© Қарағанды мемлекеттік медицина университеті,2012ж
Қысқартылған сөздер тізімі
АҚ – артериялық қысым
АҚЖ – асқорыту жолдары
БҰҰ- біріккен ұлттар ұйымы
ЖИА- жүректің ишемиялық ауруы
ЖҚЖ – жүрек қан тамыр жүйесі
ЖБЖ - жедел бүйрек жеткіліксіздігі
ГПЛ – гиперлипопротеинемия
ӨСОА – өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
УКС- ультракүлгін сәулесі
Кіріспе
Соңғы 160 жылда өмір сүру ұзақтығы экономикалық дамыған елдерде жылына 3 айға ұлғайды. БҰҰ деректері бойынша 2025 жылы 60 жастан асқан азаматтар саны 1 млрд-тан асады. Дамыған елдерде өмір сүру ұзақтығы 80 жасқа жетті. Біздің елде қарт адамдардың саны5%құрайды.
Геронтология (грекше. geron, geront(os) – қарт+logos оқу) – тірі жандар-дың, адамдардың қартаю қағидаларын, қарттық кезеңді зерттейтін ғылым. Алғаш рет бұл термин 1903 жылы И. И. Мечникпен ұсынылған болатын. «Оптимизм этюдтарында» Илья Ильич кәрілікті зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы барын атап өткен.
Қазіргі заман геронтологиясы – қартаю биологиясы, клиникалық герон-тология (гериатрия), геронтопсихология мен әлеуметтік геронтологияны (герогигиена) қамтитатын пән аралық ғылым. «Гериатрия» терминін 1909 жылы американдық дәрігер И. Л. Нашер енгізген болатын. Ол АҚШ -та1914 жылы «Гериатрия: қарттық аурулар мен олардың емі» атты алғашқы кітапты жарыққа шығарған. Қартаю биологиясының міндеттері – ағзалар мен популяциялардың алғашқы қартаю механизмдері мен өмір ұзақтығын анықтайтын факторларды іздестіру. Қартаю биологиясын зерттеу – түрлі жануарларды эксперименталды зерттеу мен адам өмірінің түрлі кезеңдерінде клиникалық талдамалар жүргізугебағытталған.
Қазіргі заман медицинасының динамикалық дамыған саласы – клиника-лық геронтологияның (гериатрии) міндеті – қарт адамның физиологиялық және патофизиологиялық ерекшеліктерін, патологиялық үрдістердің өтуі мен оларды емдеу тәсілдерін анықтау. Геронтопсихология міндеті – қарт адам-дардың жүйке жүйесі мен әдет-қылықтарын зерттеу. Геронтопсихологияның маңызды саласы – түрлі тірі жандылардың жастық әдет-қылықтарын зерттей-тін әдет-қылық геронтологиясы болып табылады. Әлеуметтік гигиенаның міндеті (герогигиена) – өмір сүру жағдайлары мен қоршаған ортаның қартаю мен адамның өмір сүру ұзақтығына әсерін анықтау.
Валенсиялық геронтологиялық форумда қабылданып, 2002 жылы қартаю бойынша БҰҰ әлемдік ассамблеясында бекітілген 21 ғасырдағы қартаюды зерттеуге бағытталған БҰҰ бағдарламасы – қартаюдың түбегейлі механизмдері мен қартаю факторларын түсінуге бағытталған биомедици-налық қағидаларға үлкен мән бөлген.
Қартаю мен оның дамуындағы қосалқы аурулар негізінде жатқан меха-низмдерді түсіну қажеттілігі де айтылған. Осының негізінде қарт адамдарға тән ауруларды нәтижелі емдеу мен алдын алу стратегиясы оайластырылу қажет. ЖИА, инсульт, төменгі тыныс жолдарының инфекциясы мен пневмо-ния, өкпе рагі сияқты ауруларды алдын-алу, талдау тобының деректері бойынша өмір сүру ұзақтығын 9,3 жылға ұлғаюына алып келуі мүмкін (дамыған елдерде жылына4,4, экономикасы барынша дамыған елдерде жылына16,1).
Бүгінде, қазіргі заманда алдын-алу медицинасының кейінгі үрдісі денсаулық сақтау мен өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға қарасты талпынысты әдіс-тәсілдердің қолданылуынсыз мүмкін емес келеді. Жаппай индустриали-зациялау, урбанизация мен дамып келе жатқан қоршаған ортаның ластануы жағдайында осы факторлардың ағзаға кері әсер етуінің аз ғана әлсізденуіне үміттене аламыз. Нәтижелі өзгерістердің болуы маңызды ғылыми-техни-калық мәслелердің шешілуі мен экономикалық шығындарды қажет етеді. БҰҰ талдаушыларының 21 ғасырдағы қартаю мәселелерін зерттеу бойынша ғылыми бағдарламасының негізгі қағидасы ретінде дені сау болып қартаю концепциясын орындауда – адамның өмір сүру стиліндегі өзгерістер аса маңызды. Мысалы: диеталық әдеттер, жыныстық өмірдің басталу уақыты, алкоголь мен темекіден бас тарту уақыты және т.б. рак ауруымен науқастануды алдын алуда маңызды болып, өмір сүруді ұзартуға әсерін тигізуі ықтимал. Дегенмен, жастық гормоналды-метаболитикалық өзгеріс-терді қалыпқа келтіретін, генетикалық қартаю бағдарламасын кідіртетін жағдайларды қолдану – геропротекторлы әсер етіп, ісіктердің дамуын алдын-алатын нәтижеге алып келеді. Мұндай әсерлердің ең басыңқысы – Бүршіктектес бездің эпиталамин мен эпиталон, сондай-ақ ас-тағамдардың калориялылығын шектейтін құрамдас заттар (мысалға, антидиабеттік бигуанидтер, қант алмастырғыш, анорексанттар) – қазіргі замандағы қоршаған ортаның қауіпті әсері де ағзадағы жағымсыз өзгерістер мен алдын-ала қартаюды болдырмауы ықтимал. Геропротекторлардың құрамына (Е, С) дәрумендері, микроэлементер (Zn, Se), биогенді стимуляторлар (плацента препараттары), адаптогендер (элеутеракокк, көк шай), липотропты заттар (статиндер, фибраттар), нейротроптты заттар, цитомединдер классының пептидті биорегуляторлары, сүйек миының клеткалары.
Сонымен, қазіргі медицина – қартаю үрдісін тежетіп, адамның өмір сүру ұзақтығын генетикалық детерминирленген шекке дейін (110–120ж) ұзартуға мүмкіндік беретін гериатрлық құралдардың арсеналын қамдап отыр.
Аурухана мен қарттар үйіндегі күнделікті жұмыс тәжірибесінің нәтижесі бойынша қарттық кезеңде ауруды емдеп-жазу аса қиын әрі нәтижелі емге қол жеткізу үнемі мүмкін бола бермейтіндігін көрсетті.
Қарт адамдардағы сүйек сыну немесе респираторлы аурулардың өршуі төсектік тәртіп пен сананың тежелуіне алып келетінін көрсетті. Сондықтан да, геронтология мен гериатрия жіті дами бастады.
Сондай ақ, күтім бойынша сақтандыруды енгізу – қарт адамдарға күтім көрсету ұғымына реабилитациялық мән берді. Геронтологиялық реабилита-ция – адамның өзі мен оның қоршаған ортасына бағытталып, медициналық диагноз бен емдеуді қамтиды, физикалық, психикалық және әлеуметтік ресурстарды қолданады,тұрмыстық деңгейде ауруды жойып, оның алдын- алуға көмектеседі, мақсат-мүдделерін жақсартуға бағытталып, бейімделу қызметін қолдайды, компенсациялық қызметті атқаруға көмектеседі, сұхбат-тасу, қосалқы құралдарды танып-білу, мұндай шектеулер және науқастармен қалай өмір сүру қажеттілігін оқытады, алдын-алу шараларын қолданады, туысқандармен сұхбат жүргізуді білдіреді, геронтологиялық науқастарға тәуелсіз өмір сүруді үйретеді, дәрігерлік, мейірбикелік, санитарлық және әлеуметтік шараларды бірігуін білдіреді, бірнеше мамандардың тобымен жүргізіледі, амбулаторлық, жартылай стационарлық және стационарлық жағдайда жүргізіледі, реабилитация үрдісіне арналған мақсатты жоспар бойынша жүзеге асады, жеке тіл табысу мен мультидисциплинарды топтың ұжымдық шешімін қолданады.
Геронтологиялық реабилитацияның маңызы:
Пациентті оның жекелеген қоршаған ортасымен бірге тұтас тәуелсіз тұлға ретінде қабылдау;
Пациент және оның туған-туыстарымен бірге науқасты күту мәселелерін ойластырып, жеке шешімдерді қабылдау;
Геронтологиялық реабилитация адамға қауіп төніп, шарасыздығын білдірген кезде ғана релевантты;
Геронтологиялық реабилитация қарт, науқас адамдарғы қорғап, мүгедектерді дискримингациядан сақтап, шарасыздық, жалғыздық, әлеуметтен алшақтанудан аман алып қалуы қажет;
Геронтологиялық реабилитация жалпы талдау үшін ай сайын жиналатын көптеген мамандардың командасында мүмкін болады.;
Түрлі ұйымдарды құрған маңызды (аурухана, отбасылық дәрігерлер, амбулаторлық күтім, қарттар үйі мен қаттарды күту орындары, қысқа мерзімді күтім орындары); себебі осы мекемелерді дұрыс қолдану үшін пациентке жекелеген күтім мен мамандардың командасымен келісілген шешімдерді қолдану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |