айдалып, 
стерильденеді. 
Шаншуға арналған суды стерильденген немесе бумен өңделген 
қабылдағыштарда сақтау қажет (сурет 51). 
Су жинағыштың сиымдылығы 40 л (СИ-40) немесе 100 л (СИ-100). Су 
жинағыш трубкалы электрқыздырғыштармен, ауаны фильтрлейтін, судың 
деңгейін бақылайтын, қоректендіруші патрубкамен, температурасының 
датчигімен және төгетін кранмен, су жинағыштың қабырғалары 100
0
С 
температура жоғарылағанда электрқыздырғыштарды өшіретін құралмен 
жабдықталған. Су жинағыштар бірден жұмыс істейтін бірнеше аппаратқа 
немесе бір аппаратқа қосылуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет