Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»


-мақсат. Балалар мен жасөспірімдердің тәни және психикалық денсаулығын қалыптастыру



бет3/13
Дата01.04.2017
өлшемі3,08 Mb.
#13278
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

5.1.3-мақсат. Балалар мен жасөспірімдердің тәни және психикалық денсаулығын қалыптастыру

 

0-14 жасқа дейінгі балалар арасында сүйек-бұлшық ет жүйесімен сырқаттанушылықты тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 1194-ке дейін, 2015 жылға қарай 832,0-ге дейін (2009 жылы – 1196)










856,9

783,9













Көрсеткішке қол жеткізілді

(алдын ала деректер, ресми статистика 2015 жылғы мамырда қалыптастырылады)






және 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 2995,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 2665,3-ке дейін (2009 жылы 2997,1) төмендету;










2 745,2

2677,4













Көрсеткішке қол жеткізілді

(алдын ала деректер, ресми статистика 2015 жылғы мамырда қалыптастырылады)



 

15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында ЖЖБИ сырқаттанушылықты 2013 жылға қарай 8,3-ке дейін, 2015 жылға қарай 8,0-ге дейін (2009 жылы 8,5) төмендету (маркер ретінде мерез алынды);











8,2

6,6













Көрсеткішке қол жеткізілді

(алдын ала деректер, ресми статистика 2015 жылғы мамырда қалыптастырылады)



 

0-14 жасқа дейінгі балалардың арасында психикалық белсенді затты тұтынудың салдарынан психологиялық және мінез-кұлықтың ауытқуымен сырқаттанушылықты тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 13,1-ге дейін және 2015 жылға қарай 4,0-ке дейін,










4,12

3,5













Көрсеткішке қол жеткізілді

(алдын ала деректер, ресми статистика 2015 жылғы мамырда қалыптастырылады)






15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға 563-ке дейін және 2015 жылға қарай 328,5-қа дейін (2009 жылы – 14 жастағы балалар – тиісті 100 мың адамға шаққанда 13,5, 15-17 жас аралығында – тиісті 100 мың адамға шаққанда 564,8) төмендету;










338,4

237,4













Көрсеткішке қол жеткізілді

(алдын ала деректер, ресми статистика 2015 жылғы мамырда қалыптастырылады)



 

15-17 жастағы балалардың арасындағы суицидті тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға карай 23,8-ге дейін және 2015 жылға қарай 17,5-ге дейін (2009 жылы – тиісті 100 мың адамға шаққанда 24,5) төмендету;











17,5

-













Теріс динамикасы – оң нәтиже болғаңдықтан Көрсеткішке қол жеткізілді

(алдын ала деректер, ресми статистика 2015 жылғы мамырда қалыптастырылады)



 

мүгедек балаларды 2015 жылға қарай стационар жағдайында медициналық оңалтумен қамтуды 42%-ға дейін ұлғайту.










33

33,7













80,2%-ға қол жеткізілді, болжам бойынша 2015 жылы қол жеткізіледі

(алдын ала деректер, ресми статистика 2015 жылғы мамырда қалыптастырылады)



40.             

Үй-жайлардың, ойын алаңдарының тиісінше жобалануын және заманауи мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етілуін бақылауды күшейту







облыстар-дың, Астана және Алматы қалалары-ның әкімдіктері



















Осы іс-шараны іске асыру мақсатында «Жалпы білім беру мектептеріндегі ойын және спорт алаңдарын жоспарлауды, қазіргі заманғы спорт жабдығымен және мектеп жабдығымен жарақтандыруды санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2011 жылғы 20 мамырдағы
№115 бұйрығына сәйкес жұмыс жүргізіліп жатыр.

45.             

Жалпы орта білім беретін оқу орындарының персоналын балалар мен жасөспірімдер арасында қауіп топтарын ерте анықтау технологияларына және наркологиялық бейін бойынша қауіп топтарымен ақпараттық және психоәлеуметтік жұмыс технологияларына оқыту







ДСӘДМ, БҒМ



















Шығыс Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында жалпы білім беру мекемелерінің қызметкерлерін оқыту бойынша 6 күндік семинар өткізілді.

Көкшетауда, Өскеменде және Талдықорғанда мектеп психологы үшін 3 семинар өткізілген. Жалпы 100 мектеп психологтар оқытылған.



  • Көкшетау қаласында 2014 жылғы 10 – 15 ақпан күндері 6 күндік бір семинар өткізіліп, 34 курсант оқытылды.

  • Өскемен қаласында 14 – 19 сәуір күндері 46 курсант оқытылды.

  • Талдықорғанда 6 – 11 қазан күндері 20 курсант оқытылды.

46.             

Білім беру ұйымдарында алкогольге қарсы және есірткіге қарсы профилактикалық бағдарламаларды (бейне құралдар) әзірлеу және енгізу








ДСӘДМ



















Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Б. Жұмағуловпен келісілген «Балалардағы маскүнемдік пен нашақорлықты профилактикалаудың арнайы әдістері туралы» 2011 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрдің м.а. С. Мусиновтың
№ 376 бұйрығына сәйкес алкогольге қарсы мен есірткіге қарсы бағдарламалардың (бейнеәдістемелердің) 3000 дискі тираждалды және журнал ретінде бейнеәдістемені пайдалану туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде 1500 ұсыныстар басылып шығарылды.

48-1.

Оқушылардың денсаулығын сақтау саласындағы білім беру объектілерінің қызметі туралы ҚР ДСӘДМ және ҚР БҒМ бірлескен бұйрығын әзірлеу







ДСӘДМ, БҒМ







3000

3000

РБ

104

ҚР ДСМ-нің 2014 жылғы 4 шілдедегі №380 бұйрығымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Ведомствоаралық жұмыс тобы шеңберінде медицина қызметкерлерінің штатын білім беру жүйесінен денсаулық сақтау жүйесіне беру бөлігінде заң жобалары мен нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау жүзеге асыруда. Бұл ретте Министрлік құзыретті айқындау үшін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізу мәселесін пысықтауда және нормативтік құқықтық база әзірленуде.

«Оқушылар денсаулығын сақтау саласындағы білім беру объектілерінің қызметі туралы ережені және Білім беру объектілеріндегі медициналық пункттердің (кабинеттердің) қызметі туралы ережені бекіту туралы» бірлескен бұйрық жобасы әзірленді. Бұйрықты бекіту «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдегі № 319-111 Заңына ҚР Білім және ғылым министрлігі тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін ғана жүзеге асырылды.



48-2.

Суицидтік әрекет жасаған жасөспірімдер мен балаларды оңалту және қайта әлеуметтендіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша сектораралық өзара іс-қимыл шараларын әзірлеу







ДСӘДМ







2500

2500

РБ

104

Қазіргі уақытта суицидтік әрекет жасаған жасөспірімдер мен балаларды оңалту және қайта әлеуметтендіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша сектораралық өзара іс-қимыл шаралары ескерлген БҒМ-нің, ІІМ-нің, облыстар, Астана мен Алматы қалалар әкімдіктерінің «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің превенциясы жөніндегі жобаны кезең-кезеңімен енгізу туралы» бірлескен бұйрықты жасау шенберінде жұмыс жүргізілуде.

5.1.4-мақсат. Жол-көлік жарақаттанушылығы және одан болатын өлімді төмендету

 

2015 жылға қарай ЖКО нәтижесінде қайтыс болғандардың санын 2013 жылғы деңгейден (3 037 адам) 5 %-ға төмендету;











2,5%

2 961 чел.



14,9% 2 585 чел.













Көрсеткішке қол жеткізілді

 

2015 жылға қарай адамдар зардап шегетін ЖКО-ның санын 2013 жылғы деңгейден (23 359 ЖКО) 5 %-ға қысқарту.










2,5%

22 775 ДТП



12,8% 20 378 ДТП













Көрсеткішке қол жеткізілді

49.             

Жол жүрісі қауіпсіздігі мәселелері бойынша қоғамдық пікірге мониторинг жүргізу







ІІМ, ДСӘДМ







1750

1750

РБ

015

Ішкі істер министрлігі «АЛТ Астана» ЖШС-мен 2014 жылғы 30 мамырда №339 шарт жасасты және толық көлемде орындалды. Сауалнама Астана, Алматы қалаларының және 14 облыстың тұрғындарын қамтыды. Таңдап алынған сауалнама жиынтығы республикаға 18 жастан жоғары 3000 респондентті, оның ішінде 200 сарапшыны құрады.

Осылайша, әлеуметтік зерттеу барысында мақсатқа қол жеткізіліп, Республикадағы жол қауіпсіздігінің негізгі проблемалары және мемлекеттік органдар жүргізетін елдегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саясатына халықтың позитивтіі қатынасын қалыптастыруға әсер ететін факторлар зерттелді.

Зерттеу мынадай аспектілерді ашты:

- Қазақстандағы жол қауіпсіздігі саласындағы жағайдың дамуы;

- жол қауіпсіздігі проблемасы бойынша қоғамдық пікір;

- халықтың әкімшілік полиция бөлімшелерінің қызметіне көзқарасы;

- жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін факторлар;

- жол-көлік жарақатының алдын алу мақстаныда ІІМ іске асыратын іс-шаралардың тиімділігі;

- халықтың жол қозғалысының ережелері туралы хабардар болу жағдайы.


50.             

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әлеуметтік роликтерді құру және орталық, республикалық телеарналарда олардың прокатын камтамасыз ету







ІІМ, ИДМ, ДСӘДМ







21875

21875

РБ

015

Ішкі істер министрлігі:

- жол қозғалысының қауіпсіздігі мәселелері бойынша әлеуметтік роликтер дайындау бойынша «Табыс Альфа» ЖШС-мен 2014 жылғы 2 сәуірде №145 шарт жасасты. Жол қауіпсіздігі бойынша 8 ролик әзірленді;

- орталық облыстық, республикалық телеарналарда олардың прокатын қамтамасыз ету бойынша 2014 жылғы 16 сәуірде № 187 шарт жасасты (8 ролик пен барлығы 703 шығарылым болды) және толық іске асырды.


51.             

Жол жүрісі қауіпсіздігіне нақты қауіп тудыратын тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу бойынша шараларды күшейту







ІІМ



















«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қозғалысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңмен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне Жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдату бөлігінде түзетулер енгізілді, олар 2014 жылғы 30 сәуірде күшіне енді.

Мәселен, қозғалыс жылдамдығын асырғаны, қиылыстардан өту, маневрлеу қағидаларын бұзғаны, қарсы қозғалысқа арналған жолдың жүру бөлігі жағына шығу, мас күйде автокөлік басқарғаны және ЖҚЕ басқа да өрескел бұзушылықтар үшін санкциялар күшейтілді.

Бұл ретте ішкі істер органдары жол жүру қауіпсіздігіне нақты қауіп туындататын құқық бұзушылықтарды ескерту және жолын кесу жұмысын айтарлықтай жандандырды.

2014 жылы 2 млн. 321 мың ЖҚЕ бұзушылықтар анықталды, бұл 2013 жылғы осыған ұқсас көрсеткіштен 24,3 %-ға көп.

Оның ішінде мас күйдегі 37 157 жүргізуші ұсталды, қозғалыс жылдамдығын асырудың
262, 6 мың фактісі және 15,5 мың қарсы жолға шығып кету фактісі анықталды.

ЖҚЕ бұзушылықтар үшін сомасы 21 млрд. 672 млн. теңгеге 2 млн. 229 мың айыппұл салынды.

Соттар 48 438 жүргізушіні басқару құқықтарынан айырды, 8 575 адам әкімшілік қамауға алынды.

Талдау көрсеткендей, жауапкершілікті күшейту бойынша қабылданған шаралар жол қауіпсіздігінің жай-күйіне оң ықпалын тигізді.

2014 жылдың қорытындысы бойынша соңғы 3 жылда бірінші рет республикада ЖКО саны 12,8%-ға (23 359-дан 20 378-ге дейін), оларда қайтыс болған азаматтардың саны –14,9%-ға (3 037-ден 2 585-ке дейін) және жараланғандар саны – 13,2%-ға (29 872-ден 25 942-ге дейін) төмендегені байқалады.

Бұдан басқа 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Қылмыстық кодекс күшіне енді, оның шеңберінде басқару құқығынан айрылған алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаю күйіндегі, адамның көлік құралын басқарғаны үшін 3 жыл мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 500 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзету жұмыстары не 300 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 90 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік енгізілді.



52.             

Республикалық телеарнада жол жүрісі қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша арнайы бағдарлама әзірлеу







ІІМ, ДСӘДМ







12 523

12 523

РБ

015

Ішкі істер министрлігі 2014 жылғы 23 ақпанда «Рахат-ТВ» ЖШС-мен (СТВ телеарнасы) № 212 шарт жасасты және ол толық көлемде жүзеге асырылды. СТВ республикалық телеарнасында эфирге «Қауіпсіз жол» бағдарламасының
24 шығарылымы шықты.

54.             

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша буклеттер, ақпараттық материалдар шығару







ІІМ, ДСӘДМ







7109

7109

РБ

015

Ішкі істер министрлігі «Казагромаркетинг» ЖШС-мен 2014 жылғы 16 маусымда № 343 шарт жасасты және ол толық көлемде жүзеге асырылды.

Келесі көрнекі үгіт құралдары әзірленді:



Буклеттер 18000 дана, брошюралар 20000 дана, листовкалар 20000 дана, плакаттар 18000 дана, қабырға календары 16000 дана, визиткалар 20000 дана, фирмалық бланкілер 20000 дана, фирмалық папкелер 18000 дана, блокноттар 16000 дана.

5.1.5-мақсат. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды төмендету

 

шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету аймағындағы тас жолдарда ЖКО нәтижесінде қайтыс болғандар санын 2013 жылға қарай 23 %-ға дейін және 2015 жылға қарай 16 %-ға дейін төмендету (2009 жылы –26 %);











20%

14,5%.













Көрсеткішке қол жеткізілді

 

келу уақытын және шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсетудің басталуын ЖКО туралы дабыл келіп түскен сәттен бастап 30 минутқа дейін қысқарту.










30 мин.

25 мин.













Көрсеткішке қол жеткізілді

55.             

Апаттар медицинасы қызметінің жұмысын жетілдіру







ІІМ, ДСӘДМ



















Жұмыс 2011 жылы басталды. Ішкі істер , денсаулық сақтау, көлік және коммуникация министрліктері бірлесіп жол-көлік оқиғаларының статистикасын талдау нәтижелері бойынша республикалық маңызы бар жолдардың апаттық қауіпті учаскелерінде ТМҚП орналастыру орындарын айқындады, ТМҚП жұмыс істеуін реттейтін нормативтік құжаттар бекітілді, оларда трассалық пункттердің жол-көлік оқиғалары кезінде 112 қызметі арқылы жол полициясы бөлімшелерімен, жол пайдалану пункттерімен және медициналық ұйымдардың кезекші қызметтерімен хабарласу және өзара іс-қимыл жасау кестесі белгіленді.


56.             

Шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша трассалық пункттер құру








ІІМ







1814856

1811891,2

РБ

015

2012-2013 жылдары 26 трассалық медициналық құтқару пункті (бұдан әрі – ТМҚП), 2014 жылы – тағы 14 ТМҚП құрылды. Осылайша, бүгінгі күні 40 ТМҚП құру жұмысы аяқталып, жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету ұйымдастырылған:

7-уеі – Қарағанды облысында («Ақшатау», «Ақсу-Аюлы», «Балқаш», «Сарышаған», «Матақ», «Ақтүбек», «Молодежный» ТМҚП);

6-уы – Алматы облысында («Тарғап», «Үшарал», «Жаңаарна», «Күрті», «Сарқант», «Шелек» ТМҚП);

4-еуі – Шығыс Қазақстан облысында («Семеновка», «Привольное», «Жарма», «Семей»);

3 ТМҚП-дан – Жамбыл облысында («Шығанақ», «Луговой», «Төле би»), Оңтүстік Қазақстан облысында («Төрткөл», «Қазығұрт», «Қызыләскер»), Қызылорда облысында («Шиелі», «Жосалы», «Әйтеке би»), Ақтөбе облысында («Қарабұтақ», «Қандыағаш», «Қалыбай») және Ақмола облысында («Анар», «Макинск», «Жақсы»);

2 ТМҚП-дан – Павлодар облысында («Қалқаман», «Шідерті»), және Маңғыстау облысында («Бейнеу», «Мұнайшы»);

1 ТМҚП-дан – Атырау облысында («Доссор»), Батыс Қазақстан облысында («Чапаево»), Қостанай облысында («Щербаково») және Солтүстік Қазақстан облысында («Келлеровка»).


56-1.

Трассаларда шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша трассалық пункттердің жұмыс істеуі







ІІМ, ДСӘДМ







727520

645534

РБ

015

Құрылған 40 ТМҚП-да вахталық әдіс бойынша тәуліктік кезекшілікті жүзеге асыратын 5 қызметкерден тұратын (дәрігер, фельдшер, фельдшер диспетчер, құтқарушы және жүргізуші-құтқарушы) бригадалар қалыптастырылды.

ТМҚП қажетті техникалық мүлікпен және медициналық жабдықпен, ал модульдік орынжайлар мен реанимобильдерді отандық өндірушілер дайындалған және солардан сатып алынған. Бұдан басқа, пункттер аумағында тікұшақ техникасын қондыруға арналған орындар көзделген.

Ақпарат алу және беру үшін трассалық пункт телефон, радио-, интернет байланысымен, электронды поштамен қамтамасыз етілген. Тәуліктік кезекшілікті атқару үшін барлық қажетті тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар жасалған.

Барлық 40 ТМҚП электр энергиясының тұрақты көздеріне қосылған, бұдан басқа Президенттің «Қазақстан-2050» стратегиясы» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған «жасыл экономикаға» көшу міндетін орындау мақсатында «Қарабұтақ» ТМҚП-де (Ақтөбе облысы) ТМҚП-нің электр қуатына қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жел генераторы орнатылды.

ТМҚП бригадалары 2014 жылы 1173 шығуды іске асырған, 4127 зардап шегушіге, оның ішінде 255 балаға көмек көрсетті, 985 адам, оның ішінде 77 бала ауруханаға жатқызылды. Жергілікті халық арасында өз бетінше жүгінген адамдардың саны – 2949, олардың ішінде 140 адам ауруханаға жатқызылды.

Трассалық пункттер бригадаларының барлық жұмыс кезіңінде жол-көлік оқиғаларына 2315 шығу іске асырылған, 7050 зардап шегушіге, оның ішінде 392 балаға медициналық көмек көрсетілді, 2056 адам, оның ішінде 157 бала ауруханаға жатқызылды.

ТМҚП-не тегін медициналық көмек алу үшін өз бетінше жүгінген 4562 азаматтың өтініші тіркелген, олардың ішінде 211 адам емдеу ұйымдарына жеткізілді.

Халықты ақпараттандыру бойынша шаралар жалғасуда. 54 ақпараттық қалқан орнатылды, 4 мыңнан аса буклет, 3 мың ақпараттық парақша таратылған, жүргізушілерді оқыту ұйымдары мен мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бейнероликтар назарға ұсынылуда. «Астана» республикалық телеарнасында жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы әлеуметтік ролик көрсетілуде.

Бұрын құрылған трассалық пункттердің орналасқан орындары мен байланыс телефондары «Қазақстан бойынша жол көрсеткіші», «Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелері», «Қазақстанның жол атласы» брошюларында жарияланды.


58.             

Апаттар медицинасы қызметін көп бейінді ұтқыр госпитальмен жарақатандыру







ІІМ







0,0

0,0







Апаттар медицинасы қызметін көпбейінді мобильді госпитальмен жарақтандыру мақсатында мемлекеттік сатып алулар бойынша екі кезеңнен тұратын конкурс өткізілді, өнім беруші «Дами Фарм» ЖШС болып белгіленді, онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды.

2013 жылы жеткізушінің шарт талаптарын орындамауына, көп бейінді мобильді госпиталь үшін компоненттерді сатып алу кезінде пайда болған форс-мажорлық жағдайларға байланысты, бөлінген сома игерілмеген.

«АМО» ММ Астана қаласының ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотына арыз-шағым берді.

Жеткізушінің бақылауынан тыс кедергілерге байланысты болған еңсерілмейтін жағдайды растайтын, Астана қаласының Сауда-өнеркәсіптік палатасы берген куәлікке сәйкес, шартқа қосымша келісім жасалынып, онда көп бейінді ұтқыр госпитальді жеткізу мерзімі – 2014 жылғы сәуір болып анықталған.

КМГ қабылдау-тапсыру рәсімін жүзеге асыру барысында көпсалалы мобильді госпиталь элементтерінің техникалық ерекшеліктерінің сәйкестігін тексеру және қарау кезінде келісімшарттың техникалық ерекшелігіне сәйкессіздік, сондай-ақ жеткізілетін тауарлардың жекелеген атаулары бойынша жетіспеушілік анықталған болатын.

Осыған байланысты, госпитальды қабылдау жүзеге асырылмаған, сол есепті 322 556,0 мың теңге сомасындағы қаражат 2014 жылғы


24 желтоқсандағы № 37 РБК секвестр шеңберінде қысқартылды.

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет