БЕЙСПЕЦИФИКАЛЫҚ ОЙЫҚЖАРАЛЫ КОЛИТ Бейспецификалық ойықжаралы колит – тоқ ішектің сілемейлі
қабатының ойықжаралы – деструктивті ӛзгерістері бар, үдемелі ағымы мен
асқынулардың дамуымен ( тарылу, перфорация, қан кетулер, сепсис және
т.б.) сипатталатын қабыну генезді созылмалы ауру.
Диагностикалық сипатбелгілері: 1. Диарея синдромы. Қан, сілемейлі, кейде ірің араласқан диарея.
Кейбір
науқастарда дефекация таза қан түрінде болады. Аурудың ауырлығына
байланысты дефекация жиілігі әртүрлі (тәулігіне 1-4- тен 20-30 рет),
кӛбіне түңде немесе таңертең болады.