Хирургиялық емге кӛрсеткіштер. Шұғыл операцияға кӛрсеткіш
:
Тоқ ішектің уытты дилятациясы;
Тоқ ішектің перфорациясы;
Профузды қан кету;
Жоспарлы операцияға кӛрсеткіш:
Консервативті емнен нәтиже болмаған жағдайда;
Ойықжаралы колит қайталамалы массивті қан кетулермен;
Бірнеше рет айқын сілемейлі қабаттың дисплазия анықталғанда
(малигнизацияның даму қаупі жоғары);
Демеуші терапиясы ремиссия сатысына жеткенде және ӛмір бойына
жалғасуы керек. Ең оптимальды түрі - сульфасалазин 1,0 гр 2 рет күніне
немесе месалазин 250 мг 4 рет күніне немесе 500 мг 2 рет күніне.
Стероидты терапия ремиссия жиілігіне әсер етпейді және ремиссия
басталғанда емнен алып тасталады.
Рецидивтерді алдын алу . Рецидивтің алдын алу мақасатында
науқастар 3 айда 1 реттен кем емес медикаментозды емді реттеу үшін
гастроэнтерологпен кеңесуі тиіс. Ремиссия кезінде жыл сайын тоқ ішектің
қорытынды эндоскопиялық және рентгенологиялық зерттеулер жүргізу
қажет. Ұзақ уақыт БОК пен ауыратын науқастар ішектің онкологиялық
аурулары қатарында жоғары қауіптегі адамдар тобына жатады.