Ќазаќстан республикасыныѕ денсаулыќ саќтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет27/92
Дата07.02.2022
өлшемі1,42 Mb.
#83024
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   92
Байланысты:
Конакбаева ЖКТ каз

 
2.
 
Ӛт қабының дисфункциясын және билиарлы жолдардың 
сфинктерлі аппаратын қалпына келтіру. 
Созылмалы тассыз холецистит 
кезінде ӛт қабының эвакуаторлық қызметін қалпына келтіруге бағытталған 
препараттар кеңінен қолданылады. Осы мақсатта холеретикалық және 
холецистокинетикалық заттар қолданылады.
 
Холеретиктер
үш топқа бӛлінеді :шынайы холеретиктер, 
ӛсімдіктекті және синтетикалық заттан алынған препараттар. Шынайы 
холеретиктердің құрамында ӛт қышқылы бар. Оларға лиобил, аллохол, 
холензим және т.б. жатады. Лиобил ӛттің каллоидты қасиетін қалпына 
келтіріп, оның секрециясын күшейтеді. 1дражедан күніне 3рет тағамнан 
кейін қабылдау тағайындалады. Аллохолдың құрамында ӛт қышқылынан 
басқа сарымсақ және қалақай экстракты, сонымен қатар белсендірілген 
кӛмір бар. Холензим ӛттен және ұйқы асты безінің және ірі қара малдың 
ішегінің ферменттерінен алынып, ӛт айдайтын және спазмолитикалық 
әсер ететін препарат. Тағамнан кейін 1таблеткадан күніне 3 рет 
қолданылады. Іш қату кезінде холензимнің мӛлшерін тәулігіне 8-12 
таблеткаға дейін кӛбейтуге болады. Синтетикалық ӛт айдайтын заттарға - 
оксафенамид, циквалон және т.б. жатады. Оксафенамид шынайы 
холеретик, ӛттің түзілуін және бӛлінуін күшейтеді, ӛт жолдарының 
спазмын басады, тамақ алдында 0,25 -0,5 г-нан күніне 3 рет 
тағайындалады. Емдік курсы 15-20 күн, қажеттілік болғанда оданда ұзақ. 
Ӛт айдайтын ӛсімдіктекті заттар жұмсақ әсер етеді, жағымсыз әсерлері 
және қарсы кӛрсеткіштері жоқ. Оларға салсоколлин, хофитол, гепабене, 
холагол, холосас, жүгері шашағы және т.б.жатады. 


31 
Бұл топқа холма тұзы (солянки холмовой) экстрактынан тұратын
ӛсімдік текті ӛнімнен алынған отандық препарат «Салсоколлин» лайықты. 
Препарат ӛт айдайтын және спазмолитикалық әсер кӛрсетіп, билиарлы 
жолдардың тонусын және моторикасын қалпына келтіреді, сонымен қатар 
гепатопротекторлық, антиоксиданттық әсерге ие. Салсоколлинді қабылдау 
нәтижесінде 
ӛттің 
литогенді 
қасиеті 
азаяды 
не 
жойылады, 
холатохолестеринді және фосфолипидті холестеринді коэффициент 
жоғарылайды. Препаратты ӛт қабының және Одди сфинктерінің 
дисфункциясымен жүретін СТХ-те, бауырдың майлы дистрофиясында
сонымен қатар бауырдың функциялық сынамаларының ӛзгеруі кезінде 
қабылдау кӛрсетілген. Салсоколлинді тағамнан бұрын 1таблеткадан күніне 
3 рет 2-3 апта бойына тағайындайды.
Су 
компоненттерінің 
(гидрохолеретики) 
салдарынан 
ӛттің 
секрециясын күшейтетін препараттарға салицил қышқылының ӛнімдері, 
валериана препараты, минералды сулар жатады. Осы топқа ӛт 
жолдарының 
және 
Одди 
сфинктерінің 
жазық 
бұлшық 
етіне 
спазмолитикалық әсер ететін, ӛт қабының моторлық белсенділігіне әсер 
кӛрсетпейтін одестон (гимекрамон) препаратын жатқызуға болады. 
Гимекрамон 200-400мг-нан тәулігіне 3рет 2-3 апта бойына 
тағайындалады. 
Холецистокинетиктер 
ӛт қабының гипокинезі кезінде ӛт айдағыш 
заттармен бірге тағайындалады. Күнбағыс не зәйтүн майы, ксилит, сорбит, 
магний сульфаты және т.б. тағайындалады. Күнбағыс және зәйтүн майын 
бір ас қасықтан тағамнан бұрын жүйелі түрде қабылдау ӛт қабының 
жиырылуын күшейтіп, ӛт жолдарында іркілістің болмауына кӛмектеседі. 
Билиарлы гипертензияға күдік туғанда және СТХ - тің ӛршуінің алғашқы 
жеті күніндегі науқастарға холецистокинетиктерді беруге болмайды, 
себебі ол ауырсынуды және қабынуды күшейтеді. Ӛт қабының 
гипокинезиясынан кейін дамыған СТХ-пен науқастарда ауырсынуды және 
қабынуды басқаннан кейін ксилитті, сорбитті 30% магнезий ерітіндісін 
және минералды суды қабылдау керек. Аптасына 1 рет 6-8 тюбаждан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет