ҚР халқына наркологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты «Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 188 бұйрығымен бекітілілген.
Қазақстан Республикасының халқына мейіргелік күтім ұйымдастыру стандарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2014 жылғы 20 мамырдағы № 269 бұйрығымен бекітілді.
2014 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау «Клиникалық хаттамаларды жетілдіру бойынша іс-шаралар жүргізу туралы» Жауапты хатшысының 2014 жылғы 17 ақпандағы № 94 бұйырығына сәйкес 41 жұмыс тобы құрылған, оларды ҚР ДСӘДМ бас штаттан тыс мамандары басқарды және олардың құрамына 233 адам кірді.
1. 2002 жылдан бастап 2013 жылға дейін әзерленген бүкіл клиникалық хаттамалар базасына ревизия жүргізілді.
3. КХ тексерістің нәтиже бойынша 2014-2016 жылдарға арналған қайтадан қараудың (әзірлеудің) жоспары аңықталған:
- 2014 жыл: 112 КХ қайтадан қарау, 138 КХ жасау;
- 2015 жыл: 137 КХ қайтадан қарау, 139 КХ жасау;
2016 жыл: 137 КХ қайтадан қарау, 139 КХ жасау.
Осылайша, 2017 жылға дейін өзекті КХ-ны базасы 1026 КХ құрыйтын болады.
137.
Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын медицина кадрларымен толықтыру
облыстар-дың, Астана және Алматы қалалары-ның әкімдіктері
2014 жылғы түлектерді бөлу және жұмысқа орналастыру бойынша 2014 жылы 22 қаңтарда бекітілген Жол қартасына сәйкес 2014 жылғы түлектерді бөлу ағымдағы жылдың сәуірі мен маусымы аралығында медициналық жоғары оқу орындарында жүргізілді.
2165 түлек арасынан 1996 адам (92 %) денсаулық сақтау ұйымдарына, соның ішінде 459 адам (24,2%) ауылдық жерлерге бөлінді. Амбулаториялық-емханалық бөлімдерге 1123 адам (59,3 %) бөлінді, соның ішінде қалалық АЕБ - 390 адам, ауылдық жерлердегі АЕБ – 459 адам.
01.01.2014 ж. статистикалық деректерге сәйкес дәрігерлер тапшылығы Қазақстан Республикасының ауылдық ұйымдарында клиникалық мамандықтар бойынша 820,0 (барлығы – 935,0) шт.бірлікті құрайды. Бөлу нәтижелері бойынша 2014 жылғы интернатура және резидентура түлектерін жұмысқа орналастырғаннан кейін дәрігерлер тапшылығы 30 % төмендейді деп күтілуде.
137-1.
Шетел мамандарын шақыру арқылы мастер-кластар ұйымдастыру
ДСӘДМ
005 РББ «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» аясында алдыңғы қатарлы халықаралық медициналық технологияларды игеру үшін 2014 жылы нейро оңалту, дәлелді медицинаның өзекті мәселелері, МСАК деңгейінде қарт және егде жастағы науқастарды қадағалап қарау, сәбилердің туа біткен жүрек ақауларының диагностикасы мен емі, балалар церебралды параличі (БЦП) бар балаларды оңалту шараларын өткізу, балалардағы ми-тамырлық патологияның диагностикасы мен емі, МСАК ұйымдарындағы бизнесті жоспарлау, мейіргерлік іс және онкология, соның ішінде балалар онкологиясы және онкогематологияның өзекті мәселелері бойынша отандық денсаулық сақтау ұйымдарының базасында (Астана медицина университеті, Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы, С.Д. Асфендияров атд. ҚазҰМУ, ҚазМҮББУ, қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі, Астана медициналық колледжі, ПБХҰО және ҚазОжРҒЗИ) 453 қазақстандық маманды оқыту үшін Литва, Ресей, Оңтүстік Корея, Голландия, Швеция, Италия, Германия, Нидерланд, Израиль, Финляндия және Чехия мемлекеттерінен 40 жетекші маман шақырылды.
138.
Пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдауын, қолжетімділікті, әділеттік пен науқастардың жоспарлы емдеуге жатқызу ашықтығын қамтамасыз ету:
ДСӘДМ, облыстар-дың, Астана және Алматы қалалары-ның әкімдіктері
Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің негізгі принциптерінің бірі – медициналық қызметті берушілердің арасында бәсекелестік ортаны қалыптастыруды жүзеге асыру жалғастырылуда. Пациенттер «стационарды таңдау еркіндігі» құқығын пайдалана отырып, медициналық қызметтің сапасын көтеруге және бәсекелестік ортаны қалыптастыруға белсенді қатысады.
2014 жылы республика бойынша стационарды еркін таңдау құқығын 807 929 адам, оның ішінде 45,9 % -ы ауыл тұрғындары (371 078 адам) пайдаланды.
Өз өңірінде емделгендердің саны 672 799 адам (емделгендердің 83,3%-ы), халықаралық деңгейде – 22 422 (2,8%), ҒО және ҒЗИ деңгейінде және республикалық клиникаларда – 112 708 (14%), оның ішінде ауыл тұрғындары – 33,9% (38 184 адам).
Емдеуге жатқызылғандардың жалпы санынан емдеуге жатқызуды 10 күнге дейін күткендердің – 89%, 10–нан 20 күнге дейін – 5,9%, 20 күннен жоғары 5,1%.
жоспарлы емдеуге жатқызу порталы арқылы халықтың құқықтары мен емдеуге жатқызу тәртібі туралы тұрақты хабардар болуын камтамасыз ету
Жұмыс істейтін халықты БҰДЖ-ның негізгі қағидаттарымен ақпараттандыруды кеңейту мақсатында өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу жоспарын орындау, атап айтқанда республика өңірлеріндегі емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жоспарлы емдеуге жатқызу үрдістерін ұйымдастыра отырып, РҒДО АФ қызметкерлері ОДБ, МҚАК, МФҚБК АД мамандарының қатысуымен жер-жерлерде халықпен кездесу өткізеді.
Барлық өңірде тұрақты негізде жергілікті баспа басылымдарында мақалаларды орналастыру, теледидар мен радиода сөз сөйлеулер, қысқа метражды бейнероликтерді дайындау және халық көп жиналған орындарда орналастыру (қоғамдық көлік, вокзал, мемлекеттік ұйымдар және т.б.), дөңгелек үстел, баспасөз-конференциялар, брифингтер, баспасөзге семинарлар кеңестер өткізу арқылы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, елде жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау реформаларының графикалық бейнелеуінде көрсетілген ақпараттық буклеттерді пациенттер легі көп жерлерде (тіркеу орны, қабылдайтын бөлме, пациенттерді қабылдау холлдары және т.б.) стационарларға емдеуге жатқызу тәртібі туралы нақты ақпарат пен жадынамаларды тираждау және халықтың арасына тарату қамтамасыз етілген.
Өңірлік емдеуге жатқызу Бюросы БҰДЖ қағидаттарын, пациенттің медициналық ұйымдардарды еркін таңдауын түсіндіру үшін іргелес жатқан және шалғай аудандарға, медициналық ұйымдарға, білім беру мекемелеріне, мемлекеттік құрылымдарға, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға шығады.
2014 жылдың қорытындысы бойынша Республикалық және өңірлік емдеуге жатқызу бюросы халықпен мынадай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді:
1) жергілікті баспасөз басылымдарында шығарылған мақалалар – 1 044;
2) жергілікті теледидар арналарындағы 519 телебағдарламаға және 592 радиобағдарламаға қатысты;
3) буклеттің 48 түрі әзірленіп, 408 735 данада медициналық қызметті берушілер мен халықтың арасында таратылды;
Тәулік бойы стационарға емдеуге жатқызу деңгейін төмендетуді және стационарды алмастыратын технологияларды дамытуды қамтамасыз ету
ДСӘДМ, облыстар-дың, Астана және Алматы қалалары-ның әкімдіктері
2014 жылдың қорытындысы бойынша республикада стационарлық көмек көрсеткіштерінің оң үрдісі байқалуда: 100 адамға шаққанда емдеуге жатқызу деңгейі 12,9-ға дейін төмендеуде (2013 жылы 13,4), стационарлық көмекті пайдалану 1000 халыққа шаққанда 1097,7 төсек-күнге дейін төмендеуде (2013 жылы 1161,9).
Тәуліктік стационардың төсек қорының 176 төсегі күндізгі стационар бейініне қайта бейінделді.
Есепті кезеңде стационарды алмастыратын көмекті алған пациенттердің саны 1 059 284 адамды құрады.
140-2.
Бейіндердің қажеттілігін ескере отырып, төсек қорын ұтымды ету
төсек саны
ДСӘДМ, облыстар-дың, Астана және Алматы қалалары-ның әкімдіктері
БҰДЖ шарттарында менеджмент дамуының белгілері пайда болды. Бұл бейіндердің сұранысын есепке ала отырып, төсек қорын дербес және ұтымды басқару. Мәселен, 2014 жылы республика бойынша барлық медициналық ұйымдарда 6 739 төсек орны оңтайлайдырылды, (халықтың қажеттілігіне қарай 2 379 төсек, 4 360 төсек қайта бейінделді).
142.
Жедел медициналық жәрдем қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту
облыстар-дың, Астана және Алматы қалалары-ның әкімдіктері
2465101,0
2465100,0
ЦТТ
022
Халыққа, оның ішінде шалғайдағы елді мекендердегі халыққа медициналық көмекті уақтылы көрсету үшін өңірлердегі жедел медициналық жәрдем қызметтері заманауи медициналық жабдықпен, сондай-ақ навигация жүйесімен жабдықталған санитариялық автокөліктің 140 бірлігімен жарақтандырылған.
142-1.
Жедел медициналық жәрдем қызметіне арналған медицина кадрларын, сондай-ақ парамедиктерді даярлау бойынша шаралар қабылдау
ДСӘДМ,
облыстар-дың, Астана және Алматы қалалары-ның әкімдіктері
2014 жылы республикада дайындалған парамедиктер саны 938 адамды құрады (2013 ж. 12 айында-314). Өңірлер бөлінісінде барлығы: Ақтөбе-6, Жамбыл-100, Батыс-Қазақстан-203, Қызылорда-150, Маңғыстау- 20, Павлодар-270, Оңтүстік-Қазақстан-94 облыстарында және Астана қаласында - 95 парамедик дайындалды.
144.
Аудандық, қалалық және облыстық ауруханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту
облыстар-дың, Астана және Алматы қалалары-ның әкімдіктері
738543,0
738543,0
ЦТТ
022
2014 жылы аудандық, қалалық және облыстық ауруханалар ТТО шеңберінде медициналық жабдықпен жарақтандырылған.
Құрылғылары бар навигациялық жүйенің 3 бірлігі, операциялық микроскоп, операциялық және абдоминалдық хирургия үшін құрал-саймандар жинағы алынды.
Құны 5 млн. тегеден 50 млн. теңгеге дейінгі медициналық техника қаржы лизингі шарттарында алынатындықтан, іс-шараны іске асыру қаржы лизингі шеңберінде жалғасатын болады.
146-1.
Жедел медициналық қызметтің жұмысын жетілдіру, соның ішінде:
-диспетчерлік қызметтің жұмысын жетілдіру;
- негізсіз шақырулар санын және пациенттерді басқаларға жіберуді төмендетудің жаңа тетіктерін әзірлеу және енгізу;
- жедел жәрдем жұмысының нысаналы көрсеткіштерін енгізу;
- алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша басқа ведомстволардың қызметін (санитариялық авиация, полиция, өрт қызметі және т.б.) үйлестіру тетіктерін әзірлеу
ДСӘДМ
Денсаулық сақтау жүйесінде шұғыл медициналық көмек басым сипатта, осы қызметке ең көп өлім-жітім және мүгедектіктің дәрежесімен сипатталатын аурулардың ішінде барлық денсаулық сақтау жүйесіне негізгі жүктеме болып түседі.
Соған байланысты, жедел медициналық жәрдем қызметін жаңғырту мақсатында барлық жерде GPS-навигация жүйесі енгізілуде, бұл жедел медициналық жәрдемді уақтылы және қолжетімді көрсетуді жоғарылатуға мүмкіндік береді.
GPS-навигация жүйесін енгізу нақты уақытта санитариялық автокөліктің тұрған жерін және жүрген жүрісін бақылауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде шақыру түскен орынға жақын тұрған жедел медициналық жәрдем бригадаларын қысқа уақытта жіберуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, «Алматы және Астана қалаларында жедел медициналық жәрдем қызметін оңтайландыру бойынша пилоттық жобаны енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 13 бұйрығына сәйкес Павлодар облысы, Астана және Алматы облыстарында «Жедел жәрдем» атты пилоттық жоба (бұдан әрі – пилоттық жоба) жүргізілді.
Пилоттық жобаның нәтижелерін ескере отырып, «Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында жедел медициналық жәрдем қызметін жетілдіру шаралары туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 11 мамырдағы 236 бұйрығы бекітілді. Осы бағытта жұмыс жалғасуда.
147.
Қалпына келтіру емі, медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдардың қызметіне медициналық көмек көрсету стандарттарын әзірлеу және енгізу
ДСӘДМ
«Қазақстан Республикасының халқына паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» (14.11.2013 ж. №657 бұйрық) стандарт әзірленіп, бекітілді.
Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту көрсету «Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды оңалту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 қарашадағы № 1342 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Медициналық оңалтуды жетілдіру және дамыту бойынша 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі Жоспар) әзірленіп, ҚР ДСМ 2013 жылғы 4 қазандағы № 629 бұйрығымен бектіліді. 2013 жылы Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандарты (ҚР ДСМ 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №759 бұйрығы) әзірленді. Көрсетілген Стандарт амбулаторлық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін, денсаулық сақтау ұйымдарындағы, сондай-ақ шипажайлық-курорттық ұйымдардағы емделушілерге медициналық оңалту көрсету тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының халқына медициналық оңалту, паллиативтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттары республиканың барлық медициналық ұйымдарына басшылық ету үшін жолданды.
«Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын енгізу тиімділігін бағалау мониторингі бойынша 2014 жылға арналған жол қартасын бекіту туралы» Денсаулық сақтау вице-министрінің 2014 жылғы 1 шілдедегі бұйрығына сәйкес мамандар тобы Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы медициналық оңалту көрсетудің стандарттарын, Алматы қ., Павлодар қ., Қарағанды қ. паллиативтік көмек көрсету стандарттарын енгізу тиімділігін бағалау мониторингін жүргізді.
148-1.
Сот-медициналық сараптама қызметін реттейтін НҚА-ны жетілдіру
Әділетмині, ДСӘДМ
Сот медицинасы орталығының қызметкерлері ҚР Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына енгізілді.
Сот медицинасы орталығы функциялар ҚР Әділет министрлігіне берілгеннен кейін ҚР Әділет министрлігінің бекітуі үшін қажетті сот-медицина қызметін регламенттейтін бұйрықтардың жобаларын (сот-медицина сараптамасын өндіру жөніндегі нұсқаулық, титулдық парақтар, күрделілік дәрежесі, біліктілік талаптары және т.б.) әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құрды.
«Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1403 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің иелігіне берілді.
148-2.
Сот-медицина кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату
Әділетмині, ДСӘДМ
2014 жылы «Астана медицина университеті» АҚ базасында 145 сот-медицина сарапшысы қайта даярлаудан, 501 сот-медицина сарапшысы біліктілікті арттырудан өтті
«Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1403 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің иелігіне берілді.
149.
Сот-медициналық сараптаманың материалдық-техникалық базасын жетілдіру
Әділетмині, ДСӘДМ
1650,0
1650,0
РБ
016
2014 жылы 1 650,0 тыс. теңге жалпы сомасына 5 центрифуга алынды.
Есепті кезеңде Қызылорда филиалында 67 млн. теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізілді.
151-1.
Сот-медициналық сараптаманы мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесін құру
Әділетмині, ДСӘДМ
Кез келген нүктеде бола отырып, Сот медицинасы орталығының филиалдары бар әрбір өңірдің әкімшілік ресурсына қатысты ақпаратқа ие болуға, кадрлық ресурстардың жиынтықталуын, кадрлардың ағымдылығы деңгейін, кадрлардың санаттандырылуын, халықтың сот-медициналық қызметтермен қамтылу деңгейін, көрсетілген қызметтер деңгейін қадағалауға мүмкіндік беретін интерактивті ақпараттық карта құрылған.
Келешекте ақпараттық интерактивті картаны пысықтау және жетілдіру жоспарланып отыр, бұл:
- сараптама қызметін талдауды;
- жүргізілетін сараптамалардың сапасын бақылауды (әрбір филиалдағы жұмыс орнына автоматтандыру және ықпалдастыру жағдайында);
- сараптамалар жүргізу мерзімін бақылауды;
- халық санын талдауды;
- рсурстардың пайдаланылуын тиімді жоспарлау мен бақылауды;
- әр түрлі нозологиялық бірліктер бойынша өлім мониторингін;
- басқа ұқсас жүйелермен ықпалдастыруды;
- қажетті өзгертулер мен түзетулерді:
- барлық құрылымдық бөлімшелердің материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейін талдауды жүргізуге мүмкіндік береді.
«Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1403 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Сот медицинасы орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің иелігіне берілді.
154.
Қан препараттарын өндіретін зауыт салу
ДСӘДМ
2014 жылы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» Жобасы шеңберінде Министрлікке зертханалық қызметті реформалау саласында техникалық көмек көрсету жөнінде Centers for Disease Control and Prevention Foundation Inc. (CDC) компаниясымен келісімшарт жасалған.
CDC-мен әрекеттесу және зертханалық қызметті реформалау жөнінде ҚР ИДМ Ұлттық аккредиттеу орталығының, зертханалық қызметтің, Қазақ медициналық зертханалық диагностика қауымдастығының, медициналық ЖОО-ң жетекші мамандары қатарынан жұмыс тобы құрылды.
ҚР 6 өңірінде 32 клиникалық-диагностикалық зертхананы бағалау өткізілді. Бағалаудың нәтижесі бойынша ең жоғары ұпай алған 5 медициналық ұйым Ұлттық референс-зертхананы және 4 сараптау зертхананы құруға дайындалуға іріктеледі. Іріктелген зертханаларда ИСО15189 халықаралық стандарттарының сәйкестігіне аккредиттеуден бұрынғы шолу жүргізілді.
Қазақстан Республикасының 16 өңіріне арналған зертханалық ұйымдар желісін дамыту бойынша қайта құрылымның шеберлік-жоспарлары бекітілді.
Зертханалық қызметті дамытудың 5-10 жылға арналған стратегиялық жоспары жобасының зертханалық қызмет және зертханалық қызмет тиімділігінің негізгі көрсеткіштері саласындағы нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу және қайта қарау жөніндегі жол картасы әзірленді.
Зертханалық қызмет мамандарына сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша елдің ішінде 4 тренинг өткізілді. Оқу 120 қатысушыларды қамтыды.
155.
Зертхана зерттеулерінің сапасын басқару жүйесін дамытуды, нысаналы көрсеткіштердің жүйесін құру мен енгізуді қоса алғанда, зертханалық қызметті жетілдіру бойынша шаралар қабылдау
ДСӘДМ
2014 жылы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» Жобасы шеңберінде Министрлікке зертханалық қызметті реформалау саласында техникалық көмек көрсету жөнінде Centers for Disease Control and Prevention Foundation Inc. (CDC) компаниясымен келісімшарт жасалған.
CDC-мен әрекеттесу және зертханалық қызметті реформалау жөнінде ҚР ИДМ Ұлттық аккредиттеу орталығының, зертханалық қызметтің, Қазақ медициналық зертханалық диагностика қауымдастығының, медициналық ЖОО-ң жетекші мамандары қатарынан жұмыс тобы құрылды.
ҚР 6 өңірінде 32 клиникалық-диагностикалық зертхананы бағалау өткізілді. Бағалаудың нәтижесі бойынша ең жоғары ұпай алған 5 медициналық ұйым Ұлттық референс-зертхананы және 4 сараптау зертхананы құруға дайындалуға іріктеледі. Іріктелген зертханаларда ИСО15189 халықаралық стандарттарының сәйкестігіне аккредиттеуден бұрынғы шолу жүргізілді.
Қазақстан Республикасының 16 өңіріне арналған зертханалық ұйымдар желісін дамыту бойынша қайта құрылымның шеберлік-жоспарлары бекітілді.
Зертханалық қызметті дамытудың 5-10 жылға арналған стратегиялық жоспары жобасының зертханалық қызмет және зертханалық қызмет тиімділігінің негізгі көрсеткіштері саласындағы нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу және қайта қарау жөніндегі жол картасы әзірленді.
Зертханалық қызмет мамандарына сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша елдің ішінде 4 тренинг өткізілді. Оқу 120 қатысушыларды қамтыды.
156.
Денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық жоспарлаудың, басқарудың халықаралық стандарттары мен қағидаттарын енгізу
ДСӘДМ
ҚР Үкіметі ДСӘДМі нәтижеге бағытталған бюджеттік жоспарлау (одан әрі - НББ) бойынша пилоттық мемлекеттік орган ретінде айқындалды, бюджеттік өтініш және стратегиялық жоспарды НББ мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес қалыптастырудың негізгі жолдары мен әдістемесі анықталған.
Қазіргі уақытта ҚР ДСӘДМ ҰЭМ-мен бірлесіп НББ бойынша ДСӘДМ стратегиялық жоспар форматы әзірленді.
157.
Денсаулық сақтау саласында басқарудың ресурсты үнемдейтін технологияларын әзірлеу және енгізу
ДСӘДМ
БҰДЖ жағдайында денсаулық сақтаудың стационарлық ұйымдарда төсек қорын оңтайландыру жүйелі жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2014 жылы республиканың медициналық ұйымдарында 7 055 төсек орны ұтымды етілді, (халықтың қажеттілігіне қарай 2 513 төсек, 4 542 төсек қайта бейінделді).
158.
Заманауи басқару технологияларын қоса алғанда, денсаулық сақтау ұйымдарын басқарудың кәсіби нысандарын кезең-кезеңмен енгізуді жалғастыру
ДСӘДМ
РДСДО Денсаулық сақтау менеджмент орталығымен 2011 жылдан бастап денсаулық сақтау менеджменті саласында ҚР денсаулық сақтау менеджерлерінің әлеуетін арттыру жүзеге асырыла бастады. Каскадты оқыту әдісімен қысқа мерзімді курстарда 2014 жылы 262 адам білім алды.
Сонымен қатар, денсаулық сақтауды және қоғамдық денсаулық сақтауды басқару мәселелері бойынша шетелдік магитратурада 9 маманның білім алуы ұйымдастырылды.
2012 жылы 30 магистрант қабылданды (20 адам – ҚДСЖМ, 10 адам – МАБ), 2013 жылы – 22 адам (МАБ) денсаулық сақтауды және қоғамдық денсаулық сақтауды басқару мәселелері бойынша оқыды.
5 пилоттық ұйымда қызметкерлердің рекрутинг қағидаттары мен теңдестірілген көрсеткіштері жүйесі енгізілді.
Тоқсан сайын «ҚР денсаулық сақтау менеджері» салалық журналы шығарылып тұрады.
2012 жылдан бастап жыл сайын «ҚР денсаулық сақтау саласының үздік менеджері» байқауы өткізіледі.
160.
Денсаулық сақтау объектілерін басқаруға жекеше компанияларды тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу және жекеше секторды дамыту
ДСӘДМ, ҰЭМ
Республикада қарастырылып отырған бағдарлама шеңберінде, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың басқа бағыттарының шеңберінде денсаулық сақтаудағы инвестициялық жобаларға бизнесті тарту үшін ауқымды жұмыс атқарылды. «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің жаңа түрлерін енгізу және олардың қолдану аясын кеңейту мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі Заңы қабылданды. Заң мемлекет меншігіндегі объектілерді басқаруда және ұстауда, мүліктік жалға беруде; концессионердің инвестициялық қана емес, сол сияқты пайдалануға беру шығыстарын өтеу арқылы әлеуметтік жобалар бойынша тартымды талаптарды жасауға және сыйақы төлеуде МЖӘ қағидаттарын енгізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» ҚР Заңының жобасын әзірлеп ҚР Үкіметінің қарауына енгізді, онда экономиканың барлық, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, жол саласы, энергетика, ТКШ базалық болып қарастырылған салаларда (аяларда) МЖӘ нысандарын дамыту және кеңейту көзделген.
Қазіргі уақытта аталған заң жобасы ҚР Парламентінің қарауында.
Осылайша, денсаулық сақтау саласында жеке меншік секторды дамыту үшін жағдайлар жасалған және «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» ҚР Заңының жаңа жобасының шеңберінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің түрлерін кеңейту жөніндегі жұмысы жалғастырылуда.
161.
Әкімшілік кедергілерді жою, медициналық ұйымдарды қолдау және ынталандыру бойынша шараларды қабылдау
ДСӘДМ,
ҰЭМ, ІІМ
Министрлік қызметтерді электрондық форматқа ауыстыру бойынша жұмысты кезең-кезеңмен жалғастыруда. Мысалы, 2014 жылы Министрлік медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы 7 қызметті автоматтандырған:
- медицина ұйымдарына аккредиттеу туралы куәлік беру;
- денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу туралы куәлік беру;
- Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелуді/әкетуді келісу;
- сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сарапшыларын аттестаттау;
- сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларының белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру;
- фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда аудан орталықтарынан шалғайдағы елді мекендерде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункттері арқылы және жылжымалы дәріхана пункттері арқылы өткізуді іске асыру үшін медициналық білімі бар мамандарды аттестаттау;
- «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларда адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін әкелуге, әкетуге, сондай-ақ, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру.
«Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сарапшыларын аттестаттау», «Сот-медицина, сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларының белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері бойынша талап етілетін құжаттар саны 9 құжаттан 3 құжатқа дейін қысқарған.
«Медициналық ұйымдарға аккредиттеу туралы куәлік беру» көрсетілетін қызметі бойынша құжаттар саны 4 құжаттан 2 құжатқа дейін қысқарған.
«Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу туралы куәлік беру» көрсетілетін қызметі бойынша 9 құжаттан 7 құжатқа дейін қысқарған.
Жоғарыды көрсетілген қызметтерді көрсету келесі НҚА-мен белгіленген:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы N 141 қаулысы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы N 142 қаулысы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы N 253 қаулысы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 562 қаулысы;
162.
Денсаулық сақтау саласында жекеше секторды дамыту үшін әдіснамалық базаны жетілдіру
ДСӘДМ
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін (БҰДЖ) енгізу шеңберінде медициналық қызметтерді көрсетуде, соның ішінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын жеке меншік инвестициялардың есебінен жаңартуда жеке меншік компаниялардың қатысуы үшін жағдайлар жасалды.
БҰДЖ денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті жүйесін құру тетігі бола отырып, медициналық қызметті берушілерден өздерінің төсек қорын тиімді басқаруды, медициналық жабдықты ұтымды пайдалануды, диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін енгізуді, сондай-ақ төсек қорының басымды және қажететілетін бейіндерін дамытуды талап ететін денсаулық сақтаудың көп бейінді жүйесін қалыптастырды, осымен медициналық қызметтердің қолжетімділігін теңестіруді, автономдықты жоғарылату және «сапалы емге қомақты қаржы» қағидаты бойынша денсаулық сақтау жүйесінің бәсекелестігін дамытуды қамтамасыз етті. Қазақстанның денсаулық сақтау қызметтерінің нарығын ырықтандыру жүргізілді.
164.
Медициналық ұйымдарда, оның ішінде байқау кеңестерін енгізу жолымен корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу
ДСӘДМ
ҚР ДСМ 2011 жылғы 10 қыркүйектегі № 601 бұйрығымен Қадағалау кеңесі туралы ереже және Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың қадағалау кеңесі отырыстарын шақыру және өткізу ережесі бекітілді.
Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тоғыз (9) ұйымында қадағалау кеңесінің құрамы бекітілді.
2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұтас республика бойынша республикалық МҰ қосқанда 254 қадағалау кеңесі құрылды.
165.
Әлеуметтік қолдау шараларын күшейту арқылы өңірге қажеттілік негізінде жас мамандарды жұмысқа орналастыру және оларды бекіту жөніндегі шараларды қабылдау
ДСӘДМ, БҒМ, облыстар-дың, Астана және Алматы қалалары-ның әкімдіктері
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 20.12.2015ж. «2013 – 2016 жылдарға арналған ҚР денсаулық сақтау саласы кадрлық ресурстарын бекіту туралы» № 190 – р өкіміне сәйкес денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін кәсіби кадрларды әлеуметтік қолдау шараларын дайындау жөнінде іс-шаралар қарастырылды. Ақпарат 20.01.2015ж. ҚР Үкіметіне ұсынылды.
Денсаулық сақтау саласы кадрлық ресурстарының тапшылығы мәселесі, ең алдымен, кадрлық ресурсты басқарудың жетілмегеніне, сонымен қатар жас мамандарға жеткілікті әлеуметтік қолдау көрсетілмеуіне байланысты.
Денсаулық сақтау саласына медициналық кадрларды бекіту мәселесін шешу үшін Министрлік іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда – еңбекақы төлеудің жаңа моделі дайындалды, Министрлік пен ЖАО арасында Меморандумдар жасалды, өзгерістерді мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасына, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне облыстардың републикалық маңызы бар қалалардың, елорданың жергелікті атқарушы органдары, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету бойынша, құзыреттеріне денсаулық сақтау саласы кадрларына әлеуметтік қолдау көрсету және бекіту шараларын қоса толықтырулар енгізілді.
Медициналық ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуына талдау жасау кезде Министрлік жыл сайын жас мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету мониторингін жүргізеді.
Медициналық ЖОО-лардың клиникалық мамандықтар бойынша 2165 түлегінің ішінде, ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау көрсету шаралары 28 % маманға көрсетілді (көтерме жәрдемақы 298 маманға ұсынылды, 108 маманға тұрғын үй беріліп, 85 маман баспанаға жеңілдетілген несиелер, 123 маман жалдамалы тұрғын үй алды).
Осы мәселені шешудің негізгі аспектісі ауылдық және қалалық денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету шараларын кеңейту болып табылады. Жергілікті атқару органдардың ақпаратынан көріп отырғанымыздай, әлеуметтік қолдау көрсету шараларының ұсынылған көлемі денсаулық сақтау саласына кадрларды бекіту үшін жеткіліксіз болып табылады.
Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер тек ауылдық жерлерге жұмыс істеуге барған мамандарға ғана қолданылады.
Қаржыландыру механизмдерінің жоқтығы салдарынан қалалық денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, мамандарға әлеуметтік пакетті ұсыну мәселелері шешімін таппай тұр.
ҚР Ұлттық экономика министрлігіне осындай түзетулерді «Ауылдық жерлерге тұру және жұмыс істеу үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт, ауылшаруашылығы кешені мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету шараларын ұсыну ережелері» жобасына енгізу туралы ұсыныстар аталған ережелердің ҚР «Ауылшаруашылығы кешенін және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңын іске асыру үшін әзерленгеніне байланысты ескерілген жоқ.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта ҚР Премьер-Министрі орынбасарының тапсырмасына сәйкес Министрлік ҚР қоғамдық денсаулық сақтауды дамытудың болашақ бағыттарын қарастырып жатыр. Көрсетілген бағыттардың бірі салалар бойынша мамандарды бекіту үшін қажетті шаралар қарастырылатын медицина кадрларына әлеуметтік қолдау көрсететін арнайы ведомствоаралық Бағдарламаларды құру болып табылады ведомстволық балабақшалары, іс-сауықтыру орталықтары және т.б. бар заманауи қызметтік жатақханалар салу:
Осы бағдарламаны енгізу саланы кадрлық қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін қажет, сонымен қатар оны дайындау жергілікті және республикалық деңгейде іс-шараларды қаржыландыру механизмдерін құруды талап етеді.
166.
Медицина қызметкерлерінің коғамдағы мәртебесі мен беделін көтеру бойынша шаралар қабылдау
ДСӘДМ
БҰДЖ негізгі міндеттерінің бірі персоналды уәждеу деңгейін одан әрі арттыру болып табылады. Стационар деңгейінде еңбекке сараланған ақы төлеу енгізілді, оның негізгі критерийлерінің бірі көрсетілетін медициналық қызметтің сапасына халықтың қанағаттануы және дәрігердің өз жұмысының түпкі нәтижесіне бағдарлануы болып табылады. Бұл «уәжделген қызметкер және қанағаттанған пациент» өзара қарым-қатынас моделін жасайды.
МСАК қызметкерлері үшін жан басына шыққандағы нормативке ынталандырушы компонент енгізілді, ол түпкі нәтижелерге қол жеткізу бойынша төленеді және денсаулық сақтау жүйесінің негізгі көрсеткіштерін (ана өлім-жітімінің, бала өлім-жітімінің болмауы, туберкулезді және онкологиялық патологияны ерте анықтау) жақсартуды қамтамасыз етеді.
167.
Медициналық ұйымдарды шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар мәртебесіне ауыстыруды қамтамасыз ету
облыстар-дың, Астана және Алматы қалалары-ның әкімдіктері, ДСӘДМ
БҰДЖ-нің барлық қағидалары тек денсаулық сақтау ұйымдарының дамыған менеджменті болған жағдайда ғана кедергісіз іске асырылатыны белгілі, оған қызмет берушінің дербестігі мәртебесінде қол жеткізіледі. Қазір ШЖҚ-дағы денсаулық сақтау кәсіпорындарының жалпы саны 591-дің ішінен (БҰДЖ шеңберінде 479-ді) құрады – 80,2 %.
168.
ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерді берушілердің арасында бәсекелестік ортаны кұру
облыстар-дың, Астана және Алматы қалалары-ның әкімдіктері, ДСӘДМ
Бірыңғай төлеуші жүйесіне енген жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдардың үлес салмағын 2015 жылға қарай 16%-ға дейін арттыру жоспарланған. 2014 жылдың қорытындысы бойынша, Бірыңғай төлеуші жүйесіне енген жеке меншік нысанындағы медициналық ұйымдардың үлес салмағы 34,3 %-ды құрады.
169.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат жөнінде халық арасында жүйелі түсіндіру жұмысын өткізу
облыстар-дың, Астана және Алматы қалалары-ның әкімдіктері, ДСӘДМ
Министрлік Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Медиа-жоспарды бекітті.
Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Министрлік жыл сайын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастырады. Негізгі мақсат – қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай ұлттық саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ету.
Жобаларда ақпараттық сүйемелдеу, оның ішінде, бейне және аудиороликтер өндірісі мен эфирден берілуі қарастырылған.
Ішімдікті шектен тыс пайдалану мәселесі, ана мен бала денсаулығының мәселелері (аборт профилактикасы), репродуктивтік денсаулық (қауіпті белгілер), скринингтер (онкология), отбасын жоспарлау, шылым (қорқор) шегудің профилактикасы, егу жұмыстары, туберкулездің профилактикасы, балалар травматизмі, артық дене салмағы, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, қант диабеті, жастарды психоәлеуметтік қолдау, скринингтер (В және С гепатиттері) бойынша телевизиялық арналарында және радиоларда аудио және бейнероликтер әзірленді.
Бейнероликтерді Алматы және Астана қалаларының әуежайларында (Астана қаласының әуежайында цилиндрлік монитордан, Алматы қаласының әуежайында халықаралық және жергілікті рейстердің ұшу залдарындағы мониторлардан) көрсету жүзеге асырылды.
169-1.
ТМККК-ден тыс қызметтерді алу үшін ерікті медициналық сақтандыруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу
ДСӘДМ
Әлеуметік медициналық сақтандыру енгузіді дайындау жәнәндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде, 2014 әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізуді есепте ала отырып, ерікті медициналық сақтандырудың моделін әзерлеуді (ауру кезендегі сақтандыру) көздейтін тұжырымдаманы әзерлеу басталды.
170.
Электрондық денсаулық сақтау процестерін одан әрі дамытуды қамтамасыз ету
ДСӘДМ
Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау саласын дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) іске асыру мақсатында 2014 жылғы 5 ақпандағы бұйрығымен Жол картасы әзірленіп бекітілді. Жол картасының іс-шаралары 5 негізгі бағытқа бөлінді:
Институционализациялау және әлеуетті арттыру;
Медициналық ұйымдарды сыртқы ақпараттық жүйелерді іске асыруға ынталандыру және электрондық денсаулық сақтау нарығын дамыту;
ҚР электрондық денсаулық сақтаудың стандарттарын және реттейтін дерекқорын дамыту;
Электрондық денсаулық сақтаудың орталықтандырылған ақпараттық жүйелерін әзірлеу және енгізу;
Электрондық денсаулық сақтаудың АТ-инфрақұрылымдарын қалыптастыру.
Бірінші бағыттың шеңберінде Тұжырымдаманы іске асыру үшін барлық қажетті институционалдық құрылымдар қалыптастырылды.
2013-2014 жылдар ішінде электрондық денсаулық сақтау мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені (Қанада, Ұлыбритания) зерделеуді ұйымдастыруды, халықаралық конференцияларға («Электрондық денсаулық сақтау аптасы», «Медициналық және биоинформатика») қатысуды қамтамасыз етуді қоса алғанда, қазақстандық мамандардың әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыс жүргізілді. РЭДСО мамандары үшін жобаларды басқару, АТ-сәулеті мен АТ-талдау мәселелері бойынша жұмыс орнында оқыту курстары ұйымдастырылды.