Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министрлігі



бет6/29
Дата23.12.2021
өлшемі1,28 Mb.
#128004
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
ЖҰМАБЕКОВА Б.КӘСІБИ АУРУЛАР БОЙЫНША ДӘРІСТЕР КУРСЫ

<20-30% ауытқиды

Күнара: ингаляциялық кортикостсроидтар 200-500 мкг, кромогликат не недокромил не теофилиндер Пролонгирленген әсері бар бронходилятатор қосуға болады (түнгі симптомдарда)

Қажет болса қысқа әсерлі

бронходилитаторлар ингаляциялық

симпатомметиктер

мен



3 саты

Орташа ауырлықтағы персистеуші демікпен





Күнделікті симптомдар; өршу белсенділік пен үйқыны бұзады. Демікпенің түнгі

симптомдары апта- сына бір рет болады. Қысқа әсерлі бетта-агонистерді күнделікті кабылдау. ПСВ немесе ОФВ 1

60-тан 80%-ке дейін
нормада

аүытқуы >30%



Күнделікті

превентивті

терапия:

ингаляциялық

кортикостероидтар

және пролопгирлі

әсердегі

бронходилятатор

(түнгі

симптомдарда



ерекше),

ингаляциялық В-2 агонистер

Кажет болса қысқа әсерлі

бронходилитаторлар ингаляциялық В-2 агонистер




Түракты симптомдар. Жиі өршулер. Жиі түнгі оршулер. Бронхиалді демікпенің физикалык, белсепділігі.

<60 %> нормадан • ауытқуы >30%


Күнделікті ем:

ингаляциялық

стероидттардың

жоғарғы дозалары,

бронхолитикалық

прекараттар және



пероралді кортикостероидтар

дың үзартылған

курсы


Қажет болса: қысқа әсерлі бронходилятаторла

р – ингаляциялық

В-2 агонистер



Шаңмен контактіде болатын адамдар өкпенің шаңды ауруларының алдын-алу және аурудың ерте сатыларып дер кезінде айқындау үшін жұмысқа тұрарда кезеңді медтексеруден өтеді. Кремнилді шаңды жұтумен байланысты жұмыстағыларға медтексеру 12 айда 1 рет өткізіледі. Медтексеруге терапевт, отоларинголог міндетті түрде қатысады. Бәріне кеуде рентгенографиясы және ФВД жүргізіледі.

Өндірістің жағымсыз факторлары мен зиянды заттарымен жұмысқа жіберуге қарсы көрсеткіштер мыналар болып саналады:

- жоғарғы тыныс жолдарының атрофияға бейім, айқын субатрофиялық өзгерістері, мұрын бөлік аралығының қисаюы— мұрынмен дем алуға кедергі болады;

- созылмалы бронхит, созылмалы пневмония, бронхты демікпе, туберкулезден кейінгі өкпедегі құбылыстар;

- көздің алдыңғы қиығының созылмалы аурулары (қабақтың, конькютивтер, жас шығару жолдары);


  • созылмалы тері аурулары;

  • аллергиялық аурулар;

  • көздің бір жағының 0,5, екіншісінің 0,2 болып көруі;

  • токсикомания, наркомания, созылмалы алкоголизм.

Қазіргі кезде бронхиалді демікпені емдеудің тиімді әдістерінің жоқтығына байланысты негізгі мақсат профилактика жүйесін жасау болып табылады, өл кезеңді, жоспарлы болып, гигиено-технологиялық және медико-биологиялық сипатты шараларды қамтуы керек.

Гигиено-технологиялық шаралар өндірістік технологияның ерекшеліктерін, кәсіби аллергеннің сипатын, осы өндірістің санитарлы-гигиеналық жағдайларын анықтайтын өндірістік факторлардың кешенін ескерумен жүзеге асырылу керек. Бұл шаралар барлық технологиялық үрдістерді механикаландыру, автоматтандыру және герметизациялауды, жалпы және жергілікті тиімді желдеткіштермен, жеке қорғаныс құралдармен, арнайы киіммен қамтамасыз етілуді көрсетеді. Сенсибилиздеуші қасиеті бар заттарды қолданғанда, сондай-ақ олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерінің орындалуын бақылау қажет. Кей жағдайларда технологиялық үрдістерден күшті кәсіби аллергендерді алып тастап, орнын басқыштарды салу сұрағы қойылып, шешілуі керек.

Демікпепің алдын-алудың медико-биологиялық кешені жалпы сауықтыру және арнайы шараларды қамтиды.

Сауықтыру алдын-алу шараларының жүйесіне ағзаның резистенттігін көтеруге бағытталған әдістер кіреді - жалпы шынығу және ортаның жағымсыз әсерлеріне бейімделу.

Кәсіби аллергендермен, шаңмен, газбен басқа да өндірістік аэрозолдермен байланыста болатын жұмыскерлерге медициналық қарсы көрсеткіш болмаған жағдайда оларды таңертегі жаттығуларға спортмен жүйелі айналысуға, таза ауада серуендеуге, жеңілдеу киінуге үйрету керек.

Шаң және токсико-химиялық факорлар басым өндірістерде тыныс алу гимнастикасын, профилактикалық аэрозолдық және электроаэрозолдық ингаляцияларды кеңінен қолдану керек. Ингаляция заттарының құрамы жеке таңдалады.

Тітіркендіргіш әсері бар өндіріс аэрозолдерімен контактіде жұмыс басталғанша май ерітінділерімен шырыштының өндіріс факторларын сіңіру қабілетін төмендету үшіп ингаляция, ал жұмыс соңында респираторлы жүйеден жұмыс кезінде түскен заттарды шығару үшін сілтілі ингаляцияларды жасау керек. Тітіркендіргіш аэрозолдермен контактіде метилурацилмен ингаляция ұсынылады — шабдалы майында 10% немесе су ерітіндісінде 0,5% турінде; химиялық өнідірістерде итмұрын майы - каратолинмен, жұмыстан кейіті - сілтілі-тұзды ерітінділермен не алоэ шырынының ерітінділерімен ингаляция пайдалы. Күшті кәсіби аллергендермен контактіде ингаляция қоспаларына жұмыстан соң бронх кеңетуші (эуфиллин, атропин және т.б.) және антигистаминді құралдар -диазолин, фенкарол қосқан дұрыс. Жыл бойына ингаляциялардың 20-25 сеанстан 3-4 профилактикалық курсын өткізу қажет.

Арнайы емес респираторлы патологияның дамуының алдын алуға бағытталған жалпы шаралардың ішінен ультракүлгін сәулелерімен кезеңді сәулелену, витаминизация (көн аскорбин қышқылы), рационалды балансты тамақтану үлкен маңызға ие.

Алдын-ала медтексерулерде сенсибилиздеуші және улы-тітіркендіргіш әсері бар заттармен жұмысқа жиі аурулармен сырқаттарды жіберуге болмайды; бұл мәліметтерді зерттеу сұрау салу немесе тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық картадан жазбаға негізделеді; жұмысқа қабылдауға тыйым болып кез келген аллергиялық ауру табылады.

Экзогенді аллергиялық альвеолиттің асқынуының алдын-алу және ағзаның сенсибилизациясы науқастың сәйкес аллергенмен контактісінің алдын алады, оған былай қол жеткізіледі:



  • өндірістің технологиясын жұмыс ауасындағы аллергендер концентрациясын азайту үшін өзгерту;

  • респираторлар пайдалану.

Бірқатар жағдайларда мамандықты ауыстыру ұсынылады.

Медико-әлеуметтік сараптама, диспансерлеу және еңбек реабилитациясы.

Созылмалы шаң бронхитімен ауыратындардың еңбек қабілетін сырқаттың ағымының ерекшелігі, оның ауырлык дәрежесі, жасы, стажы, жұмыс түрі, науқастың мамандығы және оның нақты шарттарымен есептесіп шешу керек:


  • науқастың, көңіл-күйіне аз әсер ететін және тыныс қызметінің бұзылуына әкелмейтін жеңіл айқын бронхитте жұмыскер динамикалық бақылаудан және емнен кейін бұрынғы жұмысында қала алады;

  • қабынулық, демікпелік көріністер қосылып, көңіл-күйінің нашарлауы мен өкпе жеткіліксіздігіне әкелетін сырқаттың шамалы айқын бронхит түрінде өтуінде шаңның әсерінен тыс, қолайсыз метеофакторлар мен физикалық күш түспейтін жұмысқа ауыстырылу ұсынылады.

Жаңа мамандықта мұндай науқастар мүгедектік тобын анықтау үшін МӘСК-ке жіберіледі.

Цехтағы шаңданудың салыстырмалы төменгі деңгейінде және сырқаттың өршусіз ағымында науқастың жұмысы ескеріліп, ол жұмысын динамикалық бақылаумен жалғастыра алады. Бұл жасы зейнетке шығуға аз қалған жұмысшыларға қатысты:

- сырқат ағымынды айқын демікпелік көріністер шаңмен қатынасты жұмысты тоқтатудың көрсеткіші болып сапалады;

- шаңды өндірістердің жұмысшыларының созылмалы бронхиттің асқынған түрлері жұмысқа қабілетті толық жоғалтуға әкеледі.

Кәсіби бронхиалді демікпеде науқастардың еңбекке жарамдылық сараптамасы тыныс алу, жұрек-тамыр жүйелерінің күйін, ауру ағымын, сенсибилизация спектрі мен түрлі асқынулар, жасы мен кәсібін есепке алуды талап етеді.

Аурудың жеңіл ағымында физикалық еңбекпен, сенсибилиздеуші және тітіркендіргіш заттармен байланысты жұмыс істеуге тыйым салынады. Науқастарға таза, кұрғақ, өндірістік аллергендермен контактісіз жұмысқа ауысу ұсынылады. Ерте диагностика мен «кінәлі» өндіріс аллергенімен контактіні дер кезінде жою үлкен маңызға ие.

Аурудың атопиялық түрінде моноаллергия сатысында элиминация әсері аса айқын: тұншығу ұстамалары толықтай тыйылып, олардың қарқындылығы кемиді. Бронхиалді демікпенің интенсивті-байланысты түрінде болжам аса маңызды, өйткені бронхо-өкпе аппаратындағы қабыну үрдісі науқас жұмысынан кеткен соң да сақталады. Егер жұмысын ауыстыру мамандығын жоғалтумен болатын болса, науқас мүгедектікке жіберіледі.

Ауыр жағдайларда науқас Ш топ мүгедектігін алады, онда кәсіби жарамдылықты жоғалту ұзақ уақыт, кейде толық жоғалады. Демікпепің жеңіл ағымының өзінде науқастардың еңбек кабілеті негізгі кәсіби ауруға байланысты шектеледі. Мұндайда науқастар кәсіби мүгедектік алады.

Бронхиалді демікпенің орташа ауыр жағдайларында да еңбекке қабілетігі шектеулі немесе толық жоғалған. Мүгедектікке ауыстыру ауру түріне, ауырлығына байланысты. Ауыр ағымды ауруда науқас еңбекке қабілетсіз, мүгедектіктің II тобын алады.

Осылайша, кәсіби аллергендермен науқастардың еңбеке тұру және реабилитацдиясы мәселелері ауру ағымының ауырлығына, сенсибилизация спектріне, кәсіп жасына, кәсіби бронхиалді демікпенің болжамына, мамандығына орай шешіледі. Медико-әлеуметтік сараптаманы, еңбекке тұрғызу мәселелері ғылыми негізделген пікірлер меп ұсыныстарды жасау мен зерттеуді талап ететінін айта кету керек.


4 Дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет