Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет89/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

 


133 
2.2 
ЖИНАҚТАР (SPECIES) 
 
Жинақтар сипаты.
Жинақтар ұсақталған немесе бүтін, кейде эфир 
майлары, тұздар қосылған және дәрілік құралдар ретінде қолданылатын, 
дәрілік өсімдік шикізатының бірнеше түрлерінің қоспасы.
Species дәрі түрінің латынша атауы аудармасында «тұқымдас», «түр» 
(белгілі түр немесе дәрілік өсімдіктің әртүрлі түрлерінің қоспасы) дегенді 
білдіреді.
Жинақтар түрінде дәрілік препараттар сыртқа және ішуге де 
қолданылады және әртүрлі сырқаттарды емдеуге белгіленеді. Басқа дәрілер 
сияқты жинақтар құрамы, тұрақты емес, сондықтан, қарапайым түрде немесе 
күрделі қоспалар түрінде қолданылады.
Фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуына және тиімді әсер ететін жаңа 
дәрілік препараттарды кеңінен қолдануға байланысты жинақтар 
номенклатурасы елеулі түрде азайды. КСРО МФ VIII басылымына үш 
жинақ енгізілген болатын: іш айдайтын (species laxantes), көкірек (species 
pectorales) және бронхиалды демікпеге қарсы (pulvis antiasthmaticus), ал 
КСРО МФ ІХ және Х басылымдарына тек демікпеге қарсы жинақ ғана 
енгізілген.
Қазақстан Мемлекеттік Фармакопеясына жалпы «Жинақтар» мақаласы 
(ҚР МФ, т.1, 570 б.) енгізілген. Фармакопеяда келтірілген анықтамаға сәйкес 
жинақтар кесілген, сирек жағдайда тұтас, кейде тұздар және эфир майлары 
қосылған, кептірілген дәрілік өсімдік шикізатының бірнеше түрлерінің 
қоспасы болып табылады. 
Егер, бұрын жинақтар тек дәріханаларда дайындалса, қазіргі кезде 
олардың едәуірі фармацевтикалық өндірістерде дайындалып, дәріханаларға 
дайын түрінде түседі. Кей кезде жинақтарды мөлшерге бөлу үшін белгілері 
бар брикеттерге немесе жеке мөлшерлер түрінде пресстейді. Жинақтарды ірі 
фармацевтикалық өнеркәсіптерде дайындау дәріханалар жұмысын 
жеңілдетеді, өйткені, жинақтың дайындалуы қарапайым көрінгенімен,
дәрілік өсімдіктерді майдалау қиын операцияларға жатады. Одан басқа,
жинақтарды зауыттық өндірісте өндіру кесу сапасы мен араластыру 
біркелкілігі, қолдану кезіндегі мөлшерлеудің дәл еместігі бойынша дәрі түрін 
әрі қарай жетілдірудің мүмкіндіктерін туғызады.
Дәрілік түр ретінде жинақтың артықшылықтары: табиғи бастапқы 
түрінде шикізатта әсер етуші заттардың болуы; дайындалу 
қарапайымдылығы, шикізаттың қол жетімділігі.
Бірақ, жинақтың елеулі кемшіліктері де бар, негізгісі, бұл соңына дейін 
дайындалмаған препарат, сондықтан науқас оны қабылдар алдында өңдеуі 
тиіс. Одан басқа, жинақтар қиын мөлшерленетін дәрілерге жатады және 
көбінесе науқастың өзі қасықтың көмегімен мөлшерлейді. Осыған 
байланысты жинақтың құрамына улы және күшті әсер ететін заттарды 
қоспайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет